Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет7/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   118
Байланысты:
Шалабай

Жатыс жалғаулы сөз тіркестерінің
білдіретін мағыналары: 
мекендік, мезгілдік, сын-сапалық
 
(
кітапханада болу, жасында 
мықты еді, әдетінде жоқ).
Көмектес жалғаулы сөз тіркестері 
қимыл-әрекеттің іске асу 
тәсілін, қалай болғандығын білдіреді 
(
Асқармен келді, кесемен 
ішті, дүрбімен көрді). 
ІІІ. Матасу. 
Матасу – ілік жалғаулы сөз бен тәуелдік жал-
ғаулы сөздердің арасындағы байланыс. Ілік жалғаулы сөз – 
жіктеу есімдіктерінен жасалған болса, олар қай жақта тұрса
тәуелдік жалғаулы сөздің де сол жақта тұруын керек етеді (менің 
әкем, сенің әкең, оның әкесі). Жіктеу есімдігінен басқалар ілік 
септігінде тұрса, байланысатын сөзінің тәуелдік жалғаудың ІІІ 
жағында тұруын қажет етеді. Бірақ ілік септікті сөз бен тәуелдік 
жалғаулы сөздердің байланысу жолы әр уақытта осылай, толық 
болып келмейді: бірде ілік жалғаулы сөз түсіріліп айтылса, бірде 
ілік септігі түсіріледі. Мысалы: 
Қолы ұзын. Ай нұры
.
Сөйлемде тәуелдік жалғаулы сөз ілік жалғаулы сөзсіз жиі 
қолданылады да, ілік жалғаулы сөзбен логикалық байланыста 
тұрады. Себебі, ілік жалғаулы сөздің қай сөз екені тәуелдік 
жалғаулы сөздің тұлғасынан аңғарылып тұрады. Ілік жалғаулы 
сөздің жоқтығы сөйлем мағынасына нұқсан келтірмейді. 
Ілік септіктің түсіріліп айтылуы да осыған байланысты. 
Сөйлем құрамында ілік жалғаулы сөз айрықша мәнге ие емес. 
Ал ондай мәнге ие болатыны – тәуелдік жалғаулы сөз. Кейбір 
жағдайда болмаса, тәуелдік жалғауын түсіріп айтуға болмайды. 
Тәуелдік жалғауын түсірсе, сөздер арасындағы байланыс 
жойылады. 
Ілік жалғаулы сөз меншіктеушіні немесе меншіктің иесін
тәуелдік жалғаулы сөз меншіктелушіні не меншіктілікті білдіреді 
(
оқушының кітабы, баланың ойыншығы). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет