Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова


бірде мені қатты  ұялтты. Оның  мені бірде қатты  ұялтқаны бар



Pdf көрінісі
бет36/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   118
 
бірде мені қатты 
ұялтты. Оның 
мені бірде қатты 
ұялтқаны бар
.
 
Сондай-ақ, сөйлемнің құрылу мүмкіншілігі мол, бастауыш 
сондықтан үнемі субъектінің тілдік баламасы болып келмейді, 
кейде ол сөйлем құрылымының негізі (баяндауышпен бірге) бо-
лып жұмсалады: 
Кітап
оқылды. 
Екеуің
боп осыған көндіріңдер. 
Бұл жағдай сөйлемнің стильдік, құрылымдық мүмкіншілігі кең 
екендігін көрсетеді. 
Баяндауыш – сөйлемнің сөйлемдік қасиетін танытатын ең бас-
ты мүше. Сөйлемнің басты белгілері: предикативтілік, модаль ді-
лік, интонация, болымдылық, болымсыздық – осы баянда уыш-
тың тұлғасынан көрінеді.
Баяндауышты әдетте, бастауышқа бағынышты мүше ретінде 
алып қарайды. Ол оның бастауыштың жақтық және жекеше, 
көптік мән де жұмсалуына орай түрленуіне байланысты. Сон-
дықтан сөй лем нің бұл екі мүшесінің арасындағы байланысты – 
қиысу деп атайды.
Баяндауыштың негізгі тұлғасы – жіктік жалғауы. Сонымен 
қоса баяндауыштық қызметті сөйлемдегі оның орны анықтайды 
– сөйлемнің соңында тұрады. Мен 
келдім
.
 
Мен 
студентпін
.
Ол – 
студент. 
Күн 
жылы
.
Баяндауыш қай сөз табынан жасалса да, шақтық мағынаны 
білдіруге тиіс. Предикативтілік соны талап етеді: шақтық мағына 
сөй лем мазмұнының болмысқа қатынасын анықтайтын басты 
компонент.


Қазіргі қазақ тілі
63
Баяндауыш есімнен болғанда, шақтық мағынаны арнаулы 
син таксистік амалдар, мәнмәтіндік қоршау анықтайды. 
Ол – сту-
дент. Ол студент еді.
Бастауыш
Мағыналық жағынан алғанда (мағыналық белгісі) бастауыш 
сөйлемдегі іс-қимылдың иесі. Грамматикалық белгісі – атау тұл-
ғада тұратыны (тәуелденіп те, тәуелденбей де, жекеше де, көпше 
тұлғада да), сондықтан оның сұрағы: кім, не, кімі, несі, кімдер, 
нелер?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет