Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет86/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   118
2. Көсемше тұлғасы арқылы
Көсемшенің -ып, -іп, -п тұлғасы бағыныңқы компонент 
баян дауышын жасауда белсенді қызмет атқарады. Сондай-ақ 
көсемшенің басқа тұлғалары да сабақтас сөйлемді жасауға қаты-
сады. Есімшеден өзгешелігі, көсемше тұлғалары ол қызметті еш 
өзгеріске түспей, бастапқы қалпында тұрып атқарады:
Мысалдар:
1. Биылғы күз жауынды болып, шаруалар егінін мезгілінде 
жиып ала алмады (Ғ.Мұст.).
2. Шай қойылып, ет асылып жатыр (С.Торайғ.).
3. Шай жиыла бере, Абай жастыққа құлап түсті (М.Ә.).


Қазіргі қазақ тілі
141
4. Байсал Құнанбаймен араздасып кеткелі, Абай мен 
Жиренше нің кездескені осы (М.Ә.).
3. Шартты рай тұлғасы арқылы
Шартты рай тұлғасы (-са) сабақтас құрмаластың бағыныңқы 
компонентінің баяндауышы қызметінде өте өнімді жұмсалып, 
бағыныңқының сан алуан түрлерін жасайды. Мысалы:
1. Менің ойым, Шұғамен көңіл қоссам, алып қашып кету еді 
(Б.М.).
2. Бірақ онысын кейбіреулер мазақ қылса, Омар ол мазаққа 
түсінбейтін еді (Ғ.М.).
3. Ушаков Байжан үйінен қайтып келсе, Соколовтың алдында 
тағы бір адам тұр екен (Ғ.М.).
4. Айбарлы қолбасшысынан айырылған қазақ әскері қан дай 
абыржыса, Тәуекелдің өлгенін естіген жау жағы сондай ша быт-
тана түскен (І. Есенб.).
Кейде шартты рай тұлғалы баяндауыш да дәнекерімен айты-
лады: Дәрмен мен Мағаш, Кәкітайлар өздері сүйсінген ойла рын 
аша алмаса да, Абай айтқан жайларға соншалық ынтыға қызығып 
тыңдады (М.Ә.).
4. Шылау не шылау мәндес сөздер арқылы.
Сабақтас құрмалас компоненттерін өзара байланыстыруда 
шы лаулар айрықша қызмет атқарады. Есімше тұлғалы сөз дер мен 
тіркесе айтылып, келесі басыңқы компонентпен сабақ тастыра 
байланыстырады. Оларға 
сайын, соң, үшін, бұрын, дейін, кейін, 
бері, уақытта, шақта, кезде, қарамастан, ма (ба, бе)
шылаулары 
жатады.
Бұлардың кейбіреуі атау тұлғалы есімшені меңгерсе (соң, 
сайын, үшін, уақытта, шақта, кезде, ма, т.б.), кейбіреуі тұйық райлы 
етістікті меңгереді (үшін, бұрын). Енді бірі батыс септігіндегі 
есімшелерді меңгерсе (дейін, шейін, қарамастан), келесісі шығыс 
септікті есімшені меңгереді (кейін, бері, былай, ба, бе).
Мысалдар:
Қызылжарға 
келген соң,
Ушаков түсіп жүретін достас пайда 
шерігі Зотовтың үйіне түсіп еді (Ғ.М.).
Астық ысырап 
болмау үшін,
шаруашылықта барлық мүмкін-
дік жасалды (газеттен).
Осыдан үш-төрт күн 
өткенге шейін,
Абай үйде болды (М.Ә.).


Бердібай Шалабай
142
Денесі темір құрсаудан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет