Архив(лат. archivum)–тарихи маңызы бар құжаттар сақталатын мемлекеттік арнаулы мекеме.
Ассимиляция–бір халықтың өз тілін, мәдениетін, ұлттық сана-сезімін жоғалтып, екінші халыққа сіңіп кетуі.
Әдет-ғұрып – адамдардың белгілі бір жағдайларға байланысты, қайталаным отыратын үйреншікті мінез-құлықтық іс-қимылдары. Оларға көпшілікке ортақ еңбек ету әдістері, тұрмысқа және отбасыға байланысты адамдар арақатысының сол қоғамда кең тараған түрлері және діни салттар, тайпа, тап, халық өмірінің ерекшеліктерін бейнелейтін және қайталанып отыратын әрекеттер жатады.
Әкімшілік – лат. басқару, 1) басқару функцияларын атқарушы мемлекеттік органдардың болуы; 2) Басқарудағы қызметтік тұлғалар, мекемені басқарушы персонал, мекеме.
Әлем – материалды дүние, мтериалды объектілер, сапалық жағынан әртүрлі болып келетін материя формаларының толық жиынтығы.
Әлеуметтік әрекет – басқа адамдардың әрекеттеріне мағынасы сай келетін, не соларға бағытталған әрекет үстіндегі адамдардың іс-әрекеті
Әлеуметтік бақылау – қоғам не әлеуметтік топ өз мүшелерінің талаптар мен үміттерге қатысты конформды тәртібіне кепілдік беретін құралдар жиынтығы
Әскери демократия –көне грек қоғамындағы әскери көсемдердің алғашқы адамдар қауымындағы ұжымшылдық пендемократия қалдықтарын сақтай отырып, билік жүргізген жүйесін атау үшін, тұңғыш америкалық тарихшы Л.Г. Морган (1818-1881) қолданған ғылыми термин. Ә.д-ны гректер сияқты кельттер мен германдар, нормандар, сақтар, сақтар т.б. басынан өткізген.
Әлеуметтік қатынастар – мәні жағынан бір-біріне сай келіп, әрекеттері соған сай сипатталатын қайталанбалы өзара әрекеттің саналы түрде сезіммен қабылданатын жиынтығы
Әлеуметтік құрылым – қоғамдық еңбек бөлінісіне, өндіріс күштерінің және өндірістік қатынастардың деңгейіне байланысты қалыптасқан қауымдардың тұтастығы және олардың өзара тұрақты қтынастары.
Әлеуметтік процесс - көптеген әлеуметтік әрекеттерден бөліп алуға болатын бір бағыттағы және қайталанып отыратын іс-әрекеттердің жиынтығы