Объектілік қатынасты білдіретін іргелес салалас құрмалас сөйлемдер
Іргелес салалас құрмалас сөйлемдердің бұл грамматикалық-семан- тикалық түрінде бір компонент бір оқиғаны, істі хабарлайды, ал екінші компонент оған объект ретінде қатысатын істі, оқиғаны хабарлайды.
Басын көтеріп алғанда көрді: оң жақтан шалдың қойы құлап келеді екен (А. Нұрманов).
Объектіні білдіретін сөйлем бірінші орында тұруы да мүмкін.
Кейінгі он бес жылда азды-көп еңбегім болды, оны өзің білесің
(Қ. Мұхаметжанов).
Объектілік қатынасты білдіретін іргелес салалас сөйлемдер екі түрлі жолмен жасалады.
Бірінші компонент есіту, көру процестеріне байланысты оқиғаларды хабарлайды, сондықтан баяндауыштар ретінде есту, көру, сезу мағыналы етістік сөздер жұмсалады, екінші компонент сол процестерге объект болған оқиғаны хабарлайды.
Балам айтшы: бізді көрсең, сəлем бер деп əкең айтты ма жоқ өздігіңнен істедің бе? (М. Əуезов). Бастарын көтеріп алғанда көрді: оң жақтан шал- дың қойы құлап келеді екен (А. Нұрманов). Естимін: олар көшіп кетіпті. Қойшылар айтты: биыл қасқыр қалың, əрі өшігулі (Б. Тілегенов).
Бірінші сөйлем бір оқиғаны хабарлайды да, екінші сөйлем құрамына оны, соны деген анафористік есімдіктер қатысады. Ол есімдіктер ілгергі сөйлем хабарлаған оқиғаның объектілік қатынасын білдіреді.
Кейінгі он бес жылда азды-көпті еңбегіміз болды, оны өзің білесің
(Қ. Мұхаметжанов).
Кейде анафористік есімдіктер түсіп те қалады: Өзің тіпті өлең жаттағыш екенсің, қайсысы сенікі, қайсысы бөтендік – айыру қиын (Б. Тілегенов). Кім келді, кім кетті – білмедім.
Анафористік есімдік объектілік қатынасын білдіретін іргелес салалас құрмалас сөйлемдер үйірлі толықтауыш мүшелі жай сөйлеммен қызметтес болып тұрады.
Кім келді – білмедім – Кім келгенін білмедім.
Достарыңызбен бөлісу: |