Тақырыптың мазмұнын бекіту үшін қойылатын сұрақтар:
1. Патшалық Ресей бодандығындағы қазақ тарихының деректеріне жалпы
сипаттама.
23
2. Империяның заңдары мен заң актілерінің отарлау саясатындағы рөлі.
3. Мерзімді басылым материалдарының отарлау саясатын зерттеудегі
маңызы.
4. Қосалқы деректер қазақтардың ХVІІІ және ХХ ғасырдың бас кезіндегі
тарихы туралы.
24
4.
Дәстүрлі шаруашылықтағы өзгерістер
Патша өкіметінің 1867-1868 жылдардағы саяси-аумақтық реформалары
қазақтың дәстүрлі шаруашылығының бүкіл болмысын өзгертіп, әлеуметтік-
экономикалық қатынастар жүйесінде елеулі өзгерістер әкелді. Бұған дейін,
негізінен, көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан
номадтар енді отырықшы мал шаруашылығына көбірек ден қойды. ХІХ
ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ даласына капиталистік қатынастар
енді. Дәстүрлі патриархаттық-рулық қатынастармен қатар жаңа капиталистік
қатынастар қалыптасты. Осының салдарынан қазақ ауылының шаруашылық
өмірінде айтарлықтай өзгерістер орын алды. Енді сол қазақ ауылындағы
жаңалықтарға тоқталайық.
Бұрын-соңды айқын көріне алмаған әлеуметтік дифференциация
тереңдеп, таптық жіктеліс белең алды. ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда мыңғырған мал
өсірген байлар төскейдегі төрт түлігінің көптігімен атақтары шығып, бай-
қуатты тұрмыстан шаттанса, енді олар малды көбінесе рыноктың мұқтаждығы
үшін көбейтуге мәжбүр болды. Соның барысында үйір-үйір жылқыны, қора-
қора қой мен түйені базардан мол табыс көзін табу мақсатында өрбіткен
ауқатты, бай топтар дараланды. Мал бұрын күнкөріс, тіршілік көзі болса,
аталмыш кезеңде ол шешімін табуға тиіс қажеттіліктер үшін өсірілді. 1)
базарлар, жәрмеңкелер арқылы сатып, байыған үстіне баю; 2) болыстыққа
сайлану үшін пара беру; 3) отаршылдық әкімшіліктің өкілдеріне, яғни
жергілікті биліктің тұтқасын ұстағандарға жағынуда тарту-таралғылар беріп,
өздерінің бедел, үстемдігін арттыру.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанның алты облысында
малдың саны кейбір ауытқулармен қоса есептегенде, кемінде 40 миллион басқа
жеткен. Алайда қыстың күндері қатты қақаған аяз болып, жер бетін қалың қар
мен мұздық жабуы салдарынан жұт орын алған кезде ауқаттылар бар малын
жоғалтып, кедейлер қайыршылыққа ұшырап, қасіретке тап келген. Мәселен,
1880 жылы жұт кезінде Түркістан, Ақмола, Сырдария облыстарында 13
миллион малдың 6 миллионы, яғни жартысына жуығы қырылып қалған.
Қазақ жерлерінің Ресей империясының меншігі деп жариялануының,
орыс шаруаларының қарқынды қоныс аударуларының, шұрайлы жерлерді
тартып алудың және түрлі табиғат апаттарының салдарлары көшпелілерді
шаруашылықты жүргізіудің тың тәсілдерін ойлап шығаруға итермеледі.
Қазақтар шағын топтар болып көшіп-қонуға бейімделді. Мал жайылымдары
шектеулі таулы аудандарда екі-үш шаруашылық бірлесіп қоныстанса, далалық
аудандарда 20-30 шаңырақ бір жайылымды пайдаланды. Мал жазғы жайылымға
неғұрлым алыс айдап апарылса, соғұрлым ол қоңды болды. Сондай малды
жәрмеңкелерде көптеп сатудан немесе айырбастаудан ауқатты байлар мол
қаржы тауып отырды.
Екінші жағынан, бұл жер жағдайына байланысты еді. Мысалы, Торғай
облысының әртүрлі шөпке бай жайылымы басым солтүстік уездерде
қазақтардың егістік жерлері болып, жазғы қоныстары қыстаудан алыстағы 20
немесе 40, ал жайылымы жұтаң оңтүстіктегі қазақтар өздерінің ата
25
қоныстарынан 400 және одан да көп шақырым жерлерде орналасатын.
Жоғарыда аталған факторлар және жаңа өндірістік қатынастарға икемделу
қазақтарды малдың қысқы азығы ретінде шөп шабуға, пішен дайындауға, сабан
әзірлеуге мәжбүр етті. Мәселен, Ақтөбе және Орал уездерінде, сондай-ақ Есіл,
Ертіс өңірлерінде қазақтар қысқы аяздар мен боранды күндері малдың азыққа
деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жазда шөп шауып, пішен
баулап, сабан жинады. Қазақтар барған сайын жер тапшылығын сезінді.
Тіршілік үшін ең қолайлы жерлерге орнығып алған казактар мен орыс
шаруалары жерсіз қазақтарды өзінің шаруашылық жұмыстарына жалдады. Жер
пайдаланудың
әділетсіздігі
салдарынан
келімсектер
мен
байырғы
тұрғындардың арасында келіспеушіліктер орын алды. Оның үстіне Батыс Сібір
Бас басқармасының 1849 жылғы 4 наурыздағы, 1860 жылғы 23 шілдедегі
ережелері мен 1867-1868 және 1886-1897 жылдардағы реформалардың
талаптарына сәйкес қазақтарға орманды және тұзды көлдерге жақын
қоныстануға тиым салынды. Мысалы, Алтай таулы округінің қазақтарына
«егіншілікке көшіп, отырықшы қоғамдар құрған жағдайда» бұрынғы келімсек
шаруалармен тең мөлшерде әрқайсысына 6 сомнан оброк салығы салынды.
Көші-қон кеңістіктері тарылып, шұрайлы мал жайылымдары қысқарған
қазақтар күн көрістің балама жолы – жаппай егіншілікке көше бастады.
Отырықшылыққа
көшу
көшпелілірді
азық-түлік
өнімдерімен,
мал
шаруашылығын пішен қорымен қамтамасыз етіп қана қоймай, артық астығын
базарлар мен жәрмеңкелерде сатуға жол ашты. Солай бола тұрғанымен
патшалық билік қазақтардың отырықшылыққа ауысуына қолдау көрсете
қоймады. Жергілікті халықтың бірнеше бағытта шаруашылық жүргізу
ынтасына кедергі жасап бақты. Осы орайда олардың отырықшы өмір салтына
өтіп, қала салып, мәдениетін дамытып, ғылым-білімге жақын болады деп
қауіптенді. Соған қарамастан көшпелілір отырықшылыққа жылдам ауысып
отырды. 1897 жылғы Бірінші бүкілресейлік халық санағының қорытындылары
отырықшы жергілікті тұрғындардың үлес салмағының айтарлықтай өскенін
көрсетті. 1897-1901 жылдар аралығында Петропавл, Омбы, Ақмола, Көкшетау,
Атбасар, Қарқаралы, Семей, Өскемен, Зайсан, Қостанай, Ақтөбе уездерінде
қазақтарда егіншілікпен айналысатын қожалықтарының саны – 152-ден 154-ке
жеткен. Алайда қазақтардың иелігіндегі жерлердің барлығы дерлік егіншілікке
жарамды бола бермеді, олардың арасында егістік алқаптары үшін мүлде
жарамсыз учаскелер де кездесті. Дегенмен, жалпы жер көлемінің 30 пайызы
мүлде қолайсыз деп саналғанның өзінде жерге тапшы Өскемен уезінде орта
есеппен алғанда қазақтарда бір шаңыраққа 150 десятинадан жер келді. Мұндай
көрсеткіш жеке шаруашылықты қалыптастыру үшін жеткілікті еді. Десек те,
егіншілікке қатысты қазақ және орыс шаруашылықтарының көрсеткіштерін
салыстырсақ, жер қоры ауқымды байырғы тұрғындардың жинаған астығының
мөлшері келімсектерге қарағанда анағұрлым аз болған. Мәселен, Торғай
облысында бір отбасында орта есеппен орыстарда 30, 3, ал қазақтарда 5, 3 пұт
дәнді дақыл егілген.
Егіншілік қазақ даласының барлық аймақтарында бірдей дамымады. Бір
26
облыс аумағындағы уездердегі егіс егу әртүрлі болды. Мәселен, Жетісу
облысының Жаркент уезінде егіншілік қарқынды дамыса, Верный, Қапал, Лепсі
уездерінде бұл үрдіс баяу жүрді.
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қоғамдағы айтулы өзгерістердің
ұтымды тұстарын қазақ халқы үшін пайдалы екендігін білгендер оған көптің
көзін жеткізуге тырысты. Жаңа әлеуметтік экономикалық оқиғаларды
жақсылыққа балағандардың бірегейі Абай болды. Еңбекші бұқараның өмірін
жақсарту жолдарын Абай, алдымен, қоғамның экономикалық негізін өзгерту
деп білді. Қазақтардың прогресшіл дамуын Абай егіншілікті, қолөнерді және
сауданы дамытумен тығыз байланыстырды. Данышпан ойшыл экономикалық
дамудың осы үш саласына баса назар аударды. Қазақстандағы жергілікті
халықтың көпшілігі мал шаруашылығымен айналысқанымен, Абай бұдан
былайғы экономикалық даму көзі – егіншілікті кеңейтіп, жақсарту деп түсінді.
Егіншілік кәсібі қазақ шаруасының тұрмысын түзеп, жұмсалған еңбектің
еселеніп, қайтуына мүмкіндік туғыза алатын еді. Егіншіліктің артықшылығын
көре білген Абай: «Егіннің ебін, сауданың тегін үйреніп, ойлап, мал ізде», – деп
жырлап, бұқараға насихаттады.
Сонымен ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың бас кезінде капиталистік
қатынастардың қазақ ауылына енуі оның шаруашылық сипатын әжептәуір
өзгертті. Қарашекпенділердің қазақ даласына қоныс аударуы, шұрайлы
жерлердің байырғы тұрғындардан тартып алынуы, капиталистік қатынастардың
етек жаюы дәстүрлі шаруашылықтың іргесін сөгіп, тығырыққа тіреді. Дәстүрлі
шаруашылықта көп укладты экономика мен соған сәйкес қатынастар пайда
болды, жаңа әлеуметтік топтар қалыптасты. Көшпелі мал шаруашылығының
бірыңғай «таза» көшпелі мал шаруашылығынан өзге жартылай көшпелі мал
шаруашылығы, отырықшы егін шаруашылығы, егіншілікті мал шаруашылығы
тәрізді қосарлы түрлері дамыды.
Экономикадағы осындай факторлар төмендегідей өзгерістерге алып келді.
Қазақ даласын отарлау саясатының аясында ресейлік капиталистік
қатынастарға тартылуы қоғамда өркениеттік даму үрдісінің элементтерін
тудырды. Томаға-тұйық экстенсивті мал шаруашылығы күйреп, рыноктық
экономика қалыптаса бастады. Ауыл тұрғындары өндірген өнімдерін
жәрмеңкелерде, қала базарларында сату және сатып алу мүмкіндіктерін
иеленді. Қазақ қоғамында «қара сүйектен» шыққан бай, ауқатты адамдардың
жаңа таптары, кәсіпкерлер, алыпсатарлар пайда болды. Олардың қатары уақыт
өткен сайын көбее түсті. Кез келген қоғамда нарықтық қатынастар
экономиканың, өнеркәсіптің дамуына, бәсекелестікке, табыс көздерінің
молаюына жол ашады. Қалалардың қатары көбейіп, олар жекелеген елдердің
қоғамдық саяси, шаруашылық, мәдени өмірінде басты рөл атқарды.
Қазақстанда да дәл осындай прогрессивті үрдістер жүрді. Шаруашылық
өмірдегі жіктеліс малы аз кедейлерді күйзеліске ұшыратты, олар күн көріс
қамымен ауылдардан қалаларға, темір жол бойына, казак станицаларына қоныс
аудара бастады. Сол жерлерде жалданып еңбек етіп, жалдамалы жұмысшылар
табына айналды. Қалаларда халықтың санын көбейтіп, кәсіпорындарда жұмыс
27
күшін толықтырды. Осылайша қазақ халқы дамудың жаңа бағытына бет бұрды.
Осындай түбегейлі бетбұрыста басты идея отарлау саясатына қарсы азаттық
күрес екендігін халық бір сәт те естен шығармады.
Достарыңызбен бөлісу: |