Пікір жазғандар: Кәрібаев Б. Б



бет79/93
Дата10.03.2023
өлшемі0,68 Mb.
#73115
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   93
Байланысты:
annotation165748

Әлеуметтік саясат – қоғамның ең жақсы дамуын қамтамасыз етуге, әлеуметтік мүдделер мен қажеттіктерді қанағаттандыруға, лайықты өмір салтын орнатуға бағытталған саяси шешімдер мен іс-әрекеттер жиынтығы.
Әлеуметтік топ – топ мүшелерінің бір-бірімен қарым-қатынастарды барысында бөліну негізінде белгілі бір жағдайда өзара әрекеттестікте болатын индивидтер жиынтығы
Батыр - әскери өнерді жақсы меңгерген, жау-жүрек ерлігімен аты шыққан, қаһарман адамға берілетін құрметті атақ.
Билік – 1) адамдардың іс-әрекетіне, қызметіне, тағдырына белгілі бір адамдардың (бедел, жігер, құқық, зорлықтың) көмегімен әсер ету мүмкіншілігі; 2) адамдарға саяси билік жүргізу; 3) мемлекеттік органдардың жүйесі; 4) мемлекеттік және әкімшілік өкілеттілігі бар қызмет адамдары, органдары.
Билiктi тармақтаға бөлу принципі— демократиялық-құқықтық елде мемлекеттік билікті бір-біріне тәуелсіз, дербес тармақтарға: заң шығару, атқару және сот қызметіне бөлу қағидаты. Бұл құқықтық-саяси ұстынның басты мақсаты — билікті бір адамның, не бір мемлекеттік органның қолына ғана шоғырландыруға жол бермеу.
Босқындар – қоғамда белгілі бір күштердің (саяси, экономикалық, этникалық қысым, соғыс, табиғи апат) қысымына қарсы тұруға, төзуге шарасыз болудың әсерінен өз елінен басқа бір елге көшуге мәжбүр болған адамдар.
Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) – жұртшылыққа жүйелі түрде хабар тарататын құралдар: баспасөз, радио, теледидар.
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) – дүние жүзіндегі мемлекеттердің басым көпшілігін біріктіретін, ең ықпалды, әмбебап халықаралық ұйым.
Вакуум – бос кеңістік.
Весицология – тулар, жалау туралы ғылым. 
Волюнтаризм – саяси серкелердің қоғамдық өмір жағдайлармен санаспай, өз бетімен күштеу әдістеріне сүйеніп жүргізген саясаты.
Геноцид нәсілдік, ұлттық және діни белгілеріне қарай халықтың жекелеген топтарын жою, қуғын-сүргін көрсету.
Геосаясат – сыртқы саясатты географиялық факторларға (аумағына, ауа райына, қазба байлықтарына т.б.) байланысты жүргізетін саясат. Бұл теорияның негізін қалаушы Ф.Ратцель, Х.Маккиндер т.б. қоғамның экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайы мен даму барысы географиялық ортаға байланысты дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет