Бердібай Шалабай
144
компоненттердің өзара тығыз байланысуынан туатын мағы налық
белгіні және бағыныңқы компонентті жасай алатын грам ма ти-
калық тұлғаны бірдей қатыстыра отырып негізге алады.
Бағыныңқы компоненттерді өзара топтастыру бір белгілі
жүйелілікті талап етеді. Бұл үшін ең алдымен сабақтас құрмалас-
тың құрамындағы синтаксистік компоненттердің бір-біріне де-
ген ара қатынасын, олардың өзара мағыналық байланыстарын
жете білу керек. Ал бір бүтін сабақтас сөйлемнің құрамындағы
жеке компоненттердің бір-бірімен ара қатынасы, байланысу
амалдарына лайық бірін-бірі айқындаудағы мағыналық белгі-
лері біркелкі бола бермейді. Осыған орай тілімізде бағының қы
сөйлемдердің алуан түрі орын алып отырады. Сабақтас құр ма-
лас сөйлемдерді топтастыруда бағыныңқы компонент тұтас ба-
сыңқыға қатысты айтыла ма, не оның тек бір мүшесіне қатысты
бола ма, соған сай бағыныңқының басыңқымен байланысу жолы
босаң ба, не берік пе, не бағыныңқы мен басыңқының қатынасы
тең дәрежеде құрыла ма, осы ерекшеліктері ескерілуі керек.
Осы ерекшеліктеріне орай сабақтас құрмалас сөйлем мынадай
түрлерге жіктеледі:
1. Шартты бағыныңқылы сабақтас
2. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас
3. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас
4. Себеп бағыныңқылы сабақтас
5. Амал бағыныңқылы сабақтас
6. Мақсат бағыныңқылы сабақтас
7. Түсіндірмелі сабақтас
8. Ыңғайлас сабақтас
9. Салыстырмалы сабақтас
Достарыңызбен бөлісу: