Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет11/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   118
Байланысты:
Шалабай

3-жұмыс.
Жел саябырлап, қар енді қалбаңдамай, біркелкі 
мамырлап түсіп жатты. Күні кеше күн жылы еді. Сол жылу әлі 
бойынан қашпаған бұталар қарды лезде ерітіп, жұтып жіберіп 
жатыр. Оң қол жақтағы жалаңаш жартасқа қар жұқпай, беті 
суланып, қарауытып, қалың ойға кеткендей мелшиіп қалған. Қар 
түскен сайын шөп сыбдырлайды... Қар толастар емес, мая шөбі 
сансыз сыбдырмен сыбызғы тартып, жүрек жылытатын мұңлы 
бір ұзақ күйге ұласты (Ш. Мұртазаев).
4-жұмыс. 
Қас қарая бұлар Шалқар қаласының шетіне ілікті. 
Еламанды дереу дәрігерге апарды... Ертеңіне Еламан кештеу 
оянды... Төсегінің бас жағында орындықта еңгезердей біреу отыр 
екен. Бұл назар аударам дегенше, анау Еламанның оянғанын 
байқап атып түрегелді. Еламан оны осы арада ғана таныды
(Ә. Нұрпейісов).


Бердібай Шалабай
22
5-жұмыс.
Бөлкебайлар қара жолдан бұрылып бір ауылға төніп 
келгенде, ұзынша томардың күнбатыс жақ мүйісіндегі он шақты 
үйдің адамдары біртіндеп өріп тысқа шыға бастады. Ортадағы 
қоңыр төбел үйден төрт-бес жігіт самсап шыға келді. Күнге қарай 
қолымен көзін көлеңкелеп, кемпір-шалдар да бұларды таңсық 
көргендей, қарасып жатыр. Бәрінің де көзі жолдан бұрылған 
арбалыда. Арбалы томарды жағалайтын жіңішке жолға түскен 
де, бірен-саран сақ иттермен қабаттаса бұзау бағып жүрген жас 
балалар алдынан шығып, бірдеме десіп жатты (Б. Майлин).
6-жұмыс. 
Хансұлу үшін қыстың көңілсіз, сұрқай күндері 
басталды. Маңдайынан кісі шертіп көрмеген ерке қыз басына 
түскен жайды сазарып үнсіз көтерді... Кеш болса, Әзберген екеуі 
оңашаланып алып керілдеседі де отырады. Ауғанстан, Иран 
деген дерді жиі айтады. Шешесінде үн жоқ. Қыстауға қонысымен 
бұның жасауын дайындауға кірісті (С. Елубаев).
7-жұмыс. 
Алтынжарға жиналғандар ауыл көлеміне сыймай 
кетті... Ұлы күйшінің есімі елімізге кеңінен танылды... Төлеген 
әңгімесін тебірене аяқтады (Р. Иманғалиев). Қайырдың әзіл-күлкі 
үшін айтылған қалжыңын Мүсілім қолпаштау деп ұқты. Бас 
инженер аяңдап жарық көшемен жүріп келеді (З. Шашкин).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет