Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет101/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   118
Байланысты:
Шалабай

Өздік жұмыс
Көп компонентті салаластардың құрамын, құрылымдық ерек-
шелігін, компоненттерінің байланыстарын, мағыналық қаты-
настарын және тыныс белгілерін түсіндіріңіздер. Қандай инто-
нациялық жіктерге бөлінген, оның себептері не?
1-жұмыс.
Оның дөңгелек көзі кірпігін қақпастан қадала 
қалатын әдеті бар еді, бұл жолы ол тесіле қараған жоқ, Әбдірах-
манның тұла бойын, жүзін шарлап қарады. Белан бұлардың 
солдат екенін бірден білді және өзін көріп қалды деп ұқты, 
өйткені солдаттардан өзге жеті түнде атқа мініп жүретін жанның 
реті жоқ, көрші деревнядан келе қоярлық адамның түрі шама-
лы (Х. Есенжанов). Кілем-көрпе төсеулі, күмістеткен сары 
ала тегене сапырулы, керектің бәрі бар, артық ешнәрсе жоқ. 
Үлкен қуанышымды іште іркіп отыр едім – сыймайды, айтайын 
(Ғ. Мүсірепов). Құсбегінің бұл сөзі өзін қанша жұбатқа нын 
кім білсін, бірақ Абай мен Жиреншені иландыра алған жоқ, 


Бердібай Шалабай
162
өйткені, Жиренше бүгін бұларды мықтап жеңіп, табалап тұр
(М. Әуезов).
2-жұмыс.
Қазақ көшіне ұқсамайды: атқа жеккен бричка, 
тачанка, төбелерін брезентпен жауып шатырлаған, ішінде 15-20 
адам бар (Ғ. Мұстафин). Әлі де қала ішінде қоштасатын жер ле-
ріміз көп сияқты еді, ол баяғы басқа күндердің елесі екен, енді 
ешнәрсеге мойынымыз бұрылар емес. Қазақтың шынын айтқы-
затын екі нәрсе бар, соның бірін қолданып көріп ем, ештеңе шы-
ғара алмадым (Ғ. Мүсірепов).
Шырамытып тұр едім, енді анық таныдым: Әкбар! Исі де 
бөтен, жер май саси ма, әлдеқалай бұрын мұрны сезбеген жат иіс 
(Ш. Мұртазаев).
3-жұмыс.
Көп ойлануға уақыт қалған жоқ, жалғыз үміті: не 
Талғар өткел беріп құтқарады, не өзі жұтып құтқарады, әйтеуір 
дұшпанға жоқ (М. Әуезов). Үстің шаң дегем жоқ, шаң құшағына 
кіріп кеттім, шеше қуанышы сол да (Ғ. Мүсірепов). Ұлы Табал-
дырықтан аттағандағы мақсат – Рысқұлов өзіне қызмет сұрап 
келген жоқ, пәтер тілемейді, жалақымды көбейт демейді, атақ-дә-
реже тілемейді. Кемпір шешесін іздеп шығып кеткен шығар, бұл 
да көйлекшең екен, жақ жүні үрпиіңкіреп кетіпті (Ш. Мұртазаев). 
Аяқтары сидам, үлкен жарғақ құлақтары салпиған, жүні тықыр 
(Б. Соқпақбаев).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет