Сабақтас құрмалас сөйлемдерге практикалық тапсырмалар Тақырыптың мақсаты: Сабақтас құрмалас сөйлемнің таби-
ғаты жайындағы түрлі көзқарастармен таныса отырып, оның өзін-
дік ерекшелігін білу, сабақтас құрмалас сөйлем компо ненттерін
байланыстыратын амал-тәсілдерді жан-жақты игеру арқылы олар-
дың сабақтас құрмаласты және оның түрлерін жасауға қаты сын
айқындау, сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін саралап түсіну,
ол туралы көзқарастармен танысу, студенттерді са бақ тас құрма-
лас тың әртүрлі типтерін өз бетімен құра білуге дағдыландыру.
Тақырыптың дәйектемесі: Сабақтас құрмалас сөйлем мәсе-
лесін құрмалас сөйлемнің ең бір күрделі әрі орталық мәселесі деп
қарауға болады. Зерттеушілер арасындағы пікір әртүрлілігі де
сабақтас құрмаластың бағыныңқы компоненттерінің табиғаты-
на, сабақтас құрмаластың жасалу жолдарына, оның түрлеріне
байланысты болып келеді. Сабақтас құрмаластың жасалу жолы
синтетикалық екендігі, сабақтастың түрлері мағыналық-құры-
лымдық ұстаным негізінде ажыратылатыны қазір көпшілік
ғалымдар тарапынан қолдау тапқан жайлар. Дегенмен сабақтас
құрмалас пен жай сөйлемді (мысалы, үйірлі мүшелі болып келген,
күрделенген) ажыратуда, сабақтас құрмаластың кейбір түр лерін
анықтауда қиындық келтіретін жайлар да аз кездеспейді. Прак-
ти калық тапсырмалар мен зертханалық жұмыстарды орын дау ба-
рысында осындай қиын да күрделі мәселелерді игеру көзделеді.
Тапсырма сұрақтар. Сабақтас құрмалас сөйлемнің табиғаты жөніндегі пікірлерді бір-
бірімен салыстыра отырып түсіндіріңіз, айырмашылықтарын көрсетіңіз.
Жай сөйлем мен сабақтас құрмаласты айыру неге негізделген, ол жөніндегі
көзқарастар қандай? Үйірлі мүшелі сөйлемдер мен сабақтас құрмаласты
ажырату жөнінде қандай пікірлер бар? Күрделенген сөйлемдер мен
сабақтас құрмаластарды ажыратудың жолдары қандай? Сабақтас құрмалас
сөйлемнің жасалу жолдарын түсіндіріңіз. Қазақ тілі синтаксисінде са-
бақтас құрмаластың түрлері қандай ұстанымдар негізінде ажыратылып
келген, олардың авторлары кімдер? 7. Сабақтас құрмаластың әр бір түрін
және олардың жасалу жолдарын мысалдар арқылы түсіндіріңіз. Сабақтас
құрмаластың қандай түрлері жөнінде пікір алшақтықтары бар?