Байланысты: Қазіргі қазақ тліі, құрмалас сөйлемдер жүйесі
Сабақтас құрмалас сөйлемдерді, олардың бағыңқы компонентте- рінтанусөйлемдітануғабайланыстықорытындытеорияғасүйенугетиіс. Үстірттеу айтылған бұл тұжырымдаманы26 кейін ауқымды етіп Э.В. Севортян былай деп қорытындылады: «Таким образом, решение во- проса о том признавать или не признавать данное словосочетание пред- ложением, возможно лишь на базе общей теории предложения, а не ска-
зуемого»27.
Сөйлемді айшықтайтын жалпы теорияға сүйенуге тиіс дегеннен, кон- креттесек, мынандай талаптарды ұстанамыз.
Бағыңқы компонент құрамында бастауыш, баяндауышы мүше болуға тиіс.
Бастауыш, баяндауыш мүшелердің арасында предикативтік қатынас болу керек (байланыс міндетті емес). Баяндауыш предикативтік сипаты, істі бастауыш мүше атаған затқа, құбылысқа қатысты етіп, актуалды таны- тып көрсетуге тиіс.
Желжелпіп,қалыңқұрақ сыбдырлады.
Бағыңқының баяндауышы тек бастауышпен предикативтік қатынасқа түсіп қана қоймай, ол өзі мүше болып тұрған құрылымды басыңқы компо- нентке қатыстырып компоненттер аралық (тактистік) байланысты да қам- тамасыз етеді.
Бағыңқы компонент пен басыңқы компоненттің арасына пауза қа- тысып, бөліп тұруға тиіс.
Желжелпіп,//қалыңқұрақ сыбдырлады.
Бағыңқы компоненттің баяндауышының құрамына кірген көмекші сөздер лексикалық даралығынан ажырап абстрактыланып баяндауыштық форма құрамына кіруге тиіс.
Компонент бағыңқы болып көрініп, оның баяндауыш ретіндегі мүшесінің құрамына лексикалық даралығы жоғалмаған сөз кірсе, ол бағыңқы бола ал- майды. Конструкция сабақтас құрмалас қатарына жатпайды.
25 Бұл кеңестің материалдары мына кітапта жарияланды «Вопросы грамматики тюркских язы- ков. Материалы координационного совещания по проблемам глагольного вида и сложноподчинен- ного предложения в тюркских языках». – А., 1958.
26ГаджиеваН.З.Критерий выделения придаточных предложений в тюркских языках. – Вопро- сы грамматики тюркских языков. – А., 1958. – 94-б.
27СевертянЭ.В.О некоторых вопросах сложноподчиненного предложения в тюркских языках.
– Исследованя по сравнительной грамматике тюркских языков, ІІІ синтаксис. – М., 1961. – 123-б.
Қыстүсералдындасалынғанмалқорадөңніңүстінде(С. Мұратбеков). Ысқырыққысқанкүндерідешөптіңисібүкілауылдыманауратады(С. Мұратбеков). Таң атар алдында ғана жатты (Ə. Тарази).
Сабақтас құрмалас сөйлем деп тану үшін, соның қатарына кіру үшін құрылым осы талаптарға сай екшелуге тиіс.
Аталған талаптарға сай екшеліп танылған сабақтас құрмалас сөй- лемдердің грамматикалық-семантикалық түрлері қазақ тіл білімінде ата- лып жүр. Олардың құрылысы кейін талданады.
Қазақ тіл білімі осы критерийлер тұрғысынан қарап, оған сай келмейтін мына құрылымдарды сабақтас құрмалас сөйлемдер қатарынан шығарды.
Жел əкелгенбұлтауыл үстінен өте шықты.
«Баст. з.е. – баян. есімше» болып құрылып анықтауыш бағыңқы ретінде танылып жүрген конструкция сабақтас құрмалас сөйлемдер қатарынан шықты.
а) Желəкелген– паузамен жік түсірмейді.
ə) ол түгел басыңқы сөйлемге қатыспайды, оның бастауышымен ғана байланысқан.
Сұлтанның қарындасын ұзататынын естіген колхоз ұжымы оған екі қой берді. Толықтауыш бағыңқы ретінде танылған Сұлтанның қарын- дасын ұзататынын құрылым қатысқан конструкция сабақтас конструк- ция қатарынан шықты.
а) субъект пен предикат деп танылған тұлғалар матасу арқылы бай- ланысқан – Сұлтанның ұзататынын.
ə) Бұл тіркес басыңқының бір ғана мүшесіне толықтауыш ретінде бай- ланысып тұр.
б) Тіркес пен басыңқы компонент арасында пауза жоқ.
Шөптіңуақытылыкелгенінемалшылар қуанды.
Бұл конструкциядағы шөптің уақытылы келгеніне ілгергі конструк- ция тəрізді талданып, сабақтас құрмалас қатарынан шығарылды.
Бұл екі сөйлемдегі бағыңқы тіркестердегі субъектіні атайтын сөздер ілік септік жалғауын түсіріп жұмсалатыны бар. Бірақ ол – атау септік фор- масына ауысу емес.
Дүниедегіеңтазатамшылартуғанжердіңжапырағындатұрғанына жүрек балдай қуанады (М. Тиесов).
Құрмалас сөйлемдер өзара байланысы бар оқиғаларды, құбылыстарды хабарлайды, күрделі пікірді білдіреді. Компоненттер сол себепті байла- нысқа түседі. Сабақтас құрмалас сөйлемдерде де даму ерекшелігіне, фор- масына қарамастан компоненттер осындай қатынасқа түседі.
Сабақтас құрмаластардың компоненттерінің басыңқыдағы бір сөйлем мүшесіне байланысқан болып тұра алады:
Тамырынасубармай,семіп,қурапбаражатқанағаштыңтүбінесу жіберді (Б. Мұха).
Бұл сөйлемде бағыңқы компонент семіп,қурапбаражатқандеген мү- шелерге грамматикалық байланысқа түскен.
Аттыларқорағатоқтап,жаңбыржауғансоң,үйге кірді.
Бұл сөйлемде бағыңқы компонент кірді деген сөйлем мүшесіне байла- нысып тұр.
Осы сияқты байланыс мына сөйлемде де көрініп тұр.
Алтайдашыбын-шіркейдіңғұмырықысқа:шілдеменкеліп,сүмбілетү- се кетеді, шық түскенше, өрекпіп, шықпен бірге кетеді (Қ. Ысқақов).
Осындай байланысына қарамай бағыңқы компоненттер басыңқы ком- поненттің мазмұнына қатысты болып тұрады, олар бірігіп күрделі пікірді хабарлайды.
Бағыңқы компонент басыңқы компоненттің бір сөйлем мүшесімен форма жағынан бірыңғай болып, функциялық мағыналары ұқсас болған жағдайда да ол басыңқыға өзінше қатысады.
Келемін,апа,көктемде, Жаңбырнұрын төккенде (М. Мақатаев)