Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет102/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   118
Байланысты:
Шалабай

4-жұмыс.
Мынау үйлер «там» десе дерлік үйлер екен: бәрі 
де балшықтан соғылған тапалтақ, әйнектері кішкене, төбелері 
жайпақ (С. Мұқанов). Бергі қабағы қалың шилеуіт, жардың 
асты тығылыса біткен қалың тал, сондықтан да Талды атанған 
өткелге бұлар күн батқан соң жетті (Ғ. Мүсірепов). Жұмыс көп, 
қиындықтар көп, бірақ халық күші одан да көп (Ғ. Мұстафин). 
Оларда пасықтық бар, – адамдық жоқ; қараңғы жауыздық бар, – 
жарқын жүз жоқ (М. Әуезов).
Мұнда бақ күтушінің шаппалы пышағы да болатын, бірақ 
пышаққа онша сене қоймады, сондықтан да балтаға біржола 
тоқтаған (Ф. Достоевский).
5-жұмыс.
Рысқұловтың ә дегенде көзіне айрықша түскен 
нәрсе: Чичериннің кабинеті басқа наркомдардікіндей емес, стол 
үсті, тіпті терезенің алды үйме-жүйме қаптаған кітап, түрлі 
газеттер (Ш. Мұртазаев). Жақыптың айтуынша, әке бастайтын іс 


Қазіргі қазақ тілі
163
бар да, бала кірісетін іс бар, сондықтан екі арасын айыра білу 
керек (М. Әуезов). Қызу жұмыс, мол өнім, әдемі киінген адамдар 
жоқ (Ғ. Мұстафин). Мейлі портреттерді өрнектесін, мейлі таби-
ғат көріністерін берсін, оларды бір-бірімен контраста алады 
(«Біздің Мұхтар»). Өздерінің сиырларын суарам ғой деп барып 
еді – Қартқожаның ол ойы болмады, ауылдың сиыры қаптап кетті
(Ж. Аймауытов).
6-жұмыс.
Бастарында –жалтылдаған темір дулыға, үстерінде 
– жалтылдаған темір сауыт, белдерінде – жалтылдаған кісе...
(Ә. Кекілбаев). Жай күрсініс пе, әлдеқалай уайымның уыты ма, кім 
білсін. Уайымның да уәжі бар: іштегі бала бір уайым, сырттағы 
бала екі уайым (Ш. Мұртазаев). Шал кісі, күпісі жыртық, сақалы 
ұйысқан, жыртық көйлектен өңеші сорайып көрініп тұр. Баяғы 
көңілі қалғандығы бар ма, әлде басқа себеп болды ма – Раушан 
Бәкенге тіс жарып сөз айтпады (Б. Майлин). Оларға ар не, жан-
ашыр не, әділет не? (М. Әуезов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет