Бердібай Шалабай
148
Қалжыңы, күлкісі араласа, шай өте көңілді ішілді
(С.М.).
Қысқа жіп күрмеуге келмей, бір тор биеңді сойып алдым
(Ғ.М.).
Сұлтанмахмұттың бетіне кенет қан жүгіргендей, жаңа қызыл
өң пайда болды
(Д.Ә.).
Әлденелер есіне түскендей боп, Әміржан
әңгімесін осы жерде тағы бір үзеді
(Б.М.).
– Оған Абай енді
қайтып ырық береді деп, Тәкежан да, Шұбар да үміт қыла
алмайды
(М.Ә.).
6. Мақсат бағыныңқылы сабақтас
Бағыныңқы компонент басыңқыда болған оқиға, әрекет тің
қандай мақсатпен болғанын хабарлап тұрады. Жасалу жолдары:
•
Үшін
шылаулы тұйық етістіктен жасалады:
Күзетші сезіп қалмау үшін, біз жыраның ішімен еңбектеп
кеттік
(С. Көбеев).
Үй дымқыл болмас үшін, әуелі тас өрілетін
табанның өзін ертерек қазып тастап, әбден кептіреміз
(Ғ. Сланов).
• -деп көмекші етістігі бұйрық райдың ІІІ жағы, кейде –
ар тұлғалы есімшемен тіркесе айтылады:
Өзі әлсіреп жүрген
қозылы-қойлар үркіп қақтықпасын, қиналмасын деп, Әлім
Петроға дәл отардан кем қойса жарты километрдей жырақ
қонуды тапсыратын
(М.Ә.).
Кейде осындай құрылымды
бағыныңқы себеп мәнін де
білдіреді. Бұл бағыныңқы баяндауышы қай шақта қолданылуымен
байланысты. Егер баяндауыш келер не осы шақта жұмсалса,
мақсат бағыныңқы жасайды, өткен шақпен не ауыспалы шақпен
келсе, себеп бағыныңқы жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: