Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет34/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   118
1-жұмыс. 
Нұржан аға, біз Мұқатай екеуіміз, итмұрынды 
көп тердік.
– Тағы да бір сағаттай теріңдер.
– Нұржан, ерте келгендерің жақсы болды. Арбаларыңа көп 
жүк сыймайды. Одан соң тағы тереміз бе?
– Тере беріңдер. Бұл жердің адамдары итмұрынға қызықпайды.


Қазіргі қазақ тілі
59
– Аға, аға, итмұрын деп неге атаған, ә? Иттің тұмсығы мұн дай 
емес қой, тіпті? Тұрардың сұрауына жауап бермеуге де бол майды. 
Баланың меселі қайтады (Ж. Өмірбеков). Шілденің ыс тық күні. 
Шаңқай түс мезгілі. Аспан ашық, таза. Төбеге келген қызулы күн 
жерді ысытып тұр (М. Әуезов). 
2-жұмыс. 
Қалың қарды жамылған ақ дала. Айналада көз 
тартарлық бұдыр жоқ (М. Әуезов). Кешікпей отыншыларға ке-
зік тік. Бұларды басқарып жүрген – Файзолла Сұлтанов деген 
мұғалім. Өздері отынды едәуір шауыпты. Олар біздің келгенімізге 
қуанып қалды.
– Шай әкелдіңдер ме?
– Дүкенде шай жоқ.
Бұл әңгімеге балалар түгілі өзім де аузымды ашып қалып-
пын. Ойпыр-ай, Бексұлтанның әңгімешілі-ай!. Бәкең екеуміз-
дің алдымызда жатқан хатты почта арқылы жіберуге болмай-
ды. Бәкір ағай кабинетінде жалғыз отыр. Әңгіме оқу туралы
(Ж. Өмір беков). Тәуке-ау, пештің мойынын тігінен қаламайды ғой 
(С. Шаймер де нов). Бурабай көлінің ығындағы кішкене қаланы 
сол көл атымен «Бурабай» дейді (С. Мұқанов).
3-жұмыс. 
Ол – еңбек адамы. Ал еңбек адамының кісіні өзіне 
тартатын бір ғажайып ерекшелігі болады. Мұны шу дегенде аңғара 
да бермейсің. Дегенмен, сайып келгенде, еңбек адамымен ұғысу 
да, достасу да оңай орайласатыны анық. Сонан соң оны қадірлей 
бастаймыз. Сол үшін оған құрметпен қарайсыз (М. Иманжанов). 
Мұғалімдер кеңесінің мәжіліс хаты почтамен жіберіліпті. Оның 
ауданға барған-бармағаны да белгісіз...
– Сіз инспектормен сөйлестіңіз бе?
– Иә.
Ол үшін уайым жемеңіз. Бәкеңді бұдан артық ұстауға 
болмайды (Ж. Өмірбеков). Екеумізге ортақ бір әңгіме қалмаған 
тәрізді. Көңілін көтеретін күлкілі бір нәрсе айтқым келеді. Есіме 
ештеңе түспейді (Б. Мұқаев). Біздің батареяға санинструктор 
келді деген. Сол сіз боларсыз, қарындас? (Ә. Нұрпейісов).
4-жұмыс. 
Қарсақбай заводы. Заводтың үйлері бұрынғысынан 
көбейген. Жаңа үйлер салынған. Күн кешкірген мезгіл. Жаңа са-
лынған үйлердің біріне шаңданған бір автомобиль келіп тоқ тады 
(С. Сейфуллин).


Бердібай Шалабай
60
– Үйде кісі бар ма?
– Ешкім де жоқ.
– Мынау үйде ше?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет