Қазіргі қазақ тілі
153
Сан рет скрипканы өзі тартып өткеннен кейін, іңір кезде
Әбіш өз скрипкасын Мұқаға ұсынды. Осыдан соң Абайды күтуге
Тоғжан жіберілмей, бұл отауға Найманның
кемпірінің өзі кеп
отырған (М. Әуезов).
4-жұмыс.
Егер сендер адаспасаңдар, жолымыз Жыландының
сыртында түйіссе керек еді. Бірақ Тобықты атқамінерлері осылай
дегенмен, Керей-Найман Абайды олай мінеген жоқ (М. Әуезов).
Жұқа жібектей көгілдір аспанда кең орай қалықтап, жалғыз қара
бүркіт жүр. Әзір танымағандықтан таңырқауы көп болса да, дала
енді ол отты өшірмейді (Ғ. Мүсірепов). Бұлар танысып болғанша,
алақандай Қарағанды хабарланып та болды (Ғ. Мұстафин).
5-жұмыс.
Алтынды оған дәл өз ойы қалай тілесе, түсіне де
солай кірген еді. Осы түсі қайта есіне түсіп кеткенде, Ушаков
әлденеден тітіркеніп те қалды.
Жіңішке жирені қолына тиген
соң, жігіт артына қарай-қарай ұзай берді. Мұның айтарын өзі
біліп қойғандай, басқа жайды сұраған да жоқ (Ғ. Мүсірепов).
Байсал Құнанбаймен араздасып кеткелі, Абай мен Жиреншенің
кездескені осы (М. Әуезов).
6-жұмыс.
Ысқақтар, жасы кіші болғандықтан, Абайға сәлем
беріп келіп аттарынан түсті. Тәнге ас керек болғандай, жүрекке
де ақыл сонша керек (М. Әуезов). Көмірді неғұрлым көп берсе,
ақы соғұрлым көп (Ғ. Мұстафин). Алғашқы күз
бен қыста жау
жағының өсек-аяңы бола ма деп, болыс Бақтығұлды кеңсе
қызметіне алған жоқ (М. Әуезов). Шахтаға түспестен бұрын,
Еркін кішкене бөлмесіне келіп еді (Ғ. Мұстафин).
Достарыңызбен бөлісу: