Мақсаты:
- Оқушыларға математикалық білім, білік, дағдыларын игерту;
- Шығармашылық қабілеттерін арттыру;
- Зейінін, еске сақтау, байқағыштық, бақылағыштық, қиялдау, танымдық іс – әрекеттерімен өздігінен білім алуға, ізденуге бейімдеу;
- Оқушыларды жоғары сыныптарға дайындау, логикалық ойларын дамыту, шапшаң есептеуге үйрету
Міндеті:
- Оқушының тұлға ретінде қалыптасуына әсер ету;
- Ақыл – ойын және ерік пен сезім белсенділігін арттыру;
- Логикалық ойлау қабңлеттерін арттыру;
- Математикалық тілде сөйлеу машығын қалыптастыру;
- Оқушылардың танымдық қабілетін дамытып, қызығушылығын арттыру
-Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұстанымдылыққа, шыдамдылыққа, адамгершілшік қасиетке, достыққа тәрбиелеу.
Бағдарламаны оқу барысында оқушыларды әртүрлі қызмет түрлеріне белсенді қатыстыру арқылы жүзеге асыру керек. Ол үшін
Тақырыпты пікірсайыс түрінде, эвристикалық әдіс негізінде жоспарлау;
Жеке және топталған жұмыс түрін қолдана отырып, өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмаларды талқылаумен шығарту;
Бөлек тапсырмалардың өзіндік орындалу, оқушыларды іздемпаздық және шығармашылық қызметке қосу, қасиеттер мен олардың дәлелдерін ұғындыру, интуицияны дамытуға мүмкіндік беру.
Жоғарыда көрсетілген мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер қойылады :
оқушының ойын дамыту;
кеңес бере отырып, бағыттап оқыту;
ізденушілік, зерттеушілік жұмыстарын ұйымдастыру;
Оқушылардың ғылыми, техникалық, кәсіпшілік қызығушылықтырын қалыптастыруға жағдай жасау, бейім таңдауда өз тағдырын өзі шешуге мүмкіндік беру;
Оқушылардың стандартты логикалық операцияларды жылдам және дұрыс орындау іскерлігін дамыту.
Салмақты ойластырылған шешім қабылдауға, өзінің және өзгенің ойлау әрекеттері туралы дұрыс пікір білдіре білу, қарсы оппоненттердің ой жүгіртулеріндегі қателерді таба білу.
Курсты оқу барысында күтілетін нәтижелер
Курсты оқу нәтижесінде оқушылар білуі тиісті:
Логика, математикалық терминдер ұғымын,тарихын;
Өлшеуге, қозғалысқа,құюға берілген, әзіл есептерді шығара білуі керек.
Сөзтізбе, ребустар, әзіл есеп, математикалық ертегілер құрастыра білуі керек;
Оқу іс-әрекеттерін өз бетімен жоспарлауды, бақылауды орынды қолдануға үйренеді
Әртүрлі кесте бойынша есеп құрастыруға жаттығады
Шамаларды салыстыра білуге үйренеді
Кез-келген есепті өз көзқарасы бойынша шығаруға дағдыланады
Өз ойын дәлелдей білуге жаттығады
Проблемалық жағдаятты шеше алады
Шығармашылықпен жұмыстана бастайды
Істей алуы тиіс:
мүмкін варианттарды графтар және кестелер арқылы таңдау;
логикалық есептерді шешуде тәсілдерді: берілгендерді салыстыру, схемалар және кестелер арқылы, яғни мүмкін варианттарды таңдау;
алған білімдерін практикалық есептерді шығаруда пайдалана білу.
Әр сабақ келесідей бөлімдерден тұрады:
• Бағдарлама мазмұны (теориялық мазмұндама);
• Математикалық өлеңдер;
• Практикалық есептер;
• Дидактикалық есептер.
Оқу жылының соңында «Математика әлемінде» қорытынды сабағы өткізіледі.
«Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолдары» бағдарламасы тапсырманы әр түрлі тәсілдермен шешуге, логикалық ойлауға, оның тереңдігі мен икемділігін қарқынды дамытуға ықпал етеді. Әртүрлі жолдармен есеп шығарудың негізін әзірлейді, тұлғалық –бағыттық тәсілді жүзеге асыруға ықпал етеді. Түрлі жолдармен есепті шешу оқушының өз бетінше айналысуына қосымша мүмкіндік туғызады, күнделікті өмірдегі кездейсоқ жағдаяттардан жол табу қабілеттерінің дамуын қалыптастыратын әрекеттерді дамыту бағытын ұстанады.
Достарыңызбен бөлісу: |