Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет87/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   118
Байланысты:
Шалабай

босанғаннан кейін,
Ботагөз екі жақ 
қолтығынан ұстаған адамға кезек-кезек қарады (С.М.).
5) Қатыстық сөздер арқылы
Сабақтас құрмалас түрлерін жасауда екі компонент құрамын-
да келетін қатыстық сөздер де елеулі рөл атқарады. Олар құр-
малас компоненттерін бір-бірімен берік байланыстырып, біріне-
бірін қатысты етіп тұрады. Мұндай қатыстық сөздер сілтеу, сұрау 
есімдіктерінен жасалып, бағыныңқы мен басыңқының құрамында 
жұптаса айтылады. (Кім-сол, қайда-сонда, қанша-сонша, қандай-
сондай, кімді-соны, нені-соны).
Партия 
қайда
жіберсе, мен де 
сонда 
барамын (С.М.).
Көмірді 
неғұрлым 
көп берсе, ақы 
соғұрлым 
көп (Ғ.Мұст.).
Еңбекті 
қанша 
істесең, табысты 
сонша 
аласың (Х.Есен.).
Жарыста 
кім 
озса, қызыл туды 
сол 
алады (С.М.).
Ажары 
қандай 
болса, ақылы да 
сондай 
(Б.М.).
Жоғарыдағы мысалдардан байқалатыны, қатыстық сөздер 
баяндауыштары негізінен шартты рай тұлғасы арқылы байла ныс-
қан сабақтастарда орын алған. 
Сабақтас құрмаластарды топтастыру
Бағыныңқы компоненттерді топтастыруда тіл ғылымында 3 
түрлі ұстаным қалыптасқан:
1) функционалдық ұстаным; 2) тұлғашылдық ұстаным; 3) құ-
рылымдық ұстаным.
1. Функционалдық ұстаным бойынша, сабақтас құрмаластың 
бағыныңқы компоненті жай сөйлем мүшелерінің атқаратын 
қызметімен теңестіріледі. Ондайда бағыныңқы компонент пен 
әдеттегі жай сөйлем арасындағы айырмашылықтар ажыратыл-
май қалады. Бағыныңқы компонент басыңқы компоненттің бір 
мүше сі ретінде танылып, оның жеке түрлері де сөйлем мүше лері-
нің атымен айтылады (Қ. Жұбанов, Ф.И. Буслаев, С. Жиенбаев,
Н. Сауранбаев). Мыс: бастауыш бағыныңқы, баяндауыш бағы-
ның қы, анықтауыш бағыныңқы).
2. Тұлғашылдық ұстаным бойынша бағыныңқының басың қы-
мен байланысу амалдары ескерілетін болады (А.М. Пешковский, 
М.И. Петерсон, Л.А. Булаховский). Орыс тілінде сабақтас 


Қазіргі қазақ тілі
143
құрмалас сөйлемнің компо ненттері негізінен шылаулар арқылы 
байланы сатын болғандықтан олар осыған көңіл бөлді.
3. Үшінші ұстаным бойынша бағыныңқы, басыңқы компо-
ненттердің өзара қарым-қатынасы, олардың құрылу жолдары 
және компоненттердің байланысынан туындай мағыналық бел-
гілер негізге алынады.
Қазақ тіл білімінде алғаш функционалдық ұстаным басшы-
лыққа алынса, кейін мағыналық ұстаным негізге алынды. Соңғы 
ұстаным бойынша бағыныңқы компонент сөйлемдік мәнінде кең 
ұғымда түсініліп, оның басыңқымен тығыз қарым-қатынасқа 
түсудегі екі арадағы мағыналық мазмұны басшылыққа алынады 
(С. Аманжолов, Т. Қордабаев).
Бағыныңқы компоненттерді топтастыруда қазақ тіл білімінде 
мағыналық-тұлғалық ұстаным да басшылыққа алынады. Ол бо-
йынша бағыныңқы компоненттердің басыңқыны айқындаудағы 
мағыналық белгілері мен олардың жасалу жолдары өзара тығыз 
байланыстырыла қарастырылады. Сондықтан бұл ұстаным 
алдыңғыларға қарағанда, сөз жоқ, сабақтас құрмалас сөйлемдерді 
ғылыми тұрғыдан жіктеуде дұрыс негіз болады. 
Сөйтіп, қазақ тіл білімінде сабақтас құрмалас сөйлемдерді 
топтастыруда 3 түрлі ұстаным: функционалдық, мағыналық, ма-
ғыналық-тұлғалық болғанын көреміз. Бағыныңқы компоненттер-
ді бір белгісіне қарап топтастыру дұрыс бола бермейді. Мысалы, 
бағыныңқыларды сөйлем ішіндегі қызметіне қарай саралау олар-
ды жеке сөйлем мүшесінің атқаратын қызметімен бірдейлесті руге 
әкеледі де, бағыныңқыны басыңқының бір мүшесі ретінде ғана 
тануға жол ашады. Осыдан келіп бағыныңқы сөйлемнің өзіндік 
жаратылысы, грамматикалық табиғаты тар шеңберде түсі ніліп, 
тек басыңқыны айқындаудағы қызметі жалаң қарасты ры лады. 
Сондай-ақ, сабақтас сөйлемдерді жіктеуде бірыңғай мағыналық 
ұстанымға да сүйене беруге болмайды. Өйткені бағыныңқы ком-
поненттердің бойындағы мағыналық мазмұны әр алуан болып 
отырады. Осыған орай әрбір мағыналық белгіге сай бағыныңқы 
сөйлемдерді жіктей берсек, олардың түрлері де шектен тыс кө-
бейе берген болар еді. Сондықтан сабақтас сөйлемдерді өзара 
топтастыруда да мағыналық-тұлғалық ұстанымға сүйенген дұ-
рыс. Бұның тиімділігі – ең алдымен бағыныңқы мен басың қы 


Бердібай Шалабай
144
компоненттердің өзара тығыз байланысуынан туатын мағы налық 
белгіні және бағыныңқы компонентті жасай алатын грам ма ти-
калық тұлғаны бірдей қатыстыра отырып негізге алады.
Бағыныңқы компоненттерді өзара топтастыру бір белгілі 
жүйелілікті талап етеді. Бұл үшін ең алдымен сабақтас құрмалас-
тың құрамындағы синтаксистік компоненттердің бір-біріне де-
ген ара қатынасын, олардың өзара мағыналық байланыстарын 
жете білу керек. Ал бір бүтін сабақтас сөйлемнің құрамындағы 
жеке компоненттердің бір-бірімен ара қатынасы, байланысу 
амалдарына лайық бірін-бірі айқындаудағы мағыналық белгі-
лері біркелкі бола бермейді. Осыған орай тілімізде бағының қы 
сөйлемдердің алуан түрі орын алып отырады. Сабақтас құр ма-
лас сөйлемдерді топтастыруда бағыныңқы компонент тұтас ба-
сыңқыға қатысты айтыла ма, не оның тек бір мүшесіне қатысты 
бола ма, соған сай бағыныңқының басыңқымен байланысу жолы 
босаң ба, не берік пе, не бағыныңқы мен басыңқының қатынасы 
тең дәрежеде құрыла ма, осы ерекшеліктері ескерілуі керек. 
Осы ерекшеліктеріне орай сабақтас құрмалас сөйлем мынадай 
түрлерге жіктеледі:
1. Шартты бағыныңқылы сабақтас
2. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас 
3. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас 
4. Себеп бағыныңқылы сабақтас
5. Амал бағыныңқылы сабақтас
6. Мақсат бағыныңқылы сабақтас
7. Түсіндірмелі сабақтас
8. Ыңғайлас сабақтас
9. Салыстырмалы сабақтас


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет