Бердібай Шалабай
154
тіркескен тұйық етістіктен жасалып, мақсаттық мағына береді.
Бағы ныңқы компонент баяндауышы шартты рай тұлғасынан
жаса лады, компоненттерінің мағыналық қатынасы – мезгілдестік.
2-жұмыс.
Таң алдында бір ғана сағат мызғығаны болмаса,
Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді. Құйрығын тірсегінен шорт
кескен күдік торы ауыздығы алына салысымен басты жерге
салып, атқұлақ араласқан көк өлеңді борт-борт үзе бастады
(М. Әуезов). Таныс біреу кездесер ме екен деп, Жабай жер үйлер-
ді аралап кетті (Ғ. Мүсірепов). Осы адамдарға іштей риза бола
тұра, Байжан олармен жолыққан алғашқы күндерін де есіне тү-
сіріп қояды (С. Мұқанов). Осы интернат ашылмағанда, консер-
вато рияға скрипкашы, пианист қазақ балаларын даярлап беру
мәселесі шешілмек емес («Қазақ әдебиеті»).
• Бағыныңқы компонент баяндауышы -п көсемше тұлғасына
аяқталып, амалдық қатынас білдіреді.
3-жұмыс.
Ауызғы үйде бұл жақтың белгісіндей тықыр біл-
дірмей сергектікпен тосып отырған Ербол, Абай әні шыққанда,
Баймағанбетке шам жақтырды. Сирек бір қонағы келгендей,
сыпайы пішінмен қарсы алды. Бұл отырыста Абайдың мұншалық
ықыласына ырза болғаны білінсе де, қыздың осыдан ары сөз
бетін ашқысы келмегендей. Ысқақтар, жасы кіші болғандықтан,
Абайға сәлем беріп келіп аттарынан түсті (М. Әуезов). Егер
Амантай қызды арашалап алып қалса, мен бір қарғыстан аман
қалар ем (С. Мұқанов).
• Бағыныңқы компонент баяндауышы көсемше тұлғасы (-а),
мағыналық қатынасы – қарсылықты. Бағыныңқы компонент
баян дауышы «кейін» шылауы тіркескен шығыс жалғаулы өткен
шақ есімше тұлғасы, мағынасы – мезгілдік.
Достарыңызбен бөлісу: