Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Д



бет16/63
Дата16.09.2022
өлшемі229,89 Kb.
#39259
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   63
Сонда да, онда да жалғаулықтары ұйымдастырған құрмалас сөйлемдер


Сонда да, онда да қарсылықтық қатынасты экспрессивті етіп көрсету үшін жұмсалады.
Бұл екі жалғаулық білдіретін қарсылықтық қатынастың сипаты бөлек- бөлек.
Сонда да құрған құрмалас сөйлемнің компоненттері мынандай қарсы- лықтық қатынасты білдіреді.
а) Бірінші компонент болған, болатын бір оқиғаны, болжамды хабар- лайды.
ə) Екінші компонент бірінші компонент хабарлаған оқиға, болжамның райына қарамай жүзеге асқан оқиғаны хабарлайды.
Қасиетті адамдар жоқ деседі, сонда да, я менің ойымша, Əсия жұртқа сол əулиенің өзі болады (Ш. Айтматов).
Туысқан ағайын аузы біріксе, алысқа шығып жүрген Айдын, əншейіндегі мықтылық ру шебінің ішінде бос сөз екеніне сонда көзі жетті, сонда да
«бермеймін, көнбеймін» деді (М. Əуезов).
Сонда да экспрессивтік мағына қосу үшін бірақ жалғаулығымен қатар жұмсала береді.
Екі мың метр биіктіктен парашютсыз түсіпті, бірақ сонда да тірі қалған (Ə. Əбішев).
Онда да жалғаулығы ұйымдастыратын құрмалас сөйлемнің компо- ненттері мына сипаттағы қарсылықтық қатынасты білдіреді.
а) Бірінші компонент бір оқиғаның шектеулі мөлшерде іске асқанын, көрінгенін хабарлайды.
ə) Екінші компонент ол оқиғаның қосымша шектелісі бар екенін хабарлайды. Осы қауырт жұмыста Байжан Гүлнармен анда-санда бірақ кездесті, онда да кешқұрым ғана (С. Мұқанов). Ділда Абайды бетін ашпай сығалап қана қалған еді, онда да бір сəт қана көрген (М. Əуезов). Қызымды жұмыс- қа сақманшыға қиналып жібердім, онда да бригадир өтінген соң (А. Нұрманов). Жалғаулық құрған құрмалас сөйлемнің эмоционалдығы оқиғаның шек-
телуін екі дүркін етіп, күшейтіп беруінде.
Бұл құрылымда екінші компонент көбіне толымсыз болып қатысады.
Сонда да, онда да сілтеу есімдіктердің (сол, ол) анафористік қызметте жұмсалуынан дамыған. Септік жалғаулы есімдіктер демеулікпен бірігіп (со-нда+да, о-нда да) екінші компоненттегі оқиғаны бірінші компоненттегі оқиғаға сілтеу арқылы байланыстырған. Сілтеу есімдіктер негізінен жеке затқа сілтеп, соны білдіру үшін жұмсалады. Жалғаулыққа сонда да, онда да конденсациялық (мағынасын нығыздау) арқылы ауысқан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет