Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова


Өздік жұмыс • Сабақтас құрмаластың қай түріне жататынын анықтаңыз. • Берілген сызба бойынша сабақтас құрмалас сөйлем құрыңыз. 1-жұмыс



Pdf көрінісі
бет95/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   118
Байланысты:
Шалабай

Өздік жұмыс
• Сабақтас құрмаластың қай түріне жататынын анықтаңыз.
• Берілген сызба бойынша сабақтас құрмалас сөйлем құрыңыз.
1-жұмыс.
Ауылдан келген үш-төрт кісі, Аманжол, Қасендер 
қонақ үйге шам жағып, көрпе салып болмай-ақ, үсті-басы қырау-
қырау, қасқыр ішікті, түлкі тымақты жуандар кіре бастады. Шай 
қойылып, ет асылып жатыр. Қолдан келген жәрдемді, Тұр лықұл-
дан бір кек әперуге жарасаң, сенен аямас едік (С. Торайғыров). 
Биылғы күз жауынды болып, шаруалар егінін мезгі лінде жиып 
ала алмады. Тап желкеден төніп, құз жартас тұр (Ғ. Мұстафин).
• Бағыныңқы компонент баяндауышы «үшін» шылауы 


Бердібай Шалабай
154
тіркескен тұйық етістіктен жасалып, мақсаттық мағына береді. 
Бағы ныңқы компонент баяндауышы шартты рай тұлғасынан 
жаса лады, компоненттерінің мағыналық қатынасы – мезгілдестік.
2-жұмыс.
Таң алдында бір ғана сағат мызғығаны болмаса, 
Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді. Құйрығын тірсегінен шорт 
кескен күдік торы ауыздығы алына салысымен басты жерге 
салып, атқұлақ араласқан көк өлеңді борт-борт үзе бастады
(М. Әуезов). Таныс біреу кездесер ме екен деп, Жабай жер үйлер-
ді аралап кетті (Ғ. Мүсірепов). Осы адамдарға іштей риза бола 
тұра, Байжан олармен жолыққан алғашқы күндерін де есіне тү-
сіріп қояды (С. Мұқанов). Осы интернат ашылмағанда, консер-
вато рияға скрипкашы, пианист қазақ балаларын даярлап беру 
мәселесі шешілмек емес («Қазақ әдебиеті»).
• Бағыныңқы компонент баяндауышы -п көсемше тұлғасына 
аяқталып, амалдық қатынас білдіреді.
3-жұмыс. 
Ауызғы үйде бұл жақтың белгісіндей тықыр біл-
дірмей сергектікпен тосып отырған Ербол, Абай әні шыққанда, 
Баймағанбетке шам жақтырды. Сирек бір қонағы келгендей, 
сыпайы пішінмен қарсы алды. Бұл отырыста Абайдың мұншалық 
ықыласына ырза болғаны білінсе де, қыздың осыдан ары сөз 
бетін ашқысы келмегендей. Ысқақтар, жасы кіші болғандықтан, 
Абайға сәлем беріп келіп аттарынан түсті (М. Әуезов). Егер 
Амантай қызды арашалап алып қалса, мен бір қарғыстан аман 
қалар ем (С. Мұқанов).
• Бағыныңқы компонент баяндауышы көсемше тұлғасы (-а), 
мағыналық қатынасы – қарсылықты. Бағыныңқы компонент 
баян дауышы «кейін» шылауы тіркескен шығыс жалғаулы өткен 
шақ есімше тұлғасы, мағынасы – мезгілдік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет