Қазіргі қазақ тілі
149
1) Сенің малың кетсе, ол – азаматтың құны (М.Ә.).
2) Жастық деген не десе, жарқыраған нұр деуші ем (Ғ.М.).
3) Жақындаған шапқыншыға жұрт көзін тіксе – Байжан!
Аянышты дауысқа Шоқан жалт қараса – Күнтай!
8. Ыңғайлас мезгілдес сабақтас
Сабақтастың бұл түрінде бағыныңқы компонент мағыналық
жағынан басыңқыға тәуелді болмай, теңдес қатынаста жұмсалып,
тек тұлғасы жағынан тиянақсыз болып келеді. Компоненттерінің
мазмұны ыңғайластық, мезгілдестік қатынасқа құрылады. Мы-
салдар: Үй тігіліп жатса, жүк жиналып жатыр (Ғ.М.). Майбасар
сәлемі бір келсе, соған ілесе Жігітектің бұл жауабы және келді
(М.Ә.). Астынан қаракөк арғымағы түспесе, қолынан ырғай
сапты дырау қамшысы түскен емес (Ғ.М.). Әйелдер сиыр сауып,
еркектері
өрістен келген қойларын бөліп, қыз-келіншектері су
тасып жүр (Б.М.). Енді біразда Жұманның көптен күткен қазаны
түсіріліп, жұрт асқа әзірлене бастады (М.Ә.).
9. Салыстырмалы сабақтас
Компоненттерінде оқиғалар
бір-бірімен салыстырыла жұм-
салады. Ол салыстырулар көбінесе теңдестік, бірыңғай са-
лыс тырулар болса, кейде қарама-қарсы бағытта болады. Ком-
по ненттер құрамында өзара
салыстырыла айтылған сөздер
болады, соған орай
қандай-сондай, қалай-солай, қанша-сонша
есімдіктері және үстеу сөздер жұптаса айтылады. Енді үстемелі
дәрежедегі салыстыруларға мысалдар: Орыс әдебиеті үшін
Пушкиннің орны қандай болса, қазақ әдебиетіндегі Абай рөлі дәл
сондай (кітаптан). Абай өзі қандай шарасыз болса, олар да сондай
(М.Ә.). Надан Малқар ескі әдетімен елді қорқытып ұстамақ
болса, залым Шәлкендер алдап ұстамақ (Ғ.Мұст.). Стаханов жер
жүзілік рекорд жасаса, Әкімдер одан да асты (Ғ.М.).
Аналар
қырық шамалы болғанда, бұлардың бары – жиырмадан артық
емес (М.Ә.).