Қазіргі қазақ тілі
165
«кере метті» көруге жолға шығып әуре етті (Ш. Мұртазаев). Теңіз
жағасындағы елдер, үлкен бір кеме келгенде, темір жол бойын-
дағы заводтар, арнаулы эшелоны келіп қалғанда, қандай қуанса,
Ақбұйрат заводының бастықтары, Ыбырай кіресі келгенде, сон-
дай қуанатын еді. Айтысар сөздер көп болғанмен, айта алар тіл
та былмай, екі жақ та тез айырылысып қалды (Ғ. Мүсірепов).
6-жұмыс.
Олар танысып болғанша, кең шалбарының қал та-
сына қолын сұғып, ойын бұзбастан ерсілі-қарсылы біраз жүрді
(Ғ. Мұстафин). Аяғын ептеп басуға тырысқанымен, ешкі майы
сіңген саптамасы сіресіп, темір жамалған өкшесі қозғалса-ақ,
жанжал шақырып тұр (К. Оразалин). Бойы биіктеп, шоқтығы
шығыңқырап, қазіргі Абай тіпті ажарланып алған (М. Әуезов).
Рысқұлов машинаны тоқтатып, аяқ жазайын деп, жерге түсті.
Сонымен, қасына қарулы көмекші алып, Надя екеуі; шофер-
мен төртеуі Ташкеннің у-шуынан сырғып шығып, теріскейді
бетке алғанда, алдыдан жасыл-сары кең дала көсіле берді
(Ш. Мұртазаев).
Достарыңызбен бөлісу: