Қазіргі қазақ тілі
155
сыйлатты. Бірақ бүгін де кешегідей күні бойы түлкі кездеспей,
кешке жақын ғана көрінді (М. Әуезов).
• Бағыныңқы баяндауышы- са тұлғалы, компоненттері шарт-
ты лық мағыналық қатынаста. Бағыныңқы баяндауышы – септеу-
лік шылаулы өткен шақ есімше тұлғасы, мағынасы – мезгілдік.
5-жұмыс.
Бұл көршілер осы көктемнен бері Абай мен
Баймағанбет дөң басына шықса, қызық әңгімелер айтысып оты-
ра тынын біледі. Баймағанбеттің әңгімесі жаңа басталғанда, бұл
екеуінің қастарына отыра берген Кішкене молда, Байторылар ырза
болысты. Тың адам келді екен деп, айтып отырған әңгімесінің
желісін өзгертпейді. Сырласып ішті ашпаса да, Абай Әйгерімнің
қандай оймен қатуланғанын ұққан еді. Тұрғанбай Жиреншеге ыза
болғандықтан, Абылғазымен ақылдасайын деп отырған жерінен
тыйылып қалды (М. Әуезов).
1) Жасалуы – шартты рай тұлғасы,
мағынасы – салыстырмалы.
2) Жасалуы – есімше тұлғасы,
мағынасы – шарттылық.
6-жұмыс.
Құс ытқи бере, ойда жүрген Баймағанбеттің «кеу!»
деп қалған айғайы естілді. Аңшылар қостарына келсе, Абай
қосында қонақ бар екен. Ертеңінде Абайлар аңға шыққанда,
Жиренше мен Абылғазы ере шықты. Абылғазының қолындағы
Жиреншенің құсы тіленіп талпынса да, Жиренше оны жіберткен
жоқ. Жүрек қобалжып, бас айналды (М. Әуезов).
1) Жасалуы – есімше тұлғасы,
мағынасы – қарсылықты.
2) Жасалуы – көсемше тұлғасы,
мағынасы – себептік.
Достарыңызбен бөлісу: