Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова


Жай сөйлемнің түрлеріне практикалық тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет32/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   118
Байланысты:
Шалабай

Жай сөйлемнің түрлеріне практикалық тапсырмалар
Тақырыптың мақсаты. 
Студенттердің жай сөйлем түрлерінен 
алған теориялық мағлұматтарын практикада қолдануға іскерлік 
дағдылар беру, жаттығу мәтіндерін орындату арқылы білімдерін 
бекіту.
Тақырыптың дәйектемесі. 
Сөйлем категориясын жете түсі-
нуде, сөйлем мүшелерін меңгеруде сөйлемнің құрылысын, оның 
әртүрлі типтерін танып білудің зор маңызы бар.
Тапсырма, сұрақтар. 
1. Жай сөйлемдерді құрылымына қарай жіктеу қандай принциптерге 
негізделген? Бұл жөніндегі көзқарастар? 2. Қандай сөйлемді жақты сөйлем 
дейміз? 3. Жақты сөйлемнің түрлері: қандай сөйлемді арнаулы жақты сөйлем 
дейміз? Қандай сөйлемді ауыспалы (жалпылама ортақ) жақты сөйлем 


Қазіргі қазақ тілі
57
дейміз? Қандай сөйлемді белгісіз жақты сөйлем дейміз? Бұларды бір-бірі -
нен қандай грамматикалық белгілері арқылы ажыратамыз? 4. Қандай сөй-
лемді жақсыз сөйлем дейміз? 5. Жақсыз сөйлемнің жасалуы мен мағына лық 
түрлері? 6. Атаулы сөйлемнің ерекшелігі? 7. Атаулы сөйлемдердің жаса-
лу жолдарына, мағыналық түрлеріне сипат тама беру. 8. Сөйлемнің жалаң 
және жайылма болуы неменеге негізделген? 9. Толымды және толымсыз 
сөйлемнің айырмашылығы? 10. Жалаң және жайылма, толымды және то-
лымсыз сөйлемдердің жақ ты сөйлем мен жақсыз сөйлемдерге қандай 
қатысы бар?
Әдебиетер:
1. 
Балақаев М., Қордабаев Т. 
Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. – Алматы, 
1971, 168-178, 184-191-б.
2. Қазақ тілінің грамматикасы. Синтаксис. – Алматы: Ғылым, 1967, 162-
165, 130-146-б.
3. 
Мадина Ғ.
Қазіргі қазақ тіліндегі жақсыз сөйлемдер. – Алматы, 1959.
4. 
Әбілқаев А.
Қазігі қазақ тіліндегі жай сөйлемнің түрлері. – Алматы, 1963.
5. 
Төлегенов О.
Жалпы модальды және мақсат мәнді жай сөйлем тип-
тері. – Алматы, 1968.
6.
 Әміров Р. 
Жай сөйлем синтаксисі. – Алматы, 1983, 89-92-б.
7. Садуақасұлы Ж., Садуақасова Т. Жай сөйлемнің құрылымдық түр-
лері. – Қызылорда, 2004.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет