Қазіргі қазақ тілі
141
4. Байсал
Құнанбаймен араздасып кеткелі, Абай мен
Жиренше нің кездескені осы (М.Ә.).
3. Шартты рай тұлғасы арқылы
Шартты рай тұлғасы (-са) сабақтас құрмаластың бағыныңқы
компонентінің баяндауышы қызметінде өте өнімді жұмсалып,
бағыныңқының сан алуан түрлерін жасайды. Мысалы:
1. Менің ойым, Шұғамен көңіл қоссам, алып қашып кету еді
(Б.М.).
2. Бірақ онысын кейбіреулер мазақ қылса, Омар ол мазаққа
түсінбейтін еді (Ғ.М.).
3. Ушаков Байжан үйінен қайтып келсе, Соколовтың алдында
тағы бір адам тұр екен (Ғ.М.).
4. Айбарлы қолбасшысынан айырылған қазақ әскері қан дай
абыржыса, Тәуекелдің өлгенін естіген жау жағы сондай ша быт-
тана түскен (І. Есенб.).
Кейде шартты рай тұлғалы баяндауыш да дәнекерімен айты-
лады: Дәрмен мен Мағаш, Кәкітайлар өздері сүйсінген ойла рын
аша алмаса да, Абай айтқан жайларға соншалық ынтыға қызығып
тыңдады (М.Ә.).
4. Шылау не шылау мәндес сөздер арқылы.
Сабақтас құрмалас компоненттерін
өзара байланыстыруда
шы лаулар айрықша қызмет атқарады. Есімше тұлғалы сөз дер мен
тіркесе айтылып, келесі басыңқы компонентпен сабақ тастыра
байланыстырады. Оларға
сайын, соң, үшін, бұрын, дейін, кейін,
бері, уақытта, шақта, кезде, қарамастан, ма (ба, бе)
шылаулары
жатады.
Бұлардың кейбіреуі атау тұлғалы есімшені меңгерсе (соң,
сайын, үшін, уақытта, шақта, кезде, ма, т.б.), кейбіреуі тұйық райлы
етістікті меңгереді (үшін, бұрын). Енді
бірі батыс септігіндегі
есімшелерді меңгерсе (дейін, шейін, қарамастан), келесісі шығыс
септікті есімшені меңгереді (кейін, бері, былай, ба, бе).
Мысалдар:
Қызылжарға
келген соң,
Ушаков түсіп жүретін достас пайда
шерігі Зотовтың үйіне түсіп еді (Ғ.М.).
Астық ысырап
болмау үшін,
шаруашылықта барлық мүмкін-
дік жасалды (газеттен).
Осыдан үш-төрт күн
өткенге шейін,
Абай үйде болды (М.Ә.).