Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Д


Сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық түрлері жəне олардың жасалуы



бет35/63
Дата16.09.2022
өлшемі229,89 Kb.
#39259
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   63
Байланысты:
Қазіргі қазақ тліі, құрмалас сөйлемдер жүйесі

Сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық түрлері жəне олардың жасалуы


Сабақтас құрмалас сөйлемдер грамматикалық құрылымына қарай түр- лерге бөлінеді. Тіл білімі олардың құрылымдық белгісі ретінде конструк- цияны ұйымдастыруға қатысқан грамматикалық амалдарды ескереді.


Сабақтас құрмалас сөйлемді ұйымдастыруға қатысып, оған грамма- тикалық форма беретін амалдар көп. Солардың қатарында басты қызмет атқаратын – бағыныңқының баяндауышының құрамына қатысатын негіз- гі тұлға. Негізгі тұлғалар бағыңқының баяндауышын жасауға жалаң түр- де қатысады (-п, -ып, -іп, -а, -е, -й, -стан, т.б.), сонымен бірге үстеме қо- сымшаларды жалғап қатысатыны (-сам, -саң, -ғанда, -ған соң, -ысымен, т.б.) бар.
Сабақтас құрмалас сөйлемдер осы аталған негізгі грамматикалық тұл- ғалардың қатысуына қарай мына түрлерге бөлінеді.
Етістіктің көсемше формаларының қатысуымен жасалған сабақтас құр- малас сөйлемдер.
Етістіктің есімше формаларының қатысуымен жасалған сабақтас құр- малас сөйлемдер.

Етістіктің шартты рай формасының қатысуымен жасалған сабақтас құрмалас сөйлемдер.


Етістіктің қимыл есім формаларының қатысуымен жасалған сабақтас құрмалас сөйлемдер.
Сабақтас құрмалас сөйлемдердің əр грамматикалық түрі көп мағыналық қатынасты білдіреді. Сабақтастың компоненттерін байланыстыратын грам- матикалық форма бастапқы мағынасын дамытып, қосымша мағынаға ие болып жатады. Осы себептен аталған түрлер мағына, атқаратын қызметі жағынан бірімен-бірі ұласады. Бұл заңды процесс. Ол тілдің орнық- тылығын, икемділігін, сөздің талғау, таңдау потенциалын күшейтеді.

Етістіктің көсемше формаларының қатысуымен жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдер


Сабақтас құрмалас сөйлемдерді ұйымдастыруға етістіктің мына көсем- ше формалары қатысады:


– -п, -ып, -іп, -а, -е, -й;

  • -ғалы, -гелі, -қалы, -келі;

  • -стан, -стен;

  • -майынша, -мейінше.

Бұл формалардың құрмалас сөйлемдерді байланыстыру қызметі олар- дың абстрактылық дəрежесіне, тілдің жүйесіне сіңісу жағдайына байланы- сты көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет