Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет89/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   118
Байланысты:
Шалабай

3. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас
Бағыныңқы компоненті басыңқыдағы істің мезгілін білдіріп 
тұрады. Жасалу жолдары:
• -ған
+
да, -ген +де
Бала сүрініп құлай бергенде, атшабар да қармап көтере 
берді
(М.Ә.).
• -ар+да, -ер+де
Сол той тарқап, жеккен пар аттың тарантасына Айбарша 
мінерде, ауыл адамдары жапырласа қолдасып амандасты 
(С.М.).
• -ған
+
ша, -ген
+
ше
Әйел етті қазанға салғанша, үйге бірталай жұрт жиналып 
қалды 
(С.М.).
• -а, -е 
Айбарша тысқа шыға, Масақбай Дәулеттің хатын оқуға 
кірісті 
(С.М.).
• -ып, -іп, -п (бірақ алдындағы -й көсемше тұлғалы негізгі 
етістік үлкен рөл атқарады).
Арада екі-үш күн өтпей жатып, аңшы досы шатырға тағы 
келді
(Ә.К.).
• -ғалы, -гелі, -қалы, -келі
Өзі, сол қағаз келгелі, ішінен көп мазасызданып, қынжылып 
жүрген 
(М.Ә.)
• -ысымен, -ісімен
Алғашқы топ кетісімен, өзге қонақтар да іркілген жоқ 
(М.Ә.).
• -са, -се
Көзімді ашып алдыңғы жаққа қарасам, екі адам қарауытып 
тұр екен 
(Ғ.М.).
Аналитика-синтетикалық тәсіл арқылы да жасалады:
• -ған кезде(шақта, сайын, соң, т.б.)
Құнанбай ұзақ сөйлеп отырған кезде, Бөжей қыбыр етіп 
қозғалған жоқ 
(М.Ә.).
• -ғанға дейін (шейін)
Жүргіншілер әбден көзден таса болғанға шейін, бұлар арт-
тарынан қарап тұрады 
(М.Ә.).


Қазіргі қазақ тілі
147
• -ғаннан кейін (бері, былай)
Ленинградқа апаратын сыйлықпен Рахмет жүріп кеткеннен 
кейін, Мырқының атынан берілген арызды прокурор тексере 
бастады 
(С. Ерубаев).
4. Себеп бағыныңқылы сабақтас
Бағыныңқы компоненті басыңқыда болған істің себебін 
білдіреді. 
• Есімше тұлғасы (-ғандықтан) арқылы:
Қонақ келетін болғандықтан, бұл өлке биелерін де 
жылдағыдан ерте байлапты 
(М.Ә.).
• Көсемше тұлғасы арқылы (-ып, -іп, -п; -ма+й):
Кешеден бері Нұрғали сырқаттанып қалып, Бағила өзі 
алтыбақанға келе алмады 
(Д.Ә.).
Көбінде тұратын жылы мекен болмай, көктемнің қара 
суығында шатырларды мекендейді 
(С.М.).
Алғашқы күз бен қыста жау жағының өсек-аяңы бола ма 
деп, болыс Бақтығұлды кеңсе қызметіне алған жоқ 
(М.Ә.).
Аналитикалық-синтетикалық тәсілдер арқылы:
Өткен шақ есімшеге 
себепті
шылауы тіркеседі (-ған соң)
Шұға шын ауруға айналған соң, Есімбек жұмсайын деді 
(Б.М.).
Оңайлықпен орнын берген себепті, Күнтудың да тілегі 
орындалды 
(М.Ә.).
Содан кейін жауап болмаған соң, мен кешірді деп ойладым 
(М.Ә.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет