Баяндауыш Баяндауыш – сөйлемнің ұйытқысы. Предикативтілік осы
баяндауыш арқылы көрінеді, модальділік те, интонация да осы
баяндауыш арқылы тиянақталады.
Баяндауыштың мағыналық белгісі – бастауышқа тән бел гі лер-
ді, іс-әрекеттерді, күрделі үдерістерді білдіру.
Сөздер атау тұлғада (түбір күйінде) тұрып та, жіктік жалғауын
жалғап та баяндауыш қызметінде жұмсала береді.
Атау тұлғадағы баяндауыш басқа сөздермен тіркесіп келуі
мін детті. Бірақ экспрессивтік, эмоциялық мағыналы кейбір сөз-
дер жеке тұрып та баяндауыш қызметінде жұмсала береді: «шық»,
«кет!». Бірақ бұл мәнмәтінде, жағдаятқа қарай жүзеге асырыла-
ды. Есім сөздер баяндауыш қызметінде жұмсалғанда орын тәртібі
үлкен рөл атқарады. «Асқар – мұғалім, Жамал – дәрігер».
Жіктік жалғауы – әрі баяндауыштық тұлға, әрі бастауыш пен
баяндауышты өзара байланыстыратын синтаксистік тұлға. Бас та -
уыштың тұлғасын да осы жіктік жалғаулары арқылы көруге болады.
Баяндауыш жасайтын тағы бір қосымша - дікі, -нікі.
Жер – мемлекеттікі (газеттен).
Заман осылардікі (Б.М.).
Баяндауыштың жасалу жолдары: баяндауыш етістіктен, зат
есімнен, сын есімнен, сан есімнен, есімдіктен және үстеу сөзден
де, еліктеуіш сөз бен көмекші етістіктің тіркесінен жасалады.
Мысалдар: Тас көмір тереңнен
шығады (С.Сейф.). Көшіп келе
жатқан –
Абай ауылы мен көрші ауылдар (М.Ә.). Қала Раушанға
жат (Б.М.). Біз
алтаумыз. Үйдің іші
қара күңгірт (Б.М.). Ой
басқа (Б.М.). Сондағы айтқан өлеңі әлі
құлағымда (Б.М.). Ойын
болатын үй
осы (Б.М.).
Баяндауыштар құрылысына қарай дара, күрделі және құран-
ды болады. Дара баяндауыш бір сөзден жасалса, күрделі баян-
дауыштар күрделі етістіктерден, күрделі есімдерден, құранды
баяндауыштар есім сөздер мен көмекші етістіктердің тіркесі-
нен, тұрақты сөз тіркесінен жасалады. Мысалдар: Біз келгенде
Қазіргі қазақ тілі 65
ойын жаңа
басталған екен. Не күткені
белгілі – Базарбай дың келуі. Домбыра алдырып Әбдірахман
ән салды (Б.М.). Жігіт тер-
дің бірсыпырасы
жалт берді, кейбірі
аттың жалын құшты (Ж. Айм.).