1) Туған айдың реттік номерін 21-ге арттыр, шыққан санды 16-ға кеміт, шыққан санды 5-ке кеміт. Нәтежиесі бойынша туған айды айтуға болады. Мысал : туған ай қыркүйек болса, онда реті 9-ды 21-ге арттыру керек.
(9 + 21 =30), оны 16-ға кеміту (30-16 =14) керек. Алынған нәтежиені 5-ке кемітіп, ( 14-5 = 9), яғни қыркүйек айы екенін айтып беру керек.
2) Туған күнге 20-ны қосып, шыққан санна 17-ні азайту керек. Алынған нәтежиені 3-ке кемітсе, туған күн шығады. Мысалы, 27 наурыз, 27+20 = 47,
47-17=30, 30-3 =27
3) Бір сан ойла. Оған 15-ті қосып, шыққан санды 13-ке кеміт. Нәтежиесін айтқызып, оны 2-ге кеміт. Шыққан сан ойлаған сан болады. Мысалы:
6+15 = 21, 21-13 = 8, 8 – 2 = 6
4) Әркім өзінше 1 сан ойлап, оған 5 қоссын. Одан ойлаған санын алып
тастасын. Сонда нәтижесінде 5 қалады. Мен қалай таптым?
5) Сан ойла. Оны 2 еселеп 5-ті қос, 5-ке көбейт. 10-ды қосып, 10-ға
көбейт. Нәтижең қандай? (нәтижесін табу үшін нәтижеден 350-ді азайту керек)
6) 2 стаканға бірдей су құйдым. Оның біреуін тарелкаға төңкердім.
Қай стакандағы су көп?
7) 6 стакан су тұр. Алдыңғы 3-інде су бар, соңғы 3-уі сусыз. 1 стаканды
қозғау арқылы оларды алма кезек орналастыр.
8) 2 адам тоғыз құмалақты 2 сағат ойнады. Әр адам неше сағат
ойнайды?
9) 2 ондыққа 3 ондықты көбейткенде неше ондық шықты?