Пікір жазғандар: Кәрібаев Б. Б


«Нұрлы көш» бағдарламасы және отандастардың тарихи отанына оралуы



бет65/93
Дата10.03.2023
өлшемі0,68 Mb.
#73115
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   93
5.4 «Нұрлы көш» бағдарламасы және отандастардың тарихи отанына оралуы.
1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасы 706 мыңнан астам этникалық қазақтарды қабылдады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап көші-қон үдерістерін дұрыс жолға қою мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болғаны белгілі. 2007 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің 2007-2015 жылдарға арналған көші-қон саясатының Тұжырымдамасы қабылданды (Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 ж. 28 тамызындағы №399 Жарлығы). Бағдарламаның құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1997 ж. 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Көші-қон туралы» Заңы, «2007-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының Тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 ж. 28-тамыздағы №399 Жарлығы, «2015 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының территориялық дамуының Стратегиясы туралы» 2006 ж. 28-тамыздағы №167 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 ж. 10-шілдесіндегі №1149 Жарлығы бойынша «2004-2010 жылдарға арналған ауыл территорияларын дамыту туралы Мемлекеттік бағдарламасы» құрайды.
1990-шы жылдары Қазақстан Республикасынан 2,3 млн. адам жақын шетелдерге көшіп кетсе, әлеуетті мигранттардың саны 6 млн. аса адамды құрады. Ал, Қазақстанға көшіп келген 552 мыңнан аса адам 10%-ға да жетпеді.
Қазақстанға алыс шет елдердің ішінен Қытайдан көшіп келушілердің саны көбірек. Еліміз тәуелсіздігін алғанға дейінгі уақытта да Қытайдан репатрианттар көшіп келген болатын. Бірақ көшіп келушілердің саны айтарлықтай көп емес: соңғы 5 жыл ішінде Қытайға жыл сайын 30-ға жуық адам көшіп кеткен, ал көшіп келгені 500-800 адам. Әзірге, бұл лектің қаншалықты өзгеретінін айту мүмкін емес. Дегенмен, Қытайдағы қазақ диаспорасының саны 1,5 млн адамды құрайды.
Қазақстандағы көші-қон саясаты жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты – ТМД, Балтық және алыс шетелдерден этникалық қазақтарды отанға қайта көшіру. Репатриация саясатын таңдауы - Қазақстанның осы уақытқа дейінгі демографиялық жағдайының дамуына байланысты болды. Бірнеше онжылдықтар бойы қазақ халқы өз мемлекетінде этникалық көпшілікті құрамады, тек 1986 ж. қазақ этносының саны орыс халқының санымен теңесті және осы жылдан кейін қазақтардың саны өсе бастады. Тұрғындардың санын көбейту «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында жазылғандай, мемлекеттік саясаттың негізгі стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Шет елдердегі этникалық қазақтарды көшіру халықтың санын көбейтіп қана қоймай, сондай-ақ жергілікті халықтың сандық үлесін көбейтеді. Репатрианттарды отанына көшіру, орналастыру және қоғамға интеграциялау көші-қон саясатының және негізгі атқарушы орган қызметінің маңызды басымдықтарының бірі ретінде жарияланды.
«Көші-қон туралы Заңды» қабылдағаннан кейін этникалық қазақтардың өзінің тарихи отанына көшуі басталып, көші-қон саясаты жүзеге аса бастады. Демография және көші-қон жөніндегі Агенттіктің мәліметі бойынша 1991-2000 жж. аралығында республикаға 42 387 қазақ отбасы немесе 183 652 адам көшіп келген. Оның 60 %-ға жуығы ТМД мемлекеттерінен: Өзбекстаннан (62 737 адам), Түркменстаннан (22 055 адам), Тәжікстаннан (10 476 адам), Ресейден (8 490 адам) және т.б. елдерден келген.
Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі Агенттігінің мәліметі бойынша 1991-1998 жж. елге көшіп келушілердің нәтижесін төмендегі мәліметтерден көреміз. 1991-1998 жж. көшіп келу квотасы бойынша барлығы – 176 960 адам келген. Олардың 27044-і Қазақстан Республикасының азаматтығын алған. Барлық репатрианттардың ішінен Моңғолиядан келгендер саны - 63500 адам. Оның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтығын алғаны - 859; Моңғолияның азаматтығынан шыққандар саны - 4667. Квотадан тыс келгендер - 375 378 адам, соның ішінде: алыс шетелден - 26 756 адам, жақын шетелден (ТМД) - 348 623 адам.
Тәуелсіздік жылдары Қазақстанға 374.000 қазақ диаспорасы көшіп келген. Егер 2000 ж. көшіп келу квотасы 500 отбасына берілсе, 2004 ж. 10.000, 2005-2007 жылдары бір жылға 15.000 отбасына бекітілді. 2015 ж. дейін мемлекет халқының санын 20 млн. адамға жеткізуге байланысты қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін квота саны көбейтілген. 2004 ж. квотамен Өзбекстаннан – 6.216; Ресей Федерациясынан - 1.445, Түркменстаннан - 781, Қытай Халық Республикасынан - 666, Моңғолиядан - 620 және Қырғызстаннан - 78 қазақ отбасы көшіп келген.
Репатрианттар үшін ең негізгі мәселе - тұрғын үймен қамтамасыз етілу болып табылады. 2000 ж. 1 қаңтарында 76 репатриант отбасы Алматы қаласында тұрғын үй алды. 2000 ж. Алматы қаласының әкімшілігі республикада алғашқылардың бірі ретінде 55 репатриант отбасына жаңа тұрғын үйден пәтер беру арқылы жергілікті бюджеттің қарызын жапты. Сондай-ақ республиканың бюджетінен 2000 ж. 33,4 млн. тенге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржыға басқарма 36 пәтер сатып алды. Репатрианттарға тегін медициналық жәрдем көрсетіліп, балалары мектепке дейінгі және мектепке оқуға беріледі, зейнетақылар мен жәрдемақылар төленеді. Сонымен қатар репатрианттарға жан-жақты әлеуметтік қолдау және қорғау көрсетіледі. Қазақстан Республикасының азаматтығы мен тұрғын үйді алуда Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша консультативті көмек беріледі. Дегенмен репатрианттардың тарихи отанына келуі және Қазақстан Республикасының әртүрлі аймақтарына орналастырылуында бірқатар мәселелер бар. Үкіметтік емес Қазақстандық әлеуметтік-экономикалық ақпарат және жобалау институтының ұжымы жүзеге асырған шұғыл жобаның нәтижесі репатрианттардың негізінен Қазақстанның төрт аймағында: Ақмола, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарына орналастырылғандығын көрсетті.
1999 ж. соңына қарай Ақмола облысында 14486 адамды құрайтын 2898 оралман отбасы тұрған. Орналасқан аудандары: Бұланды, Ерейментау, Егіндікөл, Аршалы, Шортанды, Целиноград, Атбасар, Жақсы, Есіл. 1998 ж. дейін келген 10734 оралманның демографиялық құрамы төмендегідей болған: еңбекке жарамды - 3777 адам, 18 жастан жоғары - 1965, балалар - 3284, зейнеткерлер - 522 адам. Ресей мен Өзбекстаннан келгендер саны тек 4 %-ды құрайды.
1999 ж. соңына қарай Моңғолияның азаматтығынан шығуға 7299 оралмандардың құжаттары тапсырылып, бекітілгенімен, бұл мәселе өте баяу шешілген. 1999 ж. 9 отбасы Моңғолияға қайта көшіп кеткен. Еңбекке жарамды 6126 адамның 1469-ы (24 %) жұмысқа орналастырылған, жұмыссыздар – 1544 адам (25,2%), қалғаны жұмыссыздар категориясына жатады. Қарағанды облысында 3648 репатриант отбасы, соның ішінде Моңғолиядан – 2876 отбасы, Қытайдан – 11 отбасы, Югославиядан – 1 отбасы, ТМД мемлекеттерінен келген 760 отбасы өмір сүреді. Барлығы - 17152 адам. Облысқа 1991 ж. - 748 отбасы, 1992 ж. - 1411 отбасы, 1993 ж. - 746 отбасы, 1994 ж. - 180 отбасы, 1995 ж. - 370 отбасы, 1996 ж. - 237 отбасы, 1997 ж. - 124 отбасы, 1998 ж. - 143 отбасы, 1999 ж. - 47 отбасы келген. Негізінен Қарағанды қаласында - 136 отбасы, Теміртау қаласында - 191 отбасы, Ақтауда - 217 отбасы, Жәйремде - 206 отбасы, ауылдық аудандарда: Бұхар жырауда - 521 отбасы, Абайда - 246 отбасы, Шетте - 363 отбасы репатрианттар тұрады. Басқа жерлерде оралмандар саны айтарлықтай төмен.
1991-1995 ж. еңбек келісімшарты бойынша келген барлық репатрианттар отбасына жергілікті жерлерде көмек көрсетілен. 1996 жылдан бастап көшіп келген отбасының басшысына 15 реттік айлық есептік көрсеткіш, ал қалған отбасы мүшелеріне 7 реттік айлық есептік көрсеткіш көлемінде мемлекеттік жәрдемақы берілген.
Репатрианттардың өмір сүру деңгейі өте төмен, бұл ең алдымен Моңғолиядан келгендерге қатысты. Репатрианттардың көпшілігі көпбалалы отбасы және олардың отбсы көрсетілген әлеуметтік төлемдерді алғанымен, кедейліктен төмен деңгейде өмір сүреді. Отбасының еңбекке жарамды барлық мүшелерінің 90 %-ы жұмыссыз. Оның себебі, жалпылама – өтпелі кезеңмен байланысты болса, арнайы себебі – заңнаманы білмеуі және репатриант ретінде өзінің жеке құқықтары туралы ақпараттың аздығы, жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің репатрианттарға немқұрайлы қарауы. Ауылдық жерлерде тұратындардың 1 сиыры және 2-3 қойы бар, ал қалалы жерлерде тұратындар ұсақ сауда-саттықпен күн көріп, отбасын асырауға мүмкіндігі бар. Осының нәтижесінде репатрианттар отбасы ауылдық жерлерден қалаға біртіндеп көшуде және осы кезге дейін 650 отбасы көшіп кеткен.
Оңтүстік Қазақстан облысына 1991-1999 жылдар аралығында 41627 қазақ көшіп келген, оның ішінде: Өзбекстаннан – 61,1%; Тәжікстаннан – 22,5%; Ираннан – 5,6%; Ауғанстаннан – 2,4 %; Түркиядан – 1,5 %; Пәкістаннан – 0,9 %. Репатрианттар облыстың екі ауданында қоныстанған – Мақтааралда 35,3%, сондай-ақ Сарыағашта – 30,6 %, сонымен бірге қазіргі уақытта облыстың қалалары – Шымкентте, Түркістанда, Кентауда 13,1 %, ал ауылдық жерде сәйкесінше – 86,9 % репатрианттар тұрады.
Басым бөлігі жақын шетелден шыққандар – репатрианттардың 41,6%-ы қазақстандық азаматтықты қабылдауы салыстырмалы түрде жоғары. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, көшіп келушілердің тек 3,9 %-ы тұрғын үймен қамтамасыз етілді; барлық көшіп келгендердің 22,4 %-ның еңбекке жарамды жастағыларының жұмыстары бар. Бұл көрсеткіштер Оңтүстік Қазақстан облысындағы репатрианттардың жағдайының нашар екендігін айқын дәлелдейді. Осы жағдайларға қарамастан, соңғы жылдары көшіп келушілердің саны өсті, реэмиграция үдерісіне Өзбекстаннан келушілер көп үлес қосты. 2000 ж. қаңтарында тек Өзбекстанның өзінен 320 репатриант келді. Басқару органдары тарапынан көрсетілетін көмек теңдей бөлінбейді; негізгі жәрдем қалада тұратын тұлғаларға беріледі, ал ауыл тұрғындары тек «өзін-өзі жұмыспен» қамтиды.
1991-1999 жж. аралығында иммиграция квотасы есебінен Алматы облысына жақын және алыс шетелдерден 24733 репатриант келді: Моңғолиядан – 48,0 %; Өзбекстаннан – 25,3 %; Түркиядан – 6,0 %; Ираннан – 6,0 %; Қытайдан – 3,8 %; Түркмениядан – 2,6 % 1.
1999 ж. Алматы облысына иммиграцияға квота бөлінбеді, дегенмен квота бойынша басқа облыстарға көшіп келгендер осы аймаққа орын ауыстырып, орналасты. Алматы қаласы және Алматы облысы республикадағы адам дамуының индексі бойынша сәйкесінше бірінші және соңғы орындардың бірін иеленеді, мұның өзі «ауыл – облыстық қала» бағытындағы белсенді көші-қон легін көрсетеді. Репатрианттардың басым көпшілігі Алматыға жақын орналасқан аудандарда – Қарасайда, Іледе, Еңбекшіқазақта, Жамбылда қоныстанған. Алматы облысының иммигранттарды қабылдау себебі, Қытай шекарасына жақын орналасуында, сондықтан осы аудандарда тұратын репатрианттардың үлкен пайызы алыпсатарлықпен айналысады, ал алыс аймақтардағы оралмандар ауылшаруашылығы ісіне тартылған. Алматы облысының бұдан басқа ерекшелігі – басқа аймақтарға қарағанда, репатрианттардың мемлекеттік субсидияларға тәуелділік деңгейінің төмендігі. Осы облысқа мемлекеттік квоталардан тыс көшіп келуші тұлғалар өзін-өзі қамтамасыз етіп, өмір сүруге дағдылануға мүмкіндігі болады.
2003 жылмен салыстырғанда 2004 ж. иммигранттардың саны 3858 адамға немесе 5,9 %-ға өсті, оның 2028 адамы немесе 3,3 %-ы ТМД елдерінен келгендер. Иммигранттар негізінен Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Маңғыстау облыстарына орналасады: сәйкесінше 8651, 5274 және 5681 адам.
Тәуелсіздіктің жариялануы, саяси және экономикалық үдерістердің нәтижесінде әртүрлі уақыттарда Қазақстан территориясын тастап кеткен, жер шарының әртүрлі мемлекеттерінде өмір сүретін қазақтарды консолидациялаудағы маңызды қадам болды. 1996-2000 жж. аралығында шет елдерде тұратын отандастарымызды қолдау 1996 ж. 31-желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен №3308 Бұйрығымен шет елдерде өмір сүретін отандастарымызды қолдау атты Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүргізілді. Бағдарлама іс-шаралар кешенімен ұсынылып, негізгі 6 бөлімнен тұрды: ғылыми жабдықтау, нормативті құқықтық база, білім беру, мәдениет, туризм және спорт, кітап шығару және бұқаралық ақпарат мәселелері, ұйымдастыру шаралары. Белгіленген мақсаттарды сапалы және толықтай жүзеге асыру үшін 2005 ж. қарашасында Президент «2005-2007 жж. арналған шет елде тұратын отандастарымызды қолдаудың Мемлекеттік бағдарламасы туралы» Бұйрыққа қол қойды. Басқа заңдық актілердің қатарында: «Тұрғындардың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2001-2010 жж. арналған Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының салалық бағдарламасы, 2004 ж. 27-желтоқсанындағы Қазақстан Республикасы Президентінің 2005-2007 жж. арналған оралмандар иммиграциясының квотасы туралы Бұйрығы, репатриант (оралман), реэмигрант, қоныс аударушы (переселенец), сонымен қатар мәжбүрлі қоныс аударушы статусын анықтау реті туралы Нұсқау.
Мемлекеттің бұл саясаты оралмандардың елге көшіп келуіне айтарлықтай әсерін тигізді. Қазақстан Республикасы Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау Министрлігі көші-қон Комитетінің мәліметтері бойынша 1993 ж. және 2005 ж. 1-қазаны аралығында 117 698 оралман отбасы (464 426 адам) көшіп келген, оның басым бөлігі Өзбекстаннан (61,5 %), Моңғолиядан (15,4 %), Түркменстаннан (9 %), Қытайдан (4,8 %), Ресейден (4 %). Республикадағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайдың жақсаруы және көрші мемлекеттердегі иммиграциялық көңіл-күйді талдау, сондай-ақ Қазақстанда жүргізіліп отырған диаспоралық саясат, Қазақстанға көшіп келуші оралмандардың саны ары қарай өсе түсетінін жобалауға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта Республикадан тыс 5 млн.-ға жуық қазақ өмір сүреді, және оларға демографиялық жағынан үлкен үміт артылып отыр. Президент Н.Ә. Назарбаев қойған басты міндет – 2015 ж. қарай қазақстандықтардың санын 20 миллион адамға көбейту. Сондай-ақ репатриация үдерісі маман тапшылығын жойып, мемлекетік тілге байланысты жағдайды жақсартады, республикадан тыс өмір сүретін қазақтардың ассимиляция үдерісін тоқтатып, елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді деп жоспарлануда.
Қазіргі уақытта оралмандардың көпұлтты Қазақстан тұрғындарының арасына сәтті бейімделуі үшін жағдайлар жасалады. Алматыдағы Архитектура және құрылыс Академиясының базасы негізінде оралмандарға арнайы университет ұйымдастырылуда. «Егер біз шет елдерде тұратын қазақтарды тарихи отанына қайтарғымыз келсе, ең алдымен олардың балаларының Қазақстанда орта және жоғары білім алуына байланысты барлық мәселелерді шешуіміз керек», - деді Дүниежүзілік оралмандар ассоциациясы төрағасының орынбасары К. Найманбаев. Сонымен қатар оралмандардың балаларына арнайы мектеп-интернаттар ашу жөніндегі мәселелер шешілуде. Қазақстанда орта білім алу олардың жоғары оқу орындарына түсуін жеңілдетеді. Бірақ, мәселе бұдан да көп.
Репатрианттарға қатысты көші-қон саясаты қазіргі уақытта таңдау принципі негізінде жүргізіледі. Жоғары білімі бар, өз мамандығының білгірлерін таңдайды. Бірақ этникалық қазақтар тұратын елдерден зиялылардың жаппай келуі әлі күнге дейін байқалмайды. Шындық мынадай, оралмандардың басым бөлігі, яғни 65 %-ның тек орта білімі бар. Колледж дипломы әрбір бесінші, ал жоғары оқу орны дипломы әрбір оныншы репатриантта бар. Оралмандардың 3,5 %-ы бастауыш мектепті де бітірмеген. Бейімделу үдерісінде білім деңгейі басты рөлдің бірін атқарады. Репатрианттың білім деңгейі жоғары болған сайын, оның жұмысқа орналасу мүмкіндігі де жоғары болып келеді. Дегенмен, оралмандардың білімі көбінесе бәсекеге төтеп бере алмайды. Сондықтан олардың квалификациясы жоғары емес экономика секторларында немесе басқа мемлекеттердің гастербайтерлары «басып алған» жерлерде қызмет етуіне тура келеді. Сондықтан да Қазақстанда еңбек рыногын жіті бақылау керек.
Репатрианттарға бюрократиялық кедергілер ерекше қиындық туғызады. Қазір репатрианттармен 6 министрлік – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі, Мәдениет және ақпарат Министрлігі, Білім және ғылым Министрлігі, Ішкі істер Департаменті, Сыртқы істер Министрлігі және Әділет Министрлігі айналысады. Мамандар этникалық қазақтарды репатриациялаумен айналысатын арнайы министрлік құруды ұсынады. Оның негізгі қызметі – оралмандармен жұмыс жасап, оларға уақытында жәрдемақыны, жер учаскелерін, азаматтық алу мен басқа да құжаттарын дайындау болар еді. Маңызды мәселелерге - өмір сүру деңгейі, жұмыссыздық, баспананың жоқтығы жатады. Алыс шетелден келгендер үшін қазақстандық азаматтықты алу мәселесі басым.
Этникалық қазақтарды көшіруге байланысты «Нұрлы көш» бағдарламасы бекітілді. Бұл этникалық иммигранттарды; Қазақстан Республикасының территориясында еңбек ету үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтарын; елдің ахуалы нашар аудандарында өмір сүретін Қазақстан азаматтарын дұрыс қоныстандыруға және орналастыруға көмек беруге арналған Қазақстан Республикасының мемлекетік бағдарламасы. Қазіргі кезде 2009-2011 жылдарға арналған бағдарлама жүзеге асырылуда. Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілді.
Бағдарламаның мақсатына жету үшін келесідей міндеттер қойылған:

  • Бағдарламаның қатысушыларын еңбек ресурстарындағы экономика қажеттіліктеріне сәйкес және алдыңғы қатарлы жобаларды жүзеге асыру үшін қоныстандыруға қызықтыру;

  • Бағдарламаға қатысушыларды әлеуметтік қолдау үшін жаңа механизмдерді жасау және жүзеге асыру;

  • Бағдарламаға қатысушыларды тұрғын үй құрылысына несие салып және тұрғын үйді сатып алу арқылы тұрғын үймен қамтамасыз ету;

  • Бағдарлама қатысушыларын тұрақты еңбекпен қамту;

  • миграциялық үдерістерді тұрақтандырудың нормативті құқықтық базасын жақсарту.

Бағдарламаны жүзеге асыру мынаған мүмкіндік береді:

  • этникалық, ішкі және сыртқы миграция үдерістерін реттеу және оларды аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына бейімдеу;

  • этникалық және ішкі мигранттардың басым бөлігінің өмір сүру деңгейін көтеру;

  • бұрын Қазақстаннан кеткен жоғары дәрежелі мамандарды қайтаруға жағдайлар жасау;

  • мигранттардың бейімделуімен және интеграциясымен, жұмыссыздықпен және стихиялы миграциямен байланысты әлеуметтік қатердің пайда болуының алдын алу;

  • ұлттық ұйысу үдерісінің ары қарай дамуын қамтамасыз ету, әлеуметтік тұрақтылық пен келісімді нығайту, демографиялық жағдайды жақсарту.

Бүгінгі күні Қазақстанда оралмандарға қажетті әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетіледі. Қазіргі уақытта жәрдемақымен қатар тұрғын үй алуға, көшу мен мүлкін жеткізуге байлансты шығындарды өтеуге орта есеппен 5 адамнан тұратын әрбір отбасына 833 мың теңге бөлінеді. Елімізде оралмандарды уақытша орналастырудың 14 орталығы қызмет етеді. 2008 жылдан бастап Қарағанды, Шымкент қалаларында және Оңтүстік Қазақстан облысының Ақсукент ауылында оралмандарды бейімдеу және интеграциялау орталықтары өз жұмысын бастады. Ақтау қаласында оралмандарды бейімдейтін типтік орталықтың құрылысы басталды. Бейімдеу орталықтарында құқықтық мәселелер бойынша консультация беру қарастырылып, мемлекеттік тілді, қажет болған жағдайда орыс тілін үйрету, мамандар дайындау және қайта дайындау, квалификацияны көтеру жүзеге асырылады. Барлық оралмандар қолжетімді медициналық қызметпен, біліммен және әлеуметтік қамтумен қамтамасыз етілген; олар еңбекпен қамту жұмыстары жүргізілетін мақсатты топқа жатқызылған. Еңбекке жарамды 66%-дан астам оралмандар өндірістің әртүрлі салаларында, ал, әрбір төртінші оралман ауыл шаруашылығында еңбек етеді. Оралмандарға көмек көрсету үшін облыстық әкімшіліктер жанынан оралмандар Кеңесі құрылған, олар жаңа өмір сүру жағдайындағы оралмандардың мәселелерін қарастырып, оны шешумен айналысады. «Оралман» атты ақпараттар базасы құрылып, жандандырылуда, ол этникалық оралмандарға әлеуметтік қызметтердің барлық түрін жедел көрсетуге мүмкіндік беретін әлеуметтік саланың ортақ ақпараттық жүйесіне қосылады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда этникалық иммигранттардың тұрғын үй мәселесін шешуге байланысты жобалар жүзеге асырылуда. Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында Өзбекстан Республикасынан 2000-ға жуық этникалық иммигранттарды көшіруге байланысты жоба жүзеге асырылуда. Жергілікті құрылыс материалдары негізінде көшіп келушілерді бір жерде бірге тұруға тарту үшін оралмандардың өздерін құрылыс жұмыстарына қатыстыру арқылы жаңа «Асар» ықшам ауданында 2 мың коттедж құрылысы жүргізілуде. Алматы қаласында 185 үй салуға арналған «Байбесік», Астана қаласының Сарыарқа ауданында «Нұрбесік» ықшам ауданының құрылысының жобасы іске асуда.
2011 ж. 16 тамызында «Тұрғындардың көшіп-қонуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді. Қазақстан Республикасының территориясына өз еркімен келген және еліміздің территориясында өмір сүріп жатқан этникалық қазақтарды иммиграциялау квотасына қосуды ішкі істердің территориялық департаменті миграциялық полициясының басқаруына беру туралы өтініш беруде. Ал, Қазақстан Республикасының территориясынан тыс өмір сүретін адамдарды Қазақстанда тұратын жерін шамамен көрсетіп, шетелдік басқарманың қарауына беру керек.
Шетелдік басқармалар этникалық қазақтардың қоныстануына көмек көрсетеді. Жаңа заңда оралмандардың орналасу аймақтарына қарай салыстырмалы (дифференцированный) көлемдегі жәрдемақы қарастырылған, негізгі жәрдемақыға қосымша коэфициенттер қойылуда. Соның ішінде еліміздің солтүстік аймақтарына қоныстанушы оралмандар, оңтүстіктегілерге қарағанда 2,4 есе көп жәрдемақы алатын болады.
Жаңа заң бойынша квотаға енген оралмандар бірреттік жәрдемақы мен үй алатын қаржыны Қазақстан Республикасының азаматтығы берілгеннен кейін, өзінің және кәмелеттік жасқа толғандардың, қазақ емес отбасы мүшелері қосылмайды, жеке куәліктерін көрсеткеннен кейін ғана ала алады. Егер иммиграция квотасына енгізілген оралмандарға Қазақстан Республикасының азаматтығы берілмесе, онда оларға бірреттік жәрдемақы мен тұрғын үй алуға бөлінетін қаржы берілмейді және төленбейді. Бұл құқықтық норма жасанды құжаттар арқылы жәрдемақы мен компенсацияны алу жағдайларын болдырмайды. 2011 ж. дейін мұндай жағдайлар жиі қайталанған болатын. Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігінің көші-қон Комитеті полициясының мәліметтері бойынша 2010 ж. Алматы, Атырау, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарында 42 млн. теңгеден аса жәрдемақының елге келмеген немесе әртүрлі аймақтарда екі рет жәрдемақы алған 64 факт анықталған. Осындай фактілер бойынша соңғы үш жылда 10 қылмыстық іс қозғалды.
Жаңа Заң бойынша оралмандарға жәрдемақы нақты анықталған тұратын жері бойынша ғана төленетін болды, ал белгіленген аймақтан (алғашқы үш жылда) немесе Қазақстан Республикасынан (оралман статусын алғаннан кейін 5 жылдың ішінде) көшетін болса, ақша бюджетке қайтарылуы тиіс. Мұндайдың алдын-алу шаралары еңбек ресурстарына кіріптар болып отырған аймақтардағы шиеленісті төмендетуге көмектеседі. Бұл Заң қабылданғанға дейін көшіп келуші отандастарымыздың қоныстану аймағы, тек өздерінің тілектері бойынша анықталған болатын, ал мұның өзі оларды мемлекеттік тұрғыдан бақылауға кедергі келтірді. Соның нәтижесінде, оралмандардың 60%-на жуығы төрт облыста – Алматыда, Жамбылда, Оңтүстік Қазақстанда және Маңғыстауда шоғырланған. Бұл облыстар онсыз да демографиялық қысымға ұшыраған болатын. Заң бойынша оралмандарға және олардың отбасыларына бейімделу және интеграциялық қызметтер көрсетіледі. Заң бойынша оралмандар мен Қазақстан Республикасы немесе Қазақ ССР-да туылған немесе тұратындар мен олардың отбасы мүшелеріне төлем төлеу мүмкіндігін міндетті түрде растау тоқтатылды. Ішкі істер министрлігінің бастамасымен «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңға өзгертулер енгізілді, онда азаматтыққа қабылдау жеңілдетілген тәртіппен (тіркеумен) қарастыру және қазақ ұлтының азаматтарының ходатайствосын қарау алты айдан үш айға дейін қысқартылды.
Сондықтан, Заң тарихи отанында тұрақты түрде тұру мақсатымен Қазақстан Республикасына келгендердің оралман дәрежесіне қарамастан, қазақ ұлтының барлық тұлғаларына арналған. Қазақстанның тәуелсіздігін алған жылдардан бері Қазақстан Республикасы азаматтығын қабылдағандардың 98%-ы - оралмандар. Соңғы екі жылда азаматтықты қабылдаған 95 487 оралманның 7 мыңнан астамы №6 анықтамасын алмаған. Сондықтан ішкі істер органдары олардың нақты өмір сүретін аймағын анықтау және Қазақстан Республикасының жеке куәлігі мен паспортымен қамтамасыз ету шаралары жүргізілуде. Соңғы 10 жылдың ішінде Қазақстан 220 225 шетелдік этникалық қазақ отбасын қабылдаған.
Дегенмен, оралмандардың өмір сүруін айқындайтын мәселелер Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі кезеңінде әлсіз шешілді. Осы ретте «Нұрлы көш» бағдарламасын жүзеге асыру этникалық үдерісті ретке келтіруге, ішкі және сыртқы көші-қонды және оны аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын, этникалық және ішкі мигранттардың басым бөлігінің өмір сүру сапасын көтеруге, Қазақстаннан кеткен жоғары сапалы мамандардың қайта келуін мүдделендіруге, мигранттардың бейімделуі мен интеграциясына байланысты туындайтын жұмыссыздық және стихиялы миграция сияқты әлеуметтік қиыншылықтардың пайда болуын ескертуге, ұлттық бірігу үдерісінің ары қарай дамуын қамтамасыз етуге, әлеуметтік тұрақтылықты пен келісімді нығайту, демографиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.

Бақылау сұрақтары:


1. Қазақстан Республикасының «Көші-қон туралы» Заңы қашан қабылданды?


2. «Иммигрант», «мигрант» сөздерін қалай түсінесіз?
3. Шетелдік басқармалар этникалық қазақтардың қоныстануына көмек бере ме?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет