Пікір жазғандар: тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х. М. Әбжанов



Pdf көрінісі
бет3/12
Дата29.09.2023
өлшемі0,54 Mb.
#111787
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
treatise18790

Оқу құралының мақсаты 

 
патшалық Ресейдің қазақ даласын отарлау 
салдарын тарихи тұрғыда нақты мәліметтер арқылы көрсету. Осы мақсатқа қол 
жеткізу үшін мына төмендегі
 міндеттер 
қойылды: 

Қазақстанның Ресей бодандығын қабылдауы тарихнамасын талдау;
 
- қазақ даласы отарлануының деректерін сипаттау; 
- дәстүрлі шаруашылықтағы өзгерістерді қарастыру; 
- отарлаудың өнеркәсіп пен сауда және жаңа бастамалардың тууына әсерін 
айқындау; 
- урбанизация үрдістерін, банк және қаржы жүйесінің пайда болуын 
баяндау; 
- жаңа әлеуметтік топтардың қалыптасуына тоқталу;
- қазақ жерлеріне орыс шаруаларының қоныстануы және оның 
салдарларын ашу.
Патша өкіметінің қазақ даласын отарлауы және оның салдарларын тарихи 
тұрғыда көрсетуде қазіргі кезеңдегі тәуелсіз Қазақстанның тарих ғылымында 
қолданылатын теориялар мен тұжырымдамалар, тарихшы-ғалымдардың ұлттық 
мүддедегі пайымдаулары, көзқарастары мен жаңа бағыттары басшылыққа 
алынды. 
 
 



1.
 
Жаңа замандағы Қазақстан тарихын зерттеу мәселелері 
Отандық 
тарих 
ғылымында 
зерттеулер 
жүргізудің 
соны 
ұстанымдарын қалыптастыру әлі де жалғасып келеді. Дегенмен зерттеулер 
жүргізуде, оның ұстанымдарын көрсетуде ғылымда ала-құлалық байқалады. 
Мұның өзін тарихшылардың әлемдік ғылыми теорияларды енді ғана танып келе 
жатқандығымен түсіндіруге болады[1]. Сонымен қатар әртүрлі теориялар мен 
тұжырымдамаларды қамтып қалуға тырысушылық байқалады. Мұндай ғылыми 
тәсілдер әрқашан ұтымды нәтижелерге жеткізе бермейтіндігі мәлім. Осыған 
орай тарихи танымды, тың методология қалыптастырып, жетілдіруде 
дүниежүзілік ғылымдағы теориялар мен ілімдердің қазақ тарихын зерттеуге 
икемдісін таңдап алудың қажеттілігі туындайды.
Соңғы уақыттарда отандық ғылымда ғылыми таным жетіліп, жаңа 
білімге қол жеткізуде бұрынғы тұжырымдамалар мен теорияларға көзқарас 
өзгеріп, гуманитарлық ой-пікір өркениет теориясына бет бұрып келеді. Өйткені 
өркениеттілік ұстанымының тарихи оқиғалар мен үдерістердің алғышарттарын, 
себептерін, қозғаушы күштерін, барысын, салдарын, маңызын ашуда анағұрлым 
тиімді екендігі зерттеулерді жан-жақты әрі терең жүргізген сайын байқалуда. 
Оның үстіне өркениеттілікке тарихилық, объективтілік принциптері мен 
жүйелілік, біртұтастық, т.б. әдістер жинақталған. Қазіргі отандық тарих 
ғылымында өркениеттілік ұстанымынына ерекше мән берілуде Осы турасында 
айта кетерлік жайт, өркениеттілік ұстанымының барлық қырлары қазақ тарихын 
зерттеуге тиімді ме деген сауал туындайды. Өркениеттілік бағыты ұғымының 
ауқымында біз өзіміздің ғылыми ұстанымымызды айқындауымыз қажет. 
Өркениеттілік, формациялық, т.б. баршаға таныс методологиялық және 
теориялық бағыттарды саралай отырып, объективті түрде ұлттық мүддеге сай 
келетін жаңа тәсілді қалыптастырғанымыз жөн. Өйткені олардың арасында 
анағұрлым тиімді бағыттар мен жолдар бар екендігі дау тудырмайды. 
Тарихилық принципінің оқиғалар мен үрдістердің тарихтан орын алғандығын 
шынайы көрсету үшін қажет болғандығы тарихи білімді дамытуда айқын 
көрінді. Сонымен қатар бұл принцип өткен замандардағы тарих туралы 
түсініктің шынай болуы үшін де қызмет атқарады. Осы турасында қазақстандық 
тарихшылардың «Тарих – адам қызметі» деген қағиданы ұстануы орынды 
болып табылады. «Тарих – адам қызметі» принципі сонымен қатар саяси, 
географиялық, ұлттық этностық, жалпыадамзаттық көзқарастың бәрін аясына 
сиғызып жіберетін түсінік. [2, 20]. 
Тарихилық принципі қоғамдық тарихи үдерістің түрі мен сипатын 
анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ол қоғамның даму эволюциясы мен 
соның ішіндегі әртүрлі әлеуметтік топтардың көзқарастарын ескеруде қолайлы 
алғышарт тудырады. Тарихилық диалектикалық даму ұғымымен тығыз 
байланысты. Тарихилық пен диалектикалық ұстанымдар көрсетілген мерзім 
шеңберінде Қазақстан мен көршілес елдер арасындағы өзара қарым- 
қатынастар тарихын халықаралық арена мен аймақ ішінде өрістеген 
үдерістермен тығыз байланыста, біртұтас динамикада қарастыруға мүмкіндік 
туғызды. Мәселен, ХІХ ғасырда Қазақстандағы жағдайды патшалық Ресей және 



қытай өкіметі мұқият бақылап отырған. Қазақ елі екі алып көршілерінің 
ортасында өзіне тиімді саясатты ұстануға мәжбүр болды. 
Өркениет теориясы бойынша өткен уақыттардағы тарихты бүгінгі 
күннің көзқарасымен емес, оқиға болған кезеңнің өзіндік ерекшеліктерін 
ескеріп, зерттеу ұтымды. Мәселен, ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы Қазақ хандығының 
байланыстары тарихи оқиғалардың ағымында, мемлекеттердің саяси 
ұстанымдары шеңберінде, қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық, мәдени 
жағдайының ауқымында қарастырылуы қажет. Тағы бір маңызды жайт, 
мәселені ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы Қазақстанның геосаяси ахуалының 
астарында баяндау өркениеттілік теориясына сәйкес келеді. Сондай-ақ, екі 
мемлекет басшыларының мүдделері, патшалық Ресейдің ұстанымы, үш саяси 
құрылымның діттеген мақсаты бір-бірімен тығыз байланысы, сабақтастығы 
аясында зерттелуі тиіс. Сонда ғана орын алған тарихи оқиғалардың шынайы 
мазмұны ашылады. Тарихи оқиғалар мен үдерістерге ықпал ететін 
факторлардың бірі ретінде «географиялық орналасу» тұжырымдамасы Қазақ 
хандығының Ресей бодандығын қабылдау мәселелерінің түйінін шешуге 
септеседі. Екі алпауыттың ортасында орналасқан Қазақ хандығына саяси таңдау 
жасаудың оңайға түспегендігін ескерген абзал. Оның үстіне жақын көршілер 
өзара байланыстарда әрқайсысы өздері үшін ұтымды тұстарын іздейтінін 
назарға алу қажет. ХVІІІ ғасыр мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі тарихи оқиғалар 
мен үдерістерді қарастыруда дәстүрлі және географиялық факторларды жаңаша 
пайымдауда жазба деректерді сын тезінен өткізуге негізделген деректанулық 
тұжырымдамаларды пайдаланған ұтымды. Осы турасында қазақ-орыс, қазақ-
жоңғар, қазақ-қоқан, қазақ-хиуа қарым-қатынастарының тарихына қатысты 
деректердің шынайылығын айқындауға жіті мән берілуі тиіс. 
Қазіргі уақытта тарихты жасаушы жекелеген тұлғалар екендігіне 
оның өзі де куә. Тәуелсіз қазақстандық тарихшылар жаһандық зерттеушілер 
тәрізді осындай тұжырымға келіп отыр. Қазақтар мен көршілес елдер 
арасындағы байланыстардағы тарихи үдерістерге жекелеген адамдардың, яғни 
хандар мен сұлтандардың, билердің, батырлардың, т.б. қатысын анықтау 
маңызды. Мұның өзі адам қоғамның субъектісі, адам қызметін үйлестіруші 
қоғам, қоғамның қызметін үйлестіруші адам екендігін дәйектейді. Бұл тарихи 
тұлғалар халықаралық байланыстарының өрбуіне тікелей араласып, қоғамның 
бірігуіне және ыдырауына себепкер болған. Солардың атқарған рөліне 
байланысты ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы еларалық қарым-қатынастардың 
деңгейіне баға беруге болады. Тарихтағы тұлғалардың алатын орны 
турасындағы ұстаным өткенді шынайы таразылауға да мүмкіндік тудырады. 
Тарихи тұлғалардың рөлін зерттеудің ұлттық тарих жазуда қажеттілігі маңызы 
зор. «Тарихымызда халқымыздың азаттығы үшін белсенді күрескен, алайда 
тарихи деректердің жеткіліксіздігінен аймақтық қайраткерлер деңгейінде қалып 
қойған тарихи тұлғалар аз емес... Тарихымызды қайта қарауда және 
толықтыруда ...ерен тұлғалардың қаһармандық қызметін ашып көрсету аса 
маңызды әрі өте қажет. Өкінішке орай, соңғы жылдары жоғарыда аталғандай 
жалпы ұлттық, жалпы қазақтық ірі тарихи тұлғаларды мақтан етуден гөрі 



жергілікті рулық батырларды дәріптеу белең алып барады. Мұның болашақта 
қазақ арасында рулық және жүздік негізде жіктелу бағытын жандандыруы 
ғажап емес. Сондықтан да ұлтты ұйымдастыратын, ұлттық сананы оятатын 
және отансүйгіштікті өршітетін халыққа ортақ ірі тұлғаларды көтермелеуіміз 
аса қажет». 
 
Ғылымда көршілес елдер арасындағы ынтымақтастық пен саяси 
қақтығыстар туралы теориялар бар. Осыған орай халықтар арасындағы 
байланыстар қақтығыстар мен ынтымақтастық тұжырымдамалары негізінде 
қарастырылады. Көршілес елдер арасындағы ынтымақтастық туралы ХІХ 
ғасырда Эмиль Дюркгейм арнайы тұжырымдама ұсынған. Ынтымақтастықты 
механикалық және органикалық деп екіге бөле отырып, оны ең жоғарғы 
моральдық принцип, әмбебап құндылық ретінде зерттеген. Жаңа замандағы 
қазақ тарихын мұнымен қоса ықпалдастық теориясы негізінде де қарастырған 
жөн, өйткені ол «отарлау саясаты қазақтар үшін прогрессивті сипатта жүрді» 
деген тұжырымды, сонымен қатар «абсолютті зұлымдық», «ең аз зұлымдық» 
теорияларының өрістуіне кедергі болады. 
Төңкеріске дейінгі орыс тарихнамасында патша өкіметінің 
Қазақстанның оңтүстігіндегі экспансиялық саясаты «елдің қауіпсіздігін 
қамтамасыз етуге бағытталған қорғаныс сипатындағы» әрекеттері ретінде 
көрсетілді. Ұлы жүздің Ресей империясының бодандығына өтуі «өз еркімен 
империя құрамына қосылуы» түрінде түсіндірілді. Кеңестік тарихнамада 
осындай пайымдаулар «анағұрлым аз ыза» тұжырымдамасының аясында Ұлы 
жүздің 
Ресей 
бодандығын 
қабылдауы 
«қазақтардың 
орыстармен 
жақындасуының салдары» ретінде саналды. Қазіргі орыс тарихнамасында 
кеңестік кезеңде тарих ғылымында үстемдік еткен көзқарастар сақталып келеді. 
Ал тәуелсіз отандық тарихнамада бұл мәселелердің барлығы жаңа тарихи 
таным тұрғысында зерттеліп, шынайы тұстары ашылып, ақиқатқа сәйкес 
тұжырымдар жасалуда. Ресейдің жалпы Оңтүстік Қазақстанға әскери 
экспансиясы, әсіресе, Ақмешітті, Түркістанды, Әулиеатаны, Шымкентті 
қорғаушыларды талқандауы ерекше қатыгездікпен және әскери тұрғыдан 
ақтауға болмайтын әрекеттермен жүргізілгенін ерекше атап өту қажет. 
Ынтымақтастыққа қарама-қайшы қақтығыстар немесе жанжалдар 
туралы теорияны Ральф Дарендорф қалыптастырды. Ол қақтығыстың өзі 
үстемдік етуден туындайтындығын дәлелдеген. Мұндай тұжырымдамалар 
Орталық Азия хандықтарының қазақтарға қатысты пиғылы мен патшалық 
Ресейдің отарлау саясатының мәнін ашуға септеседі.
ХVІІІ-ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ тарихын зерттеуде 
феноменологиялық бағытты ұстану Қазақ хандығының шаруашылық, 
әлеуметтік және мәдени дамуының үрдістерін анықтауға мүмкіндік береді, 
себебі ол қазақтың өткенін біржақты көшпенділер тарихы ретінде қарастыруға 
жол бермейді. Керісінше, қазақ тарихына номадтық өркениет тұрғысында 
қарауға бағыт көрсетеді.
Методологиялық ұстанымдарын айқындауда кезеңдеу немесе 
дәуірлеу түйіткіліне назар аударған абзал. Себебі тарихты дәуірлеу тарих 



ғылымы методологиясының аса күрделі мәселелерінің бірінен саналады. 
Сондықтан оны айналып өте алмаймыз, өйткені әрбір тарихи кезеңнің өзіндік 
ерекшеліктері, даму заңдылықтары, өзіне тән белгілері бар. Тарихты 
кезеңдемей зерттеу оны бұрмалауға, қателіктерге және сыңаржақ тұжырымдар 
жасауға жол ашады. Отандық тарихнамада дәуірлеудің өркениеттік 
тұжырымдамалары қалыптасып келеді. Мәселен, дәуір замандарға, заман 
кезеңдерге, кезең сатыларға бөлінеді. Жаңа заманның кезеңделуіне қатысты 
ғылымда әртүрлі пікірлер орын алған. 
Сондай пікірлердің алғашқысын Алаш ардақтысы М. Дулатов танытқан. 
Міржақып 1923 жылғы «Шолпан» журналының №3-5 сандарында және «Қызыл 
Қазақстан» газетінің сол жылғы №17, 18 сандарында жарияланған «Қазақ пен 
қырғыздардың атауы мен шығуы туралы» мақаласында төңкеріске дейінгі қазақ 
тарихын төрт кезеңге бөледі. Оның екеуі Қазақ хандығының тарихыны қатысты 
болса, соңғылары жаңа заманға тиесілі. 3-кезең. Жаулап алу кезеңі – ХVІІІ-ХІХ 
ғасырлар; 4-кезең. Отарлау кезеңі – ХІХ ғасыр. Көріп отырғанымыздай, М. 
Дулатов қазақ тарихының кезеңдерін этникалық және саяси критерийді негізге 
ала отырып бөлген.
 
Кеңестік кезеңде Қазақстан тарихын дәуірлеу мәселелері әрі қарай 
жалғасып, бірте-бірте маркстік-лениндік методология үстемдік ете бастады. 
Оған дәлел С. Асфендияровтың «Қазақтар тарихының кейбір негізгі 
мәселелері» атты мақаласындағы жаңа замандағы қазақ тарихын «Отарлау 
кезеңі. 
Қазақстан 
патшалықтың 
отары 
және 
Қазақстандағы 
қазан 
революциясының алғышарттары» деп айдарлап, бір кезеңге бөлуі. Осы кезде 
ғылымда формациялық бағыттан өзге де принциптер қалыптаса бастады. К. 
Маркстің адамзат тарихын қоғамдық-экономикалық формацияларға: адамзат 
тарихын алғашқы қауымдық құрылыс, антикалық, құл иеленушілік кезең, 
феодализм дәуірі, капитализм дәуірі, коммунистік қоғам деп бөлу 
тұрғысындағы кезеңдеу бірегей болып саналды. Формациялық тұжырымдама
кеңестік тарих ғылымының негізгі методологиялық іргетасы болып қаланды. 
Сондықтан да жаңа замандағы тарихтың кезеңдеуінің негізі болып капиталистік 
формацияның қалыптасуы және дамуы, гүлденуі, сонымен қатар прогресшіл 
таптың, яғни пролетариаттың, капиталистік формацияны жоюшы саяси күштің 
тарих сахнасына шығуы табылды. Мұндай тұжырымдаманың орын алуына 
тарихи материализм ықпал етті. Тарихи зерттеулердің ұзақ жылдар бойы 
методологиялық базасына үстемдік еткен тарихи материализм, негізінен, 
мынадай екі постулатқа негізделген-ді, біріншісі, экономикалық өмірдің қоғам 
өмірінің салаларынан басымдылығы, екіншісі, таптық күрес, тарихи процестің 
негізгі қозғаушы күші. Осының негізінде формациялық дәуірлеу бірден-бір 
шынайы әрі тарихты зерттеуге қолайлы болып шыға келді. 
Кеңестік кезеңнің 1940-1950 жылдарында ғылымда Қазақстан тарихын 
қоғамдық-экономикалық формациялар алмасуы негізінде дәуірлеу біржолата 
орнықты. Құл иеленушіліктен басқа әрбір формация тарих толқынындағы 
Қазақстанның белестері ретінде қарастырылды. Осының нақты үлгісі ретінде 
бес томдық «Қазақ ССР тарихын» алуға болады. Оның үшінші томында жаңа 


10 
заман тарихының кезеңдері «Қазақстанның Ресейге қосылуы. Әлеуметтік- 
экономикалық қатынастар. Ұлы Октябрь қарсаңындағы революциялық және 
ұлт-азаттық 
қозғалыстар» 
түрінде 
көрсетілген. 
Г.Ф. 
Дахшлейгердің 
«Революцияға дейінгі Қазақстан тарихын кезеңге бөлу жайында» атты 
мақаласы осыған сәйкестендірілді. Себебі бұл 1957 жылы жарық көрген 
«ҚазССР тарихы» бұл жаңа басылымға дайындалып жатқан авторлардың 
қорытындысы еді. Баяндамада негізгі алты кезең бөлініп көрсетілген. Жаңа 
замандағы Қазақстан тарихына байланысты автордың төртінші, бесінші және 
алтыншы кезеңдері мынадай болып айқындалды: «4-кезең. Қазақстанның 
Ресейге қосылуы; 5-кезең. Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы 
және патриархтық-феодалдық қатынастардың ыдырауы; 6-кезең. Ресей 
империализмі дәуіріндегі Қазақстан». Қазақстан тарихын кезеңге бөлудегі бұл 
тұжырымдардың әрі қарай дамуы 1977-1980 жылдары басылып шыққан 
«ҚазССР тарихы» атты 5 томдық басылымда өз орнын тапты. 
Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейінгі уақыттарда жаңа және 
қазіргі заман тарихын өркениеттік тұрғыдан кезеңдеу (витальды циклдер 
теориясы) дәстүрлі өркениеттік жүйенің дағдарысы мен өшуі, индустриалды 
өркениеттердің пайда болуы мен дамуы тұрғысында қарастырылды. Жаңа 
заман тарихын кезеңдеудің техногендік тұжырымдамасы ғылымда көрініс бере 
бастады. Жаңа тарихты мануфактуралық капитализм, өнеркәсіптік төңкеріс 
және фабрика, зауыттық капитализм кезеңі ретінде кезеңдейтін өркениеттік 
ұстанымдар пайда болды. Айта кетерлік жайт, өркениет теориясы бойынша 
өткен уақыттардағы тарихты бүгінгі күннің көзқарасымен емес, оқиға болған 
кезеңнің өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, зерттеу ұтымды.
Отандық тарих ғылымында әртүрлі ұстанымдарға негізделген дәуірлеу 
байқалады. Мәселен, В. Ғалиев кез келген халықтың тарихын кезеңдерге бөліп 
қарастыруда оның негізі ретінде өндіргіш күштердің даму барысы алынуға тиіс 
деген пікірді басшылыққа ала отырып, жаңа заманды төмендегідей төрт кезеңге 
бөледі: 1-кезең. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес дәуірі 
(ХVІІ ғасырдың екінші ширегі – ХVІІІ ғасырдың ортасы). 2-кезең. ХVІІІ 
ғасырдың екінші жартысы – ХІХ ғасырдың басы (1822 жыл). 3-кезең. ХІХ 
ғасырдың 20-60-жылдары. 4-кезең. 1867-1868 жылдардан бастап 1917 жылға 
дейін. З. Алдамжаров атап көрсеткеніндей, мұндай кезеңдеу жаңа замандағы 
қазақ тарихын жан-жақты қарастыруға мүмкіндік береді, себебі ғалымның 
пікірінше, «Шын мәнінде кезеңдеу мәселесінде тарихшы-зерттеуші қоғамдағы 
барлық өзгерістерді, оның дамуындағы ерекшеліктерді, оның мазмұнын 
өзгертетін факторларды түгел ескеріп, оларды үнемі назарда ұстауға тиіс. 
Адамзаттың өткенін дәуірлеу кезеңдер мен дәуірлер мәні ашылатындай өзара 
сабақтастықта жасалуы тиіс. Сондай-ақ, олар бірін-бірі толықтырып, тарихи 
процестердің сабақтастығын үзбей көрсету бағытында бөлінуі керек». 
Жаңа методологиялық ұстанымдарды басшылыққа
алған
Х. Әбжанов өзі 
ұсынған өлшемдер мен ұстанымдардың негізінде Отан тарихын алты дәуірге 
бөлген, соның төртіншісі жаңа заманға «Зар заман дәуірі (1731-1917 жылдың 
қазаны)» сәйкес келеді. С. Кентбеков кеңестік кезеңге дейінгі Қазақстан 


11 
тарихын ІV дәуірге бөледі. Соның ішінде жаңа заманға байланысты 
көзқарастары мынадай: «III. Қазақстан Ресей империясы құрамында (белсенді 
отарлау кезеңі. 1868-1891 жылдар): отарлау тәртібінің қалыптасу кезеңі (1868–
1891 жыл); отарлық тәртіптің орнығу кезеңі (1891-1905 жылдар); қазақтардың 
ұлт-азаттық қозғалысының өрлеу кезеңі (1905-1917 жылдар)». Тарихшы ғалым 
М.Х. Асылбеков адамзаттың өткенін ежелгі дүние, орта ғасырлар, жаңа, қазіргі 
заман деп айдар тағып, бөлу принципіне сүйене отырып, қазақ тарихының 
ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тарихты екі үлкен дәуірге – жаңа заман, қазіргі 
заман деп бөлуді ұсынған. Қазіргі заманға бөлеміз деп, жаңа заманға қатысты өз 
кезеңдерін ұсынады: 1-дәуір – Қазақстанның Ресейге қосылуы (ХVIII-ХIХ 
ғасырдың 60-жылдары), яғни 1731 жылғы Әбілқайырдың Ресейге қосылуы 
жөніндегі антынан бастап, 1860-жылдары Оңтүстік Қазақстанның жаулап 
алынуына дейінгі дәуір. 2-дәуір – Қазақстанның Ресей отарына айналуы (1867 
жылғы реформадан 1917 жылғы Қазан революциясына дейін). Тарихшылар 
пікірлерін талдай келе, жаңа замандағы қазақ тарихын үш үлкен кезеңге бөлуге 
болады деп санаймыз. Біріншісі, ХVІІІ ғасырдың бірінші ширегі – ХVІІІ 
ғасырдың соңы; екіншісі, ХІХ ғасырдың бірінші жартысы, үшіншісі – ХІХ 
ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың бас кезі. Осындай үш кезеңге бөліп 
қарастыру оны терең зерделеп, барлық қырларын ашуға мол мүмкіндік 
тудырады деп есептейміз. Бірінші кезеңде Қазақ жүздерінің Ресей бодандығын 
қабылдауынан бастап, казак отарлауының басталуы, бекіністер мен шептердің 
салынуы, ең алғашқы отарлық билік орындарының құрылуы, қазақтардың 
шаруашылығы мен тұрмыс-салтын, дінін, ділін жан-жақты зерттеу жүргізілді. 
Орыс зерттеушілері қазақ арасына арнайы келіп, қоғамның өзіндік 
ерекшеліктерін зерделеп, қажетті тұстарын хатқа қондырып отырған. Екінші 
кезеңде Қазақ хандығы жойылып, отарлық басқару аппаратының негіздері 
жасалды, азаттық үшін көтерілістер мен қозғалыстар өрістеді. Үшінші кезеңде 
отарлау саясаты тереңдеп, ол бірнеше бағыттарда жүрді. Осы орайда жаңа 
замандағы Қазақстан тарихын бодандық бұғауын киген және тәуелсіздік үшін 
күрескен қазақ елі деп атауға толық негіз бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет