Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет68/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   118
Байланысты:
Шалабай

ерді, еді, екен 
көмекшілері арқылы тізбектеліп тұратын 
қысқа-қысқа сөйлемдер желісі кейінгі замандарда туған әртүрлі 
шежірелерде де, фольклор туындыларында да өте жиі кездеседі 
(ертегі, аңыз, әңгімелерде).
Қорытынды:
Құрмалас сөйлемнің алғашқы түрі бір-бірімен 
мағыналық жағынан да, грамматикалық жағынан да нашар бай-
ланысқан жеке, дербес жай сөйлемдердің өзара 
салаластық 
не-
гізде байланыса айтылуынан пайда болған да, кейінірек келе сол 
салаластың негізінде компоненттері әртүрлі дәнекерлер арқылы 
бір-біріне бағына байланысатын 
сабақтас сөйлемдер 
қалып тас-
қан. 
Алғашқысы тіл білімінде 
паратаксис 
деген терминмен, соң-
ғысы 
гипотаксис 
деген терминмен белгілі. 
Құрмалас сөйлемнің бастапқы түрі болып саналатын көне 
дәуірдегі салалас құрмалас сөйлемдерді қазіргі тіліміздегі салалас 
құрмалас сөйлемдермен бірдей деп қарауға, әрине, болмайды. 
Қазіргі әдеби тілімізде кездесетін жалғаулықсыз іргелес салалас 
сөйлемдер былай тұрсын, тіпті ең көне деп есептелетін ертектерде, 
халық дастандарында кездесетін іргелес салаластардың өздері де 
құрмалас сөйлемнің алғашқы түрімен салыстырғанда дамудың 
талай сатыларынан өткен, жетілген түрі деп қаралу керек. 
Екіншіден, паратаксистен гипотаксиске өтуді жай сөйлемдерді 
бір-бірімен байланыстыратын жалғауыш дәнекерлер пайда бол-
ғаннан кейін, тіл дамуының көне дәуіріндегі паратаксис ком-
поненті болған жай сөйлемдердің ешқандай ішкі өзгеріссіз, да йын 
тұрған дәнекерлер арқылы бір-бірімен сабақтаса байланысуы-
нан пайда болған екен деп түсінуге болмайды. Мұндай алмасу 
сөйлем құрылысында, сөздердің синтаксистік байланысында 
болған үлкен өзгерістердің, сөйлемнің ескі құрылысының орнына 
жаңа құрылыстың пайда болуының нәтижесінде келіп шыққан. 
Сөздерді, сөйлемдерді байланыстыратын амалдардың пайда 
болуы адам ойымен байланысты сөйлем құрылымының күрделе-
нуінен туындайды. Оған кейін пайда болған жазудың да әсері 
күшті болды.


Бердібай Шалабай
112


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет