Əйтпесе (олай етпесе), əйтпегенде (олай етпегенде) жалғаулықтары арқылы құрылған қарсылықтық салалас сөйлемдер мынандай нақты қа- тынастарды білдіреді.
Бірінші компонент болған, болатын оқиғаны, іс-əрекетті хабарлайды, екінші компонент осы оқиға, іс-əрекет болмаған жағдайда туатын ситуа- цияны, жағдайды хабарлайды.
Кеңтоғайдан олар салт атқа мінді, əйтпесе егістік даланы өрмекші- ніңауындайсызыпаққанарықтарданмашинажетеалмайтынеді(С. Мұқанов). Өткенжылдарымайдəріденқашқанөзіңіз,əйтпегендетөл мұнан да көп болар еді (Ғ. Сланов).
Осындай қатынаста құрылған сөйлемдердің жұмсалу мақсаты бар. а) Кезіндегі ұшыраған ситуацияны мол көрсету.
ə) Бірінші компонент атаған негізгі оқиғаның, істің дұрыс болғанын дəлелдеу.
Кейбір құрмалас сөйлемдердің мағынасында осы соңғы мақсат үстем болады. Сондықтан екінші компонент бірінші компонент болжам ретінде ха-
барлаған пікірге дəлел ретінде қатысады.
Хаткелмегенболды,əйтпесеендігібірсоқсакерекеді(М. Иманжанов).
Бригадиркеңседежоқболды,əйтпесеатыбайлаулытұрареді (М. Тиесов).
Əйтпесе байланыстырған компоненттердің соңғы позициядағысы субъектіге, объектіге тəн негізгі сипатты хабарлайды да, ілгергісі кем, олқы жерін (жағдайын) хабарлайды.
Бұтасы кемдеу, əйтпесе кəдімгі шалғын бетеге (Ғ. Мұстафин). Анаң бұрынғыдайемес,қартайдым,екітізембастырмайды,əйтпесесарайым сау, тісім бүтін (О. Бөкеев).
Əйтпесе құрған бұл типті құрмалас сөйлемдер бірақ құратын осы ма- ғыналас сөйлемдерге конверсиялық вариант болып жұмсалады.
Салыстырыңыз: Бұтасы кемдеу, əйтпесе кəдімгі шалғын бетеге – Кə- дімгі шалғын бетеге, бірақ бұтасы кемдеу.