Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов


§7. АКСИОЛОГИЯДАҒЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ. ЭСТЕТИКАЛЫҚ ПЕН ЭСТЕТИЗМ



Pdf көрінісі
бет13/127
Дата11.11.2022
өлшемі2,47 Mb.
#49556
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   127
Байланысты:
• «¨§¥¢ ‚. ’¥®à¨ï «¨â¥à âăàë ­ ª § å᪮¬ ï§ëª¥

§7. АКСИОЛОГИЯДАҒЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ. ЭСТЕТИКАЛЫҚ ПЕН ЭСТЕТИЗМ 
Аксиология (көне гр.axios – құнды) – құндылықтар туралы ілім. Құндылық термині 
гуманитарлық ғылымдарда неміс ойшылы Р.Г.Лотценің философиялық трактаттары 
(1860-шы жылдардағы) және неокантшлардың еңбектері (ХХ ғ.басындағы) арқасында 
орнықты. Отандық философияда Н.О.Лосскийдің «Құндылық пен болмыс» еңбегінде 
жарқын айшықталған. Бірақ та, құндылық ұғымы аксиология өз іргесін жайғанға дейін 
антика дәуірінен бастап agatos (игілік) түрінде көрініс берді. 
Құндылық жағымды мәніндегі жеке заттардың, әлеуметтік-мәдени феномендердің және 
болмыстың ойға алынатын және елестетілетін универсумы түрінде айқындалуы мүмкін. 
Н.О.Лосский: «Адамға қатысты нәрсенің бәрін не бірыңғай жағымды, не бірыңғай 
жағымсыз деп бағалауға болады. Сондықтан, құндылық дегеніміз – бұл барына қатысты 
болып, дендеп еніп, тұтас әлемінің, жеке тұлғаның, оның әр ісінің мәнісін анықтаушы»,-
деген ой айтады. 
Аксиосфера деп аталатын құндылықтар әлемі, бай да, алуан текті. Аксиосфера 
орталығын адамдардың рухани өміріне бағдар ұстайтын онтологиялық немесе жоғары 


21 
құндылықтар құрайды. Ең алдымен, ақиқат дегеніміз – танымның абсолютті мақсаты, 
қайырымдылық – имандылықтың тіні, әдемілік – ілкі эстетикалық санаттама тап осындай 
болып келеді. Осы қатарға махаббат пен ізгілікті, сенім, еркіндік, әділеттік, тұлғаны 
қосуға әбден болады. Онтологиялық құндылық жеке адам мен қауымдастық үшін бағдар 
болып табылады. Осы орайда, Б.П.Вышеславцеваның «құндылық рөл емес, компас» 
дегені тауып айтылған сөз. Онтологиялық құндылыққа бағдар ұстану адамдардың өзін-өзі 
айқындаудағы рухани-амаляттық жақтан түрткі болып, кейде олардың алдына күрмеуі 
қиын мәселелерді тартады, осы турасында өзінің кейінгі еңбектерінің бірінде
Н.А.Бердяев: «Азаттық жолында адам өз махаббатын... әлеуметтік әділеттілік үшін 
азаттығын... аяныш үшін ғылыми танылуын құрбандыққа шалуы мүмкін» деп сөз етеді. 
Жоғарғы құндылық қатарында кейбірде виталды құндылық енеді. Транстарихи мәдени 
формалар: мифология, дін, философия, ғылым; еңбек дағды-машығы және дем алу 
амалдары т.с.с. аксиосфераның ажырамас бөлігі болып табылады. 
Біз сөз еткен құндылық тектері әмбебап болып табылады. Сонымен бірге, бұдан өзге 
жеке адамдар мен қауымдастық үшін қадірлі де, қастерлі болып табылатын жекеленген 
(локалды) құндылықтар да бар. Бұған жеке адамдар тобы үшін ерекше болып табылатын 
тарихи оқиғалар мен тұлғаларды; философиялық, діни, көркем мәтіндерді т.с.с. жатқызуға 
болады. 
Эстетикалық онтологиялық құндылықтармен бір қатарда тұрғандықтан біз енді осы 
жағына тоқталатын боламыз. Құндылық туралы түсінік тарихи жағынан өзгермелі. Түрлі 
дәуір, халық және аймақ адамдарының санасында өзіндік ерекшелікке ие. Еуропа 
антикасы кезінде ең басты құндылық әсемдік, ақиқат; орта ғасыр христиандығында әулие 
Павл орнықтырған «Сенім, Үміт, Махаббат» деп саналса, Қайта Өрлеу дәуірінде виталды 
құндылықтар (сәттілік, дене, жан) зор мәртебеге ие болды.
ХVІІ-ХVІІІ ғғ. рационализм дәуірінде Парасат ең жоғарғы құндылық деп саналды. Ал, 
антирационалистік ницшелік ұғым билік бәрінен жоғары құндылық деп есептелген кезде 
бұрынғы құндылықтар жоққа шығарылды. Ницшемен пікірталасқа түскен Вл.Соловьев 
өзінің үшемі махаббат, әдемілік және азаттықты ұсынды. ХХ ғасырда Бердяевша, 
«Жоғарғы құндылық» деп танылған тұлға жоғары аксиологиялық мәртебе ие болды.
ХХ ғасырдың аксиологиялық жағдайына Ницшенің «барлық құндылықтарды қайыра 
бағалау» туралы тезисі қатты әсер етті. Ол ізгілік, әсемдік және ақиқат туралы әмбебап 
рухани бағдарларды жоққа шығарып, оған аристократиялық азшылықтың виталды 
құндылықтарын қарсы қойды.
Өзінің дулы тұстарына қарамай, Ницше аксиологиясы көп жағдайда ХХ ғасырдың 
гуманитарлық ойының логикалық дамуына жауап берді. «Барлық құндылықтарды қайыра 
бағалау» тәжірибесіне сүйенген, сонымен бірге оған өзгерістер мен түзетулер енігзген 
бірқатар ойшылдар «өмір философиясына» бет бұрып, инстинк, интуиция сияқты ұғым-
түсініктерді жасап шықты. Бәрінен оза шапқан Бергсон болды. Француз философы өзінің 
интеллектуалды құрылымының орталығына барлығының: табиғат, қоғам, адам өмір сүруі 
мен дамуының түрткісі болатын «өмірлік талпыныс» (elan bital) ұғымын қойды 
(«Шығармашылық эволюциясы» трактаты 1907 жыл). Осы ыңғайда Шелер Ницшені 
түзете отырып, өзінің дербес иерархиялық аксиологиялық ұғымдары негізінде әмбебап 
құндылықтар аясына «тең құқылы» рух пен құштарлықты енгізді.
Аксиологиялық қарама-қарсылық біздің ғасырымызға да тән, оларды көкке көтере 
дәріптеп, адамзаттың тарихи ғұмырының нышан-белгісі деп санауға еш болмайды. 
Жалпыболмыстық құндылықтар өзінің мәнісі жағынан бірін-бірі толықтырып, бір-бірімен 
туысып отырады. Олардың жиынтығы антогонизм емес, өз кезегінде симфониялық бірлік 
болып табылады. Осы бірліктің маңызды қырларының бірі болып, көне гректер 
калокагатий деп атаған, орта ғасырларда өзектенген «эстетикалық пен этикалықтың» 
құндылықты диадасы табылады. 


22 
Құндылықтар қатарындағы эстетикалықтың орны, оның ішінде этикалықпен 
(имандылықпен) қатынасы түрлінше ұғынылды, әрі ұғынылуда. XIX ғ. басындағы 
Германия ойшылдары эстетикалық құндылықты бәрінен жоғары қойды. Ф. Шиллердің 
ұйғаруынша, тек адам табиғатының эстетикалық ауаны тазалық пен тікелейлікте бой 
көрсетеді. А. Ф. Шеллинг "жақсылық – әдемілік емес, тіпті абсолюттік жақсылық та 
емес"[59] деп ой өрбітеді. Бұдан кейін осындай лепесті ойларды ірі орыс қаламгерлері де 
айтты. Ф.М. Достоевскийдің "Нақұрыс" романындағы кінәз Мышкин «Сұлулық – әлемді 
құтқарады» деп ой толғайды. Эстетикалық құндылықтарды қалғандарынан асқақтата 
жоғары қоюшылық эстетизм деп аталады.
Өзіне имандылықты серік еткен "шиллерлік" эстетикалық марапа өзіне адамгершілікті 
таңдап алса, XIX ғ. соңында (XX ғ. тіптен) эстетикалық құндылықтардың: борышқа деген 
жауапкершілік, өжеттік мен жақсылық идеяларына зұлым шайтанилықты қарсы қоятын 
эстетизм қалыптасты. Тап осындай мотивтер Ш. Бодлердің "Зұлымдықтың түсі" (атына 
заты сай) кітабында бой көрсетті. Ақынның әдімілікке қатысты ой толғауы төмендегіше:
Будь ты дитя небес иль порожденье ада,
Будь ты чудовище иль чистая мечта,
В тебе безвестная, ужасная отрада!
Ты отверзаешь нам к безбрежности врата.
Ты Бог иль Сатана? Ты ангел иль Сирена?
Не все ль равно: лишь ты, царица Красота,
Освобождаешь мир от тягостного плена,
Шлешь благовония и звуки и цвета!
("Гимн красоте", пер. Эллиса)
Эстетизм Ф. Ницшеде айқын көрініс тапты, «ғаламының тіршілігі эстетикалық
феноменмен бағаланады» [60],-деп тұжырымдап, өз күшіне дүрдиген, ешкіммен 
санаспайтын адам идеалын жария етті. Осы тақылеттес эстетизм О. Уайльдың " Дориан 
Грейдің портреті" хикаятында жарқын көркемдікпен (өте сыни тұрғыда) көрініс тапты. 
Ницшелік ұғынылымдағы эстетизм ХХ ғ. көркем мәдениетіне ықпал етуімен қатар, 
байыпты және орынды сын садағына ілікті. Осылайша, Т. Манның сөзімен айтсақ, 
"эстетизм мен жабайлық арасындағы байланыстың <...> әлдебір жақындастығы 
байқалады"[61]. 
Басқа құндылықтарды тәрк етуші басқыншы эстетизм өте жиі не болашақтың 
утопиялық марапасымен не болмаса, көпшіліктің қалыпты өміріне мысқалдай қарайтын 
элитарлық оқшауланушылықпен байланысты болып келеді. Осы тектес болмысқа қатынас
эстетикалық сезімнің дөкірленуіне, әлсіреуіне тікелей бастап алып келіп, әдемілікті 
тұтындаудағы асып төгілушілікке ұшыратады. Эстеикалық хал кешудің соңына үздіксіз 
індете түсу өмірді әрсіздік пен мәнсіздікке айналдырады. С. Киркегордың пікірінше: 
"кімде кім өмірдің этикалық жолын саналы түрде тәрк етіп барып, эстетикалықты қаласа, 
ол ендігі жерде эстетикалықпен тіршілік ете алмайды"[62]. Әлбетте, эстетизм соқпағына 
түсу кейбірде суреткерлер үшін рухани драмаға, тіпті трагедияға айналды, біздің 
ғасырдың алғашқы он жылдықтарына тән, оның айшықталуы Т. Маннның "Доктор 
Фаустус" романында көрініс тапты. 
Соңғы он жылдықтарда трагедиялық пафостан ада және күш культінен азат өзгеше 
эстетизм формасы өзін танытты. Ол кейігмодернистік* сезімталдық деп аталады. Әлдебір 
мағыналық бағдар ұстануға орын жоқ әлемді хаос деп сезініп, бұл арада «метафоралық 
эссеистикаға» ирония орын алған фантастика мен пародиялауға бейім, өзінің аморфтық, 
белгісіздік, жұмбақтылығымен ләззат сыйлауға шақыруы арқылы жүзеге асырады[63]. 
Эстетизм, көріп отырғанымыздай, көп бейнелі[64].
Керек етпейтін шетін қарама-қарсы сипаттағы антиэстетизм өмірге келді. Мәсіхшіл 
сананы ойрандаған эстетикалық құндылықтардан сырт айналған кез келген 


23 
байбатшалыққа мәжусилікпен бас шұлғушылықпен аяусыз қақтығысқа түсумен 
байланысты[65]. Бізге жақын кезеңде ол ғылыми сананың марапасы (осыған байланысты 
Д.И. Писарев "Эстетиканың талқандалуы", сондай-ақ Тургеневтің Базаровының өнер 
туралы тіл безегенін еске алсақ жеткілікті, не болмаса, кейінгі Толстойдың «Өнер деген 
не?» трактатында жазылған: «Әдемілік ұғымының қайырымдылықпен сорпасы 
қосылмайды, тіпті оған қарама-қарсы <...> Біз әдемілікке қаншалықты ден қойсақ, 
соншалықты қайырымдылықтан алыстай түсеміз» [66] дегендей этикалық құндылықтарды 
қызғыштай қорғаушылық үстемдік етеді. Осындай эстетикалыққа секемшіл-сезіктілікпен 
қарау А.П. Чехов тарапынан (егер иектегі қыл қыбырдан кедейлерге арналған жастық 
жасалатын болса, онда сақал қойғаның адамгершілікке еш жатпайды) деп пародияланған 
болатын. Осының бәрін қарамай антиэстетизм бір жақты және шикілеу, кейбір жағдайда 
адами әлсіздікке де орын береді. И. И. Виноградовтың сөзінше: «эстетикаға қарсы 
адамгершіліктің шармақшылдық жорығы*» «бір шаңырақ астындағы әдемілік пен 
зұлымдықтың» заңды нәтижесі болып табылады[67].
Егерде XIX ғ. антиэстетизміне әлдебір ізгілікті құрбандық тән болып келсе, ал біздің 
жүз жылдығымызда (әсіресе 20-40 жж) эстетикалыққа деген сенімсіздік кең етек алып
эстетикалық ұғымына мәдениетті идеологияға айналдыру ауанындағы жартылай тыйым 
салынып, рахымсыз, жансыз, мәжбүрлеуші сипатқа ие болып, тек 1950 ж. «жылымық» 
кезінде қоғам санасында қайыра туды.
XX ғ. басында эстетизм мен антиэстетизмнің шетіндігін еңсеру тәжірибелері бой 
көрсетті. Осылайша, С.Н. Булгаков эстетикалық эмоцияға үлкен мән беріп ("әдеміліктің 
арқасында адамға қанат бітіп, ол өзін материя түйіршігі немесе екі аяқты маймыл емес, 
шексіз рухты, абсолютті және тәңірлікпен нәрленуші ретінде сенеді"), басқа 
құндылықтарға пысқырып та қарамайтын эстетикалық культіктен (марападан) қауіпті 
«эстетикалық қабылдауы бәсең: ол ерікті, ерік-жігер қайсарлығын талап етпейді, ол бізге 
тегін беріледі, ал, тегін берілген нәрсе бізді «аярландыруға» қабілетті[68]. Осыған ұқсас 
ойды М.М. Бахтинде айтты. Ол "эстетикалық аян" қисынды да қажетті, «себебі бір ғана 
жұмақты философиялық аянмен аңдау болуға талпынбайды» деп атап өтті[69]. Осылайша, 
мәдениет саласына (қазіргі заманды қоса алғанда) адам санасы мен іс-әрекетінің барлық 
басқа (танымдық, этикалық, өмірлік-амаляттық) жақтарының (сапа мен оның қалыптары) 
арасындағы бейбіт қатар әрекеттестік пен сәйкесімдік тән нәрсе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет