Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет103/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   118
Байланысты:
Шалабай

Өздік жұмыс
Көп бағыныңқылы сабақтастардың жасалу жолдарын, түр ле-
рін, компоненттердің қарым-қатынасын, орын тәртібін талдап тү-
сіндіріңіздер, оларды сызбаға түсіріңіздер.
1-жұмыс.
Даниярдың үйіне Әбішті іздеп Кәкітай келгенде, 
мезгіл кеш болғанымен, бұл үйдің іші әлі жатқан жоқ сияқты. 
Үлкен кісілер кеп, әке қасын қоршағаннан бері және Кәмшат 
өліп, аналар көңілін уайым басқаннан бері, Абай әке қаракетінен, 
ендігі мақсұтынан шетірек қалған-ды. Жандаралдың Абайды 
қандай мінезбен ерткенін әлі аңғарған кісі жоқ болса да, кейінгі 
болыстар мен билер, қастарынан Абай өте бергенде, шетінен оған 
құрмет көрсете бастады. Тау басына бүркітін алып, Тұрғанбай 
жеткенше, Баймағанбет қорым тасты қағуға кіріспей, бір орында 
жым-жырт шыдап, Қарашолақтың томағасы тартылғанын тосып 
тұр екен. Бұл уақытта қатайып жел шығып, ұшқындай қар жауып, 
айнала түгел қарлы мұнармен қоршалып апты (М. Әуезов).
2-жұмыс.
Ол, Қарашолақ қосқа кірісімен, Абылғазыны ақы-
рын түртіп қойып, құсқа қарай ымдаған. Қыз-келіншектер ауылда 
қалып, Абай өз жолдастарымен он-он бес кісі болып бөлек ат-
танып, әрлі-берлі жүрген қалың топтан оқшауырақ шығысты. 


Бердібай Шалабай
164
Абай мен Ербол қатты желіп, қатар келіп, Абылғазының қасына 
тақай бере, төменде, жап-жақын жерде, қызарып тұрған терезенің 
отын көрді (М. Әуезов). Күн бұлттанып, терістіктің ызғарлы 
желі теректердің қураған жапырағын жамыратып, бойды суық 
шалғандай болды. Дүниеде не қиын? Ғұмыр атты ұзын жолда 
тым алысқа кетіп қалып, кенет артыңа бұрылып қарағанда, көз 
ұшында бала көрінбесе – сол қиын (Ш. Мұртазаев).
3-жұмыс. 
Әңгімесін аузымен тоқтатса да, көңілімен соның 
аяғын тағы да созып, қайғының қат-қабат шыңына ақылымен 
кіріп отыр. Артынан әлгілердің әлсіздігін ойлағанда, іші құсаға 
толып, жас жүрегі жаншылып, бұл күнге шейін көрмеген азабын 
тартты (М. Әуезов). Қазақ ауылына барғанда, көмір бар ма, 
күміс бар ма деп, сұрай бастасаң, хауіптеніп бастарын шайқайды
(Ғ. Мүсірепов). Алдына кім келсе де, қандай ой, қандай пиғыл-
мақсатпен келсе де, Ленин ол адамды өзінің отымен тазартып 
алады екен. Алыстағы Ескендірге деген сағыныш білінбей-
білінбей келіп, енді кеудесін керіп кеп кеткенде, Рысқұлов мына 
«Метрополь» мейманханасының кең бөлмесінен ауа жетпей 
тұншығып бара жатқандай, жүгіріп барып, үлкен терезенің 
жақтауын айқара ашып жіберді (Ш. Мұртазаев).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет