Пікір жазғандар: тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х. М. Әбжанов


Тақырыптың мазмұнын бекіту үшін қойылатын сұрақтар



Pdf көрінісі
бет8/12
Дата29.09.2023
өлшемі0,54 Mb.
#111787
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
 
Тақырыптың мазмұнын бекіту үшін қойылатын сұрақтар: 
 
1. Ұсақ кәсіпшіліктердің пайда болуы және дамуы. 
2. Тау-кен өнеркәсібінің қалыптасуы және оның ерекшеліктері.
3. Сауданың түрлері және дамуы. 
4. Қазақ даласындағы жәрмеңкелер және олардың жұмысы. 
5. Шаруашылық саладағы өзгерістердің тағлымы және маңызы. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


37 
6.
 
Урбанизация үрдістері. Банк және қаржы жүйесінің пайда болуы 
Қазақ даласының Ресей экономикасына тартылуы, отаршылдық саясаттың 
қарқынды дамуы өлкеде қалалардың өркендеуіне игі әсерін тигізді. Қалалар 
өнеркәсіптің, сауданың, материалдық өндірістің, қоғамдық-саяси өмірдің, 
әртүрлі этникалық топтардың қоныстанған орталықтары ретінде пайда болып, 
жеке кәсіпкерлік пен өзіндік ерекшеліктегі рыноктық қатынастардың ошақтары 
іспеттес экономика мен мәдениетті жандандыруда орасан зор рөл атқарды. Айта 
кетерлік жайт, Оңтүстік Қазақстанға қарағанда Солтүстік-Батыс, Шығыс және 
Орталық Қазақстанның қалалары өлкені патшалық Ресейдің отарлауы 
барысында пайда болды. Осыған орай олардың атаулары да орысша болып 
келді. Белгілі статист зерттеуші Н.В. Туранчиновтың деректеріне қарағанда 
1914 жылға дейін Қазақстанда 26 қала болған көрінеді. Олардың ішінде 7 
қаланың негізі ХVІІ-ХІХ ғасырларда қаланған. Ал 24 қала ХІХ ғасырда қала 
мәртебесіне ие болған. 1867-1868 жылдардағы саяси-әкімшілік, сот 
реформаларының барысында өз кезегінде Қазақстан аумағына енген бес қала 
Орынбор, Омбы, Семей, Верный, Орал облыс орталықтары ретінде 
мойындалды. Қазақстан қалалары отырықшы және көшпелі халықтың тұрақты 
өзара байланыс орталықтары бола отырып, төңірегіндегі ауылдарға әсер етіп
оның шаруашылық және мәдени өмірлеріне ықпалын тигізді. Олар, әсіресе, 
малмен тікелей сауда жасаудың орталықтары түрінде дархан далаға кеңінен 
танымал болды. Осындай орталық ретінде Қостанай қаласының рөлі 
айтарлықтай еді. Қалада сатып алынған мал мен шикізат Камышын, Шадрин, 
Троицкий, Илецкий, Орал, Орск уездеріне, Екатеринбург губерниясына, 
Мәскеуге, Қазанға, Ревелге, Берлинге, Венаға жіберіліп отырылды. 
Бірқатар факторлар, соның ішінде шаруаларды қоныстандыру, саяси жер 
аудару, отырықшы қоныстарға орналастырылған әскери бөлімдердің тұрақты 
құрамы, ауылдардан кәсіп іздеп кетушілердің көбеюі қала халқының 
динамикасын арттырып, олардың этникалық, отбасылық, кәсіптік, діни 
құрамын қалыптастырды. Дегенмен, қала тұрғындарының саны мен құрылымы 
өлкедегі әлеуметтік-экономикалық қайта құруларға байланысты жиі өзгеріп 
отырды. 
1867-1868 жылдардағы реформалардан кейінгі кезеңде өлке қалаларының 
көпшілігі шағын қоныстар қатарына жатқызылды. Мәселен, Сырдария 
облысында жалпы қалалар санының 71%-ы, Жетісуда – 50%-ы, Торғайда – 25%-
ы, Ақмолада 20%-ы шағын қоныстар ретінде саналды.
Қазақстан 
қалаларының 
келбеті 
өлкені 
отарлаудың 
әлеуметтік- 
экономикалық үрдістерінің, оны тездете түскен қажеттердің ықпалымен 
қалыптасты. Қалалар әкімшілік қана емес, мәдени-ағарту шараларын іске 
асыратын орталықтар болып табылды. Өлкенің байлығын игеру үшін сол 
өңірдегі байырғы халықтың салт-дәстүрі мен тарихын жетік меңгерген, 
жергілікті ерекшеліктерді танып білетін сауатты мамандарға зәрулік байқалды. 
Осыған орай қалаларда осындай мамандар даярлайтын оқу орындары ашылды. 
Мысалы, Торғайда 1896 жылдан бастап 88 оқу орны жұмыс істеп, оларда 
барлығы 2280 адам білім алды. Ал, Сырдария облысында Халық ағарту 


38 
министрлігінің ведомствосында 3956 оқушысы бар 79 оқу орны болды. Қала 
тұрғындарының сауаттылық дәрежесін 1897 жылғы санақ деректері көрсетіп 
берді. Мәселен, Семейде барлық тұрғындардың 27%-ын, Өскеменде – 30,9%, 
Павлодарда – 31,3%, Көкпектіде – 19,4%, Зайсанда – 31,6%-ын сауаттылар 
құрады. 
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстан қалаларында мәдени ағарту 
және ғылыми-зерттеу орталықтары шоғырландырылды. Атап айтар болсақ, 
Орынборда Ресей Императорлық географиялық қоғамы бөлімшесінің, Семейде 
Облыстық Статистика комитетінің, Халыққа білім беруге қамқорлық жасаушы 
қоғамының, Кедейлерге қамқорлық жасаушы әйелдер қоғамының, Верныйда 
кедей оқушыларға көмек көрсететін қоғамның, Қалалақ қайырымдылық 
қоғамының бөлімшелері жұмыс істеді. Олардың қалалардың ғана емес өлкенің 
мәдениетін дамытудағы, қоғамдық-саяси өмірін жандандырудағы, баспа ісін 
кеңейтудегі рөлі ерекше болды. Сондай-ақ, байырғы халықтың таңдаулы 
өкілдерін қалалардың мәдени өміріне тартты.
ХХ ғасырдың басында бірқатар ірі қалалар – Оралда, Петропавлда, 
Верныйда, Семейде, Қостанайда, Әулиеатада сауда және мал шаруашылығы 
мен егіншілік өнімдерін ұқсату орталықтары арқылы өнеркәсіптік даму үрдісі 
басталды. Қалалардың халқы, негізінен, көші-қон есебінен өсті. Қазақстан 
қалаларында көбінесе орыстар, қазақтар мен татарлар тұрды. 1897 жылы қала 
тұрғындары арасында орыстардың үлес салмағы басым болды. Қала халқының 
әлеуметтік құрамы да әртүрлі еді. Зерттеушілердің есептеулері бойынша, Орта 
Азия мен Қазақстанның тоғыз облысында қала тұрғындарының 20%-ына 
жуығы ауыл шаруашылығымен және ауыл шаруашылық кәсіпшілігімен 
айналысқан шаруалар, батырақтар және т.б. болды. Тұрғындардың 20,3%-ын 
сауда буржуазиясы және саудада жұмыс істейтіндер құрады. Ал тау-кен, кен 
өндіру және тамақ өнеркәсібінде еңбек ететіндер 33,1%-ды иеленді. 
Осылайша, ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі 
Қазақстан қалалары өлкенің әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени 
өмірінде маңызды рөл атқарды. Ауылдардан қалаларға көшу орын 
алмағанымен, кедейленген шаруалардың кәсіп іздеп ірі қоныстарға кетуі 
жаппай сипат ала бастады. Мұның өзі мал шаруашылығынан басқа тіршілік 
көздерінің қазақ шаруасы үшін қалалардан табылатындығын дәлелдей түсті. 
Осы тұрғыдан алғанда қалалар кедей шаруаларға табыс тетіктері іспеттес 
болды. Тек сол ғана емес қалалар мәдени ағарту орталықтары ретінде білім 
алуға құштарларға оқу орындарының есіктерін айқара ашты. Халықтың құлағы 
мен көзі саналатын мерзімді басылым орындары қалаларда орналасты. Шағын 
кәсіпшіліктердің дамуына да қалалар игі ықпал етті. Қалалардың қазақ 
даласындағы орны мен рөлі оларды өркендетудің қажеттілігіне уақыт өткен 
сайын көз жеткізді. Алайда бодандық бұғауындағы байырғы халықтың мұндай 
қажеттілікті іске асыруға мүмкіндігі шектеулі болатын. Сондықтан да отарлық 
езгінің қамытын киген халықтың басты мұраты тәуелсіздік алу еді. Осыған орай 
ол барлық қажыры мен қайратын тәуелсіздік жолындағы күреске арнады. Бұл 
ғасырлар тоғысындағы қазақ халқы үшін ең басты өзекті мәселе болып 


39 
табылды. Өйткені тәуелсіздікке қол жеткізбей урбандалу және басқа да 
аталмыш кезең үшін көкейкесті мәселерді шешу қисынсыз болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет