Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет100/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   118
Байланысты:
Шалабай

Әдебиеттер:
1. 
Төлегенов О.
Қазақ тіліндегі күрделі құрылымды салалас сөйлем 
тура лы. – Қазақ филологиясының мәселелері. (ҚазГУ-дің жинағы). 1979. 
121-130-беттер.
2. 
Мамытбеков Қ.
Көп компонентті құрмалас сөйлемнің грамматикалық 
табиғаты жайында. – Қазақстан мектебі, 1976. №10.
3. 
Сауранбаев Н.
Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі. 1948.
4. 
Төлегенов О.
Қазақ тіліндегі салалас сөйлемдердің сыйысыңқы құры-
лыста жұмсалу жолдары. – Қазақ филологиясының мәселелері. (ҚазГУ). 
1979, 108-120-беттер.
5. 
Төлегенов О.
Қазақ тіліндегі көп бағыныңқылы сөйлемдер. Қазақ тілі 
мен әдебиеті (КазГУ), І-шығуы, 1972.
6. 
Ағыламов Б.
Қазақ тіліндегі көп бағыныңқылы сабақтастарды зерттеу 
мәселесі. «Қазақ тілі мен әдебиеті мәселелері» ҮІІ шығуы, 1970.
7. 
Балақаев М., Қордабаев Т.
Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. 1971, 256-
259, 284-291-беттер.
8. Қазақ тілінің грамматикасы. ІІ Синтаксис. 1967, 190-191, 
220-224-беттер.
9. 
Салиева Ұ.
Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемнің құрылымдық түрлері 
(методикалық талдау). 1986.
10. 
Шалабаев Б.
Құрмалас сөйлем құрамына бірер сөз. – Қазақстан 
мектебі. 1982, № 8.
11. 
Сағындықұлы Б.
Құрмалас (аралас) сөйлемнің теориялық негіздері. 
– Павлодар, 2002.
Өздік жұмыс 
Көп компонентті құрмаластардың типін (көп компонентті са-
лалас, көп бағыныңқылы сабақтас, аралас құрмалас), неше ком-
поненттен құралғанын анықтаңыздар. Олардың тыныс бел гіле рі-
не, интонациясына, компоненттерінің құрылымына, орнала суы на 
көңіл бөліңіздер. Оларды сызбаға түсіріңіздер. Сыйы сып жұм -
салған құрмаластарды анықтап, жайылыңқы түрде құры ңыз дар.
Әдетте мұндай ірі қонақтар чемодан көтеріскен қызмет-
ші лерге қалтасынан суырып, «чаевые» деп, ақша ұстатар еді, 


Қазіргі қазақ тілі
161
Түркістанның президенті ондай рәсімді білмей ме, білсе де 
сараң ба, әйтеуір ырым жасамады. Бүгінгі таңда ол тым ерте, 
Мәскеудің аспаны енді-енді бозара бастағанда-ақ тұрды да, 
жақсылап моншаға түсіп, өте мұқият жуынды. Бірақ дағдарыс 
лезде өте шығып, бойын билеп алып, Лениннің ұсынған қолын қос 
қолдап алды 
(Ш. Мұртазаев). 
Көтібақтан Жиренше, Бөкеншіден 
Күнту, Есболаттан жалғыз көзді, ұзын селдір қара сақалды, жал 
тұмсық, жар қабақ, ер жүзді Оразбай отыр 
(М. Әуезов). 
Қоғам 
үлкен бе, кіші ме, ойлы ма, өнерлі ме, сол қоғамның алыс-жақын 
арманына ортақпысың, жоқпысың, өзім деген әміршің өзіңнен 
өзгенің қайғы-қуанышына қалтқысыз ортақ ете ме, жоқ па – 
бәрібір әркімнің сол қоғам ішінде өз үйірі, өмір ішінде өз түкпірі, 
өз қайғысы, өз қуанышы бар. Сондай жанның бірі Сикорскийдің 
де өз мұңы, өз көздегені, өз үйірі бар еді. Ойланып қараса, негр, 
индеец, араб, қытай халықтары жайында көп нәрселерден 
хабары бар екен де, Россияның бір халқы қазақ жайында ешнәрсе 
оқымаған да білмеген екен. Бұл ойында шындық дәні барлығын 
сезінсе де, бауырмал жүрек бүкіл бір халықты ешнәрсе жасай 
алмаған деуге қия алмай, басқа себептерді кеңірек, жайылып 
іздестіреді 
(Ғ. Мүсірепов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет