Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет99/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   118
Байланысты:
Шалабай

Аралас құрмалас сөйлем
Құрамына енген компоненттері бір-бірімен салаласып та, 
са бақтасып та байланысатын құрмалас сөйлемдерді аралас құр-
малас сөйлем деп атайды. 
Аралас құрмалас құрамындағы компоненттерді бір-бірімен 
байланыстыратын амал-тәсілдер салалас және сабақтас құрмалас 
компоненттерін байланыстыратын амал-тәсілдерден тұ рады. 
Сондықтан аралас құрмалас дегеніміз құрмалас сөйлем компо-
нент терін байланыстырудың үшінші бір тәсілі емес, сол салалас-
тыра және сабақтастыра байланыстыратын тәсілдердің бір құр-
малас сөйлем бойында қолданысы болады.
Ежелден мәлім: қай ауылдың үстінде сияз болса, сол ауыл 
мол шығасылы болмақ (М.Ә.). Абай асықпай киініп боп, енді үйіне 
қайтпақ боп артына бұрылып еді, – жар жағасына Тәкежан кеп 
тұр екен (М.Ә.).
Алғашқы сөйлемде бірінші компонент салаласа, екінші және 
үшінші компоненттер сабақтаса байланысып тұрса, екін ші сөй-
лемде бірінші, екінші компоненттер өзара сабақтаса, үшін шісімен 
салаласа байланысқан.
Көп компонентті құрмалас сөйлемдерге
практикалық тапсырмалар
Тақырыптың мақсаты: 
Көп компонентті құрмалас сөйлемнің 
өзіндік белгісін, оның дара құрылымды құрмаластардан ажыратып 
тұратын айырым құрылымдық әрі мағыналық ерекшеліктерін 
түсіну, түрлерін саралап талдау.
Тақырыптың дәйектемесі:
Оқулықтарда көп компонентті құр-
малас сөйлемдер өз алдына арнайы бір тип ретінде қаралмайды. 
Еңбектерде көп компонентті салалас, көп бағыныңқылы сабақтас 
және аралас құрмалас сөйлемдер жеке-жеке қаралғаны болмаса, 
олар көп компонентті құрмаластың түрлері ретінде ортақ белгілері 
тұрғысынан топтастырылмай келеді.
Тапсырма сұрақтар
1) Көп компонентті құрмаластың өзіндік ерекшелігі, құрылымдық 


Бердібай Шалабай
160
белгісі, түрлері. 2) Көп компонентті салаластар және ол жөніндегі пікір-
лер. Ашық құрылымды салаластар, олардың көп компонентті салаластар-
дың басқа түрлерінен ерекшелігі. Көп компонентті салаластардың мағына-
лық-құрылымдық ерекшеліктері. Көп компонентті салаластардың сыйы сып 
жұмсалуы. Ол жөніндегі пікірлер. 4) Көп бағыныңқылы сабақтастар, түр-
лері, зерттелуі. 5) Аралас құрмалас сөйлемдер, ол жөніндегі пікірлер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет