Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет94/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   118
Байланысты:
Шалабай

Өздік жұмыс
Сабақтас құрмалас сөйлемдердің компоненттерін ажыратып, 
жасалу жолдарын түсіндіріңіздер. Компоненттерінің құрылымдық 
ерек шеліктерін анықтаңыздар, тұрлаулы мүшелерінің астын сы-
зыңыздар. Тыныс белгілерінің қойылу себептерін түсін дірі ңіз дер.
1-жұмыс. 
Егер әлдеқалай табан астында қарсы алдынан әкесі 
Рысқұл шыға келсе, не істерін білмей дағдарып қалар ма еді, 
қайтер еді... Алақанынан бір ыстық леп тыз етіп Рысқұловтың 
алақанына өтіп, өн бойын шарпып өткендей болды. Сырттай 
бірін-бірі білгенмен, жүздесуі тұңғыш. Сол көз ұшында көрінбей 
қалған балаға бір-ақ қарғып жеткісі келгендей, Рысқұлов кенет 
креслодан атып тұрды. Бала да оны көп жатырқамай, өгей шешеге 
тез үйренді (Ш. Мұртазаев).
2-жұмыс. 
Өгей де болса, өз шешесінен кем көрмеуші еді. 
Вокзал басында пойыз күтіп тұрғанда, Орынбор шіркеулерінің 
кешкі қоңыраулары қала үстін күңірентіп ала жөнелді. Жалғыз 
чемоданды ашып, ішіндегі жалғыз таза костюмді тұтас қабырғаны 
алып жатқан абажадай гардеробқа іліп қойды (Ш. Мұртазаев). 
Осындай нәрселер ойын бөле бергендіктен, намаздың неше басын 
оқығанын да ұмытып қалды (Ғ. Мүсірепов). Айғағы, айтушысы 
жоқ болған соң, бұл сөздің Тәкежанға дарымайтынын Абай өзі де 
сезіп келген-ді (М. Әуезов).
3-жұмыс. 
Бұл бабадан қалған қағиданы Рысқұлов өзі ұмыта 
бергенмен, тағдыр есіне салғандай осы Надя тап болды. Көзден 
таса қылсаң, әйтеуір бірдеңені бүлдіреді (Ш. Мұртазаев). Бұл 
жігіттерді бөгей алмасын сезініп, Омар да ас үйге қарай кетті
(Ғ. Мүсірепов).


Қазіргі қазақ тілі
153
Сан рет скрипканы өзі тартып өткеннен кейін, іңір кезде 
Әбіш өз скрипкасын Мұқаға ұсынды. Осыдан соң Абайды күтуге 
Тоғжан жіберілмей, бұл отауға Найманның кемпірінің өзі кеп 
отырған (М. Әуезов).
4-жұмыс. 
Егер сендер адаспасаңдар, жолымыз Жыландының 
сыртында түйіссе керек еді. Бірақ Тобықты атқамінерлері осылай 
дегенмен, Керей-Найман Абайды олай мінеген жоқ (М. Әуезов). 
Жұқа жібектей көгілдір аспанда кең орай қалықтап, жалғыз қара 
бүркіт жүр. Әзір танымағандықтан таңырқауы көп болса да, дала 
енді ол отты өшірмейді (Ғ. Мүсірепов). Бұлар танысып болғанша, 
алақандай Қарағанды хабарланып та болды (Ғ. Мұстафин).
5-жұмыс. 
Алтынды оған дәл өз ойы қалай тілесе, түсіне де 
солай кірген еді. Осы түсі қайта есіне түсіп кеткенде, Ушаков 
әлденеден тітіркеніп те қалды. Жіңішке жирені қолына тиген 
соң, жігіт артына қарай-қарай ұзай берді. Мұның айтарын өзі 
біліп қойғандай, басқа жайды сұраған да жоқ (Ғ. Мүсірепов). 
Байсал Құнанбаймен араздасып кеткелі, Абай мен Жиреншенің 
кездескені осы (М. Әуезов).
6-жұмыс. 
Ысқақтар, жасы кіші болғандықтан, Абайға сәлем 
беріп келіп аттарынан түсті. Тәнге ас керек болғандай, жүрекке 
де ақыл сонша керек (М. Әуезов). Көмірді неғұрлым көп берсе, 
ақы соғұрлым көп (Ғ. Мұстафин). Алғашқы күз бен қыста жау 
жағының өсек-аяңы бола ма деп, болыс Бақтығұлды кеңсе 
қызметіне алған жоқ (М. Әуезов). Шахтаға түспестен бұрын, 
Еркін кішкене бөлмесіне келіп еді (Ғ. Мұстафин).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет