Пікір жазғандар: Кәрібаев Б. Б


Геральдика – елтаңбалар мен рәміздер туралы ғылым саласы. Дағдарыс



бет80/93
Дата10.03.2023
өлшемі0,68 Mb.
#73115
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   93
Байланысты:
annotation165748

Геральдика – елтаңбалар мен рәміздер туралы ғылым саласы.
Дағдарыс, кризис (грек. krisis-бетбұрыс кезі) – қоғамдағы өзгерістер алдындағы өтпелі кезең; әлеуметтік ахуалдың шиеленісіп, қауіпті, тұрақсыздық сипат иеленуі.
Дәстүр – тарих барысында қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отыратын әдет-ғұрыптар, салт-сана, қоғмдық тәртіп, заң, мұрат пен игілік, мінез-құлық қалыптары және т.б., қоғамда, ұлтта немесе жекелеген әлеуметтік топтарда ұзақ уақыт бойы сақталатын әлеуметтік-мәдени мұра элементтері.
Дәуір –қоғамның, табиғаттың, саясаттың, ғылымның, жалпы өзіндік ерекшеліктері бар ұзақ кезеңі.
Декларация (лат. declaratio-мәлімдеу, хабарлау)-мемлекеттік саясат пен құқықтық, халықаралық қарым-қатынастардың негізгі принциптерін салтанатты түрде жариялайтын құжат.
Делимитация – іргелес мемлекеттер арасындағы келісім бойынша мемлекеттік шекараның орналасуы мен бағытын анықтау.
Демаркация – шектеліп жатқан мемлекеттер арасын айыру үшін арнаулы шекаралық белгілермен шекараны енгізу, белгілеу.
Демократия (грек. demos-халық және kratos-билік) – қоғамды, мемлекеттік билікті саяси және әлеуметтік ұйымдастырудың негізгі пішімдерінің бірі, ұдайы дамып, жетіліп отыратын саяси режим.
Демография – халықты зерттеу, халықтану ғылымы деген ұғымды білдіреді.
Депозитарий – халықаралық құқықта, халықаралық келісім-шарт мәтінін, оның бекітілгені туралы құжатты сақтауға өзіне міндеттеме алған мемлекет немесе халықаралық ұйым.
Депортация – жеке адамдарды, халықтарды (олардың бір бөлігін) еріксіз, күшпен жер аудару.
Деспотизм – 1) өкіметтің толық бассыздығына, қол астындағы азаматтардың еріксіздігіне негізделген мемлекеттік құрылыстың жүйесі; 2) жеке адамның бостандығын мейірімсіз, қатал басып-жаншу тәсілі.
Децентрализация – орталық басқару жүйесінің жергілікті жерге өз билігінің бөлігін беруі.
Диктатор - заңмен санаспай, күштеу мен қудалауға сүйенетін шексіз билеп төстеуші.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет