Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Д


Теңдік қатынасты білдіретін іргелес салалас құрмалас сөйлемдер



бет30/63
Дата16.09.2022
өлшемі229,89 Kb.
#39259
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   63

Теңдік қатынасты білдіретін іргелес салалас құрмалас сөйлемдер


Теңдік қатынасты білдіретін іргелес салалас сөйлемдер құрамындағы компоненттерде теңдік мөлшерін көрсетіп селбес мағыналы сөздер қа- тыстырады: қалай.......солай; қанша... сонша; қандай...сондай; Тағы бір құ- рылымдық белгісі – компоненттердің баяндауыштары бірыңғай шақтық формада болады.


Соқаны қалай алды, солай қайтарды. Сіздің үйдегі Мəшке маған қандай жақын, Іскендір де сондай бауырым.
Қанша бердім, сонша қайтарды.
Бұл конструкциялардың баяндауыштары форма жағынан əр түрлі шақтық сипатта келетіні бар: қанша бердім, сонша қайтар. Қанша бердім, сонша қайтарасың.
Аталған конструкциялар субъектілер қатынасқан істің, процестің тең мөлшерде, санда, сипатта болғанын, болатынын хабарлайды. Конструкция адамдардың арасындағы құқықтық, шаруашылық қатынасты білдіру үшін пайда болған.
Тіл іздене, талпына отырып, конструкция мезгілдік қатынасты білдіру қызметіне жетті. Мезгілдік қатынасты білдіретін конструкция қалай.......
солай деген селбес сөздерді қатыстырып құралады.
Тұрарды қалай көрді, солай көңіліне алаң кірді («Жұлдыз»).
Қалай Бақтұғұлдың жылқысын бақтым, солай көзім ашыла баста- ды (Ж. Аймауытов). Үйіне қалай жетті, солай мұрттай ұшты (Ж. Ай- мауытов). Қалай қорғады, май басып, домаланып, желкесі күжірейіп шыға келді (Қ. Сүйеніш).
Теңдік қатынасты білдіретін іргелес салалас сөйлемдер сабақтас құр- малас сөйлемдер жүйесіндегі функциялас конструкциялармен қатар жұм- салады: Соқаны қалай алды, солай апарып қойды – Соқаны қалай алса, солай апарып қойды.
Сабақтастың бұл түрі қазақ тіл білімінде жай-күй, əрекет бірдейлігі, теңдестік барлығын салғастыра көрсететін салыстырма бағыныңқылы

конструкция ретінде аталып жүр23. Бұл салалас, сабақтас конструкциялар функциялас болғанмен, жұмсалуында талғамы бар.


Теңдік қатынасты білдіретін салалас, сабақтас сөйлемдер адамдар арасындағы шаруашылық, құқықтық қарым-қатынасты білдіреді дедік. Солай болғандықтан бұл конструкциялар полемикалы, даулы сөзде жиі жұмсалады. Əсіресе өтеу талап ететін сөзде көп ұшырасады.
Осы жұмсалыс негізінде конструкция өтеу талап ету үшін емес, бұй- рықты, кісіні бір іске қосуды – қатал етіп айту амалы болып та жұмсалатын болды: қалай келсең, солай кел, қалай бітірсең, солай бітір.
Ұқсас құрамда, құрылыста келген мына іргелес салалас сөйлемдер теңдік қатынасты өзгеше мəнде көрсетеді.
Қазанға не салдың, шөмішке сол ілінеді. Кімді айттың, сол келеді.
Сөйлемдер компонентіне селбес сөздер болып «... не ..., ... сол» , «...кім-
сол» қатысып, идентификациялықты білдіріп тұр.
Осы тəрізді мағынаны бастауышы «жедел өткен шақ етістік» – баяндауышы «не (келді не, келмеді не)» типті компоненттер қатысқан іргелес салалас құрмалас конструкциялар да білдіреді.
Осы жерде оқыдым не, үйге əкетіп оқыдым не бəрі бір емес пе! Айт- тым не, айтпадым не – бəрібір өзінше істейді (С. Мағзұмов).
Бұлар – экспрессивті конструкциялар. Оқиғаны жағымсыз əсермен ха- барлайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет