Бердібай Шалабай
98
Практикалық тапсырмалар
Оқшау сөздердің түрлерін тұлғасы, жасалуы, құрамы, мағы -
насы жағынан сипаттаңыздар. Тиісті тыныс белгілерін қойы-
ңыздар.
Тегінде сен біреудің аяғын басып, жарасына тиген боларсың?
Меніңше осы шатақтың түпкі тамырын Жетісудан іздеу керек.
Ал інім өзіміз оңаша армансыз сырласайықшы. Шіркін туған
жерді кім ұмытсын! Гүлжан мыс қылдап жымиды: біріншіден
Смен көтерілісте қаза тапқан; екіншіден Гүлжан сүйген жігіт-
тің аты – Бәкен. Қымбатты менің туыстарым туған елге
аман-есен келгендеріңізді құттықтаймын! (З. Шашкин). Әрине
оларсыз ешбір жұмыс оңалмайды. Ойбай-ау қаптап кетті
ғой ел! Ардақжан, Майпажан шай қойыңдар. Е тәйірі осынша
жұрттан жұмыс қала ма? Бәрекелді «Бітер істің басына
жақсы келер қасына» қане, үй жаққа баралық (Ғ. Мұстафин).
Өздік жұмыс
Зертханалық жұмыс 3 тапсырмадан тұрады. 1-тапсырма қа-
ратпа сөздерге, 2-тапсырма қыстырмаларға, 3-тапсырма ода-
ғайларға арналған.
Тапсырмаларды орындағанда мына жайлар ескерілуі керек:
1. Сөйлемдердегі тиісті тыныс белгілерін қою. 2. Қаратпа сөздер-
ді жасалуы, сөйлемге қатысы, құрамы және мағыналық түрлері
жағынан анықтау. 3. Қыстырма сөздерді сөйлемге қатысы, жа-
са луы, құрамы және мағыналық түрлері жағынан түсіндіру.
4. Ода ғайларды құрамы, мағыналық түрлері және сөйлемге
қатысы жағынан анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: