Құрмалас сөйлем синтаксисі
Сөйлем синтаксисі жай сөйлем синтаксисі және құрмалас
сөйлем синтаксисі болып бөлінеді.
Жай сөйлем синтаксисі жай сөйлемнің құрамын, құрылымын,
мағынасын, қызметін зерттесе, құрмалас сөйлем синтаксисі
құрмалас сөйлемнің құрылу заңдылықтарын зерттейді. Таратып
айтқанда: құрмалас сөйлем қалай жасалады, бірнеше жай сөйлемді
тізе берсек, одан құрмалас сөйлем жасала ма, құрмалас сөйлемнің
белгілері, оның жай сөйлемнен айырмашылығы қандай, құрмалас
сөйлем құрамындағы сыңарлардың /компоненттердің/ мән-
маңызы, олардың бір-бірімен байланысы, қатынасы, құрмалас
сөйлемнің мағыналық, құрылымдық түрлері қандай – міне,
осылар зерттеледі.
Ең алдымен, құрмалас сөйлем деп қандай синтаксистік тұл-
ғаны айтамыз, оның қандай белгілері бар? Оның жай сөйлемнен
мазмұны, құрылымы жағынан ерекшеліктері бар ма, бар болса –
қандай, осы сұрақтардың басын ашу керек.
І. Біріншіден, құрмалас сөйлемде кем дегенде екі предика-
тивтік орталық болады. Олар өзара мағыналық және құрылым-
дық жағынан тығыз байланыс, қарым-қатынасқа түсіп, күрделі
ойды білдіреді.
Мысалы: Ушаков үйінде болмай, Бұланбай қайтып кетті
(Ғ. Мүсірепов). Бұл сөйлемде екі предикативтік орталық бар:
біріншісі – «Ушаков үйінде болмай», екіншісі – «Бұланбай
қайтып кетті» Сөйлемдегі негізді ойды (Бұланбайдың қайтып
кетуі) білдіріп тұрған предикативтік сыңар мен көмекші ойды
(Ушаковтың үйінде болмауы) білдіріп тұрған предикативтік
сыңар тығыз мағыналық бірлікте және тиянақсыз –й көсемше
жұрнағы мен интонация арқылы грамматикалық жағынан да
тығыз байланысып, бір бүтін тілдік единица құрап тұр.
Ал мына сөйлем құрамында соншама көп сөзден жасал ға-
нымен, бір ғана предикативтік орталық бар, сондықтан ол жай
сөйлем болады: «Кеше күні бойғы әңгімеде Абай өз әкесі тура-
лы үлкен кісілердің аузынан ең алғаш сын сөздерін есітті»
(М. Әуезов). Предикативтік орталық «Абай есітті».
Бердібай Шалабай
102
ІІ. Құрмалас сөйлемнің екінші бір басты белгісі – өзіндік
интонациясы болады:
Әдетте, құрмалас сөйлем компоненттерінің арасында инто на-
циялық кідіріс (пауза) болатыны белгілі. Бірақ ол интонациялық
кідіріс сөйлемді жеке синтаксистік тұлға-бірліктерге айырып,
олардың әрқайсысын тиянақтап тұрмайды, ал предикативтік
сыңарларын бір-бірімен байланыстырып, құрмалас сөйлемге тән
мағыналық-құрылымдық тұтастықты, сол арқылы ой бірлігін
қамтамасыз етіп тұрады. Сондықтан құрмалас компоненттері-
нің арасындағы интонацияны ажыратушы емес, жалғастырушы,
ұластырушы интонация деуге болады. Ол интонация құрмалас
сөйлем компоненттерін әрі ажыратып, әрі байланыстырып, екі
жақты қызмет атқарып тұрады. Кестеленуі:
,
.
Интонациялық кідіріс жай сөйлемнің ішінде де кездеседі.
Мысалы: Біз барған ауыл //өзен жағасында екен. Немесе: Біз //
қарсы кездескен әр бір адамнан жол сұраумен болдық.
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің ішіндегі интонациялық
кідірістің атқаратын қыз меттері бір емес. Жай сөйлемдегі ин-
тонациялық кідіріс сөй лемді мағыналық топтарға (бастауыш-
тық-баяндауыштық не месе тема-ремалық) бөліп тұрса, құрмалас
сөйлемдегі интона циялық кідіріс предикативтік компоненттердің
аражігін ажы ра тып, син таксистік қызмет атқарып тұрады. (Біз
барғанда, ауыл өзен жаға сында екен).
ІІІ. Үшіншіден, құрмалас сөйлем компоненттерін байланыс-
ты ратын лексика-семантикалық, грамматикалық арнаулы амал-
тәсілдер тобы болады. Басқа да тілдердегі сияқты, қазақ тілінде
олардың тұтас бір қалыптасқан жүйесі бар.
1. Ең алдымен, құрмалас сөйлем компоненттерін байланыс-
ты ратын жай – олардың мағыналық жақындығы. Компоненттер
ара сында мағыналық жағынан жақындық, іліктестік қатынас
болмаса, олар құрмалас сөйлем құрамына еніп, бір бүтін болып
тұра алмайды.
Мысалы: Енді әзіл әңгімеге кірісе бергенде, ауыз үйдің есігі
|