Бастауыштың жасалу жолдары: Негізінен, зат есімнен және соның орнына жүретін есім дік-
терден (жіктеу есімдігі), сондай-ақ заттанған сын, сан есімнен,
есімшеден, тұйық етістіктен жасалады. Мысалдар:
Хасен үзілген
сөзін қайта бастады (С.С.).
Шахталар мүлде өз герді (Ғ.Мұст.).
Мен осы кітапты асығыс жазғанымды айттым (М.Т.).
Бәрі де
адыр-адыр алда жатыр (М.Ә.). Ал
кім барады? (Ғ.М.).
Арбалы ауылға төніп келіп, біздің үйге бұрылды (Б.М.). 7. Сендерге
отыз да көп.
Әке болу – табиғат заңы.
Саған тигені – маған тигені.
Гүрс-гүрс бірнеше рет қайталанды (Ғ.М.)
«Жата йық» – Зейнепке
таныс сөз (Б.М.).
Күрделі, үйірлі бастауыштар Бірнеше сөз тіркесіп күрделі бастауыш болу үшін өзара тығыз
синтаксистік байланыста тұруы керек, баяндауыш олардың жеке
біреуімен емес, тұтастай алғандағы тобымен байланыста болады.
Мысалы:
Тас көмір тереңнен шығады.
Үңгір асты – тайғанақ жай
батпақ (Ғ.М.).
Күрделі баяндауыш күрделі сын есім, сан есім, есімшеден,
негізгі сөз бен көмекші сөздің тіркесінен жасалады:
Көшіп келе жатқан – Абай ауылы мен көрші ауылдар.
Әбіш сияқтылар өзінен-өзі сытылып шығып қалмақшы.
Тәрбие дегеніміз – бір
адамның екінші адамға белгілі бір жақсы әдеттер үйренуіне
ықпал жасауы. Бүгін
әнші Жүсіпбек келеді.
Жуан қара Рахымды көріп қуанып кетті.
Бердібай Шалабай 64
Үйірлі бастауыш:
Білегі жуан бірді жығады,
білімі жуан мыңды жығады (мақал).
Жасы құрдас – құрдас емес,
заманы бір – құрдас (мақал).