Пікір жазғандар: Кәрібаев Б. Б



бет77/93
Дата10.03.2023
өлшемі0,68 Mb.
#73115
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   93
Байланысты:
annotation165748

2. Глоссарий


Автономия (грек. Autonomia - өзін-өзі басқару, тәуелсіздік) – бір мемлекеттің құрамындағы саяси-ұлттық құрылымның айрықша статус алып, өзінің ішкі проблемаларын дербес шешудің кең де ауқымды мүмкіндіктеріне ие болу. Бір мемлекеттің шеңберінде өзін-өзі басқаруға құқық берілген саяси-ұлтық құрылым.
Автохтон(гр. – тұрғылықты, тұрақты; қарама-қарсы – аллоктон) – жергілікті жерде пайда болған мәдениеттер.
Агрессия – басқа елдердің жерін тартып алу, егемендігінен айыру немесе шектеу, халқын күшпен бағындыру мақсатымен қарулы шабуыл жасау.
Адам – жер бетіндегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, саяси-қоғамдық қатынастардың негізгі субъектісі мен объектісі.
Адам құқықтары – белгілі бір игілік алуды, өмір сүруді қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынастары, кепілдіктері.
Адаптация – жүйенің сыртқы және ішкі орта жағдайына бейімделу үдерісі.
Азаматтық қоғам– жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз ететін қоғам. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына шек қойылады. Онда адамның халықаралық дәрежеде танылған ережелерге сай құқықтары сақталады.
Ақсақал – аталас туыстар билігін жүргізетін адам.
Ақтаңдақтар – мүлде немесе зерттелмеген, сондай-ақ дұрыс түсіндірілмей бұрмалана жазылып келген тақырыптар.
Альянс – ортақ мақсаттарға жету үшін келісім-шарт негізінде жасаған ұйымдардың одағы, бірлестігі.
Анархия – 1) Мемлекеттік биліксіз әр түрлі қауымдастықтар, бірлестіктер, одақтар арқылы өзін-өзі басқаратын қоғам құруға тырысушылық; 2) үйреншікті өмірде тәртіпсіздікті, жөнсіздікті, заңсыздықты, басшылықтың жоқтығын білдіреді.
Антагонизм – мүдделері қарама-қарсы күштердің, қастасқан таптар, топтар, партиялар және т.б. арақатынасының шиелініскен түрі.
Архаикалық мәдениет – грекше «ежелгі» деген мағынаны береді. Адамдар қалыптасқан кезден бастап өркениеттілікке дейінгі ежелгі мәдениет саласында кең мағынада қолданылып келген жалпы сипаттамасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет