Пікір жазғандар: тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х. М. Әбжанов


Тақырыптың мазмұнын бекіту үшін қойылатын сұрақтар



Pdf көрінісі
бет7/12
Дата29.09.2023
өлшемі0,54 Mb.
#111787
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Тақырыптың мазмұнын бекіту үшін қойылатын сұрақтар: 
 
1. Қазақ ауылындағы шаруашылық өзгерістердің себептері. 
2. Малды сату және айырбастау
3. Байырғы халықтың мал жайылымдарының тарылуы және егіншілікке 
өту себептері. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



28 
5.
 
Өнеркәсіп пен сауда және жаңа бастамалар 
Ауыл өмірінің барлық салаларына капитализмнің енуі көшпелілерді табиғи-
географиялық жағдайларды ескере отырып, шөп шабу, балық аулау, бақша егу 
тәрізді кәсіпшілікке итермеледі. Шөпті мөлшерден тыс мол шапқан қазақтар 
одан пайда тауып отырды. Мәселен, Батыс және Солтүстік Қазақстан аумағын 
мекендеген байырғы халық өкілдері шапқан шөптерін Орынбор, Петропавл 
табыншыларына сатып, қосымша қаражат түсірген. Өлкенің байырғы 
тұрғындары, әсіресе, Орынбор, Петропавл, Перовск қазақтары орамжапырақ, 
картоп, өсірді. Мысалы, Перовскіде жергілікті халық орамжапырақ өсіріп, оны 
орыс тұрғындарына сатып, пайда тапты. Семей облысының оңтүстік 
уездеріндегі қазақтар топырағы құнарлы жерлерде бақша егумен айналысты. 
Олар қоныстанушылардың ықпалымен қарбыз және қауын өсіре бастады. 
Өскемен уезінде – 5469, Семейде – 3054, Павлодарда – 2030, Зайсанда – 180, 
облыс бойынша – 10733 дана қауын-қарбыз өсірілді. 
Кәсіпшіліктің жергілікті түрлерінің арасында аң аулау дамыды. Мұны 
жәрмеңкелерде сатылған аң терілерінің санының өсуі айғақтайды. Мәселен, 
1897 жылы Константиновск жәрмеңкесінде 3700 қасқыр, 2500 түлкі, 7000 
қарсақ, 11000 борсық, 1100 сусар, барлығы – 59325 сомды құрайтын аң терілері 
сатылған. Жәрмеңкелердегі киіз, шекпен, қыл арқандарға деген сұраныстың 
артуы үй кәсіпшіліктерінің дамуын ынталандырды. Үй кәсіпшіліктерінде 
дайындалған мұндай тауарлардан түрлі бұйымдар, мәселен, бас киімдер 
жасалды. ХІХ ғасырдың соңына қарай тоқыма фабрикаларының Ресейдің 
орталық губерниялары мен Сібірде пайда болып, дамуына байланысты қой 
жүнін қазақтардан көпестер көптеп сатып ала бастады. Жүнді фабрикаларға 
жібермес бұрын оны жуу жұмыстары ұйымдастырылды. Осыған орай жүн 
жуатын кәсіпшіліктер ашылды. 
Осылайша қазақ өлкесінің бірте-бірте капиталистік қатынастар өрісіне 
тартылуы жаңа кәсіпшіліктердің дүниеге келуіне игі әсер етіп, өнеркәсіптің 
пайда болуына жол ашты. Көлемі, құрылысының қарапайымдылығы, 
жұмысшылары сан жағынан басым шағын кәсіпорындар ХІХ ғасырдың аяғы 
ХХ ғасырдың басында өнеркәсіптің ең алғашқы бастаулары ретінде 
қалыптасты. Ақмола және Семей облыстарында мал шаруашылығы өнімдерін, 
яғни шикізат өңдеудің алғашқы ошақтары пайда болды. Мысалы, тарихи 
деректердің мәліметтерінше, 1888 жылы Семей облысында 13 былғары, 9 
сабын қайнататын, 1 шарап ашытатын, 1 май шайқайтын, 23 кірпіш, 2 сыра 
ашытатын және т. б. кәсіпшіліктер болып, онда 262 жұмысшы еңбек еткен. 
Шығарылған өнімдерінің жалпы көлемі 230147 сомды құраған. Мал 
шаруашылығы 
шикізатын 
өңдеу 
кәсіпорындары, 
негізінен, 
уезд 
орталықтарында шоғырланып, қажет өнімді және жұмысшы күшін 
айналасындағы ауылдардан алып отырды. 
Қазақстанның солтүстік және шығыс аудандарына қарағанда шағын 
кәсіпшілік өлкенің оңтүстігінде біршама баяу дамып, 1880-жылдардың соңына 
қарай қарқын ала бастады. Бұл өңірде кәсіпшіліктер мақта, темекі өсіруге, 
жібек өндіруге, балық аулауға маманданды. Олардың шығарған өнімі 1720 мың 


29 
сомға жеткен. 
Өлкедегі өңдеуші кәсіпшіліктер былғары өңдеу, май қорыту мен шайқау, 
сабын қайнату, ұн тарту, темекі, шарап дайындау тәрізді «салаларға» бөлініп, 
жекелеген аймақтардың экономикалық дамуына елеулі үлес қосты. Өлкеде кең 
таралған кәсіпшіліктің бірі – балық аулау болды. Арал теңізінің балығын 
аулауға негізделген кәсіпшілік Көкарал түбегінде шоғырланды. 
Кәсіпшіліктермен қатар дархан далада ең алғашқы өнеркәсіп орындары 
пайда болды. Олардың пайда болуына мынадай факторлар әсер етті. 
Қазақстанның патшалық Ресейдегі капиталистік қатынастар торабына 
тартылуы, өлкемен шекаралас Батыс Сібірдің индустриалдық қуатының 
ықпалы, ұлан байтақ аумақтың жер қойнауындағы табиғи қазба байлықтарының 
молдығы. Орталық және Шығыс Қазақстанның орасан зор табиғи ресурстары, 
мыстың, көмірдің, алтынның, қорғасынның, мырыштың бай қорлары осы 
аймақтарда зауыт салуға қол жеткізді. Тұңғыш рет ашылған зауыттардың 
техникалық жабдықталуы қарапайым, шикізат өндіру мүмкіндіктері шектеулі 
болды. Олар көбінесе жазғы айларда жұмыс істеп, өзге жыл мезгілдерінде 
қарап тұрды. Жұмыс күші жергілікті халық есебінен қамтамасыз етілді, алайда 
оларға төленетін еңбекақы орыс жұмысшыларына қарағанда анағұрлым төмен 
еді. Өндірілген өнімнің көлемі де мардымсыз мөлшерде болды. Мәселен, 1888 
жылы белгілі кәсіпкер С.А. Попов салған зауытта небәрі 904 пұт күміс 
қорғасын кені өңделіп, 24 фунт таза күміс алынды. 
Кен өндіру саласында ХІХ ғасырдың соңында өз заманына сәйкес 
техникалық құрал-жабдықтармен жарақтандырылғандары да кездесті. Мұндай 
өнеркәсіп орындарының қатарына Қарқаралыдағы Николаев мыс балқыту, 
Семейдегі Қанды алқабындағы Александровск қорғасын-күміс зауыттары, 
Ақмоланың Жалғызқарағай алқабындағы Демьянов қорғасын-күміс-мыс, 
Спасск, Успен, Қарағанды, Саран көмір, Зырянов түсті метал кеніштері 
жатқызылды. 
Өлкеде тау-кен және байыту өнеркісібі баяу дамыды. Ең алғашқы 
кәсіпорындар түсті металл, көмір, мұнай өндіруші сипатына ие болды. Сондай 
өнеркәсіп орындары ретінде Қарағанды көмір, Екібастұз, Байқоңыр, Жезқазған, 
Успен, Риддер кеніштері, Спасск зауыты, Ембі мұнай кәсіпшілігі саналды. Осы 
кәсіпорындар Ресей капиталының әлсіздігінен ХХ ғасырдың бас кезінде 
ағылшын-француз акционерлік қоғамдарының қолдарына көшті. 1904 жылы 
өлкедегі мыс балқыту өнеркәсібінің негізінде кеніштер мен кен орындарын 
пайдалану мақсатында «Спасск кеніштерінің акционерлік қоғамы» құрылды. 
Қоғам Спасск мыс балқыту зауытын, Саран және Қарағанды тас көмір кен 
орындарын, екі темір кенішін сатып алды. Қоғамның басқармасына төрт 
ағылшын және төрт француз кірді. Оның төрағасы ағылшынның ірі капиталисі, 
парламент мүшесі Артур Фель, ал вице приезиденті Э. Карно болды. 
1906 жылы Жезқазған мыс кен орындарын пайдалану үшін Лондонда 
«Атбасар мыс кен орындарының акционерлік қоғамы» құрылды. 1911 жылы 
осы қоғамның акцияларының 40%-ызын Спасск мыс кеніштерінің акционерлік 
қоғамы иеленді. Ақырында Жезқазған кеніші Спасск компаниясының меншігіне 


30 
көшті. 
1914 жылы Риддер мен Екібастұз Ресейдің кеніштері мен зауыттарын қол 
астына қаратқан «Орыс Азия корпорациясының» концессиясына көшті. 1914 
жылы концессия өзінің «Ертіс корпорациясы» атты еншілес қоғамы арқылы 
Қазақстанда Кенді Алтай мен Екібастұз кеніштерін пайдалану мақсатымен 
Риддер және Қырғыз-Қазақ кен өнеркәсібі акционерлік қоғамдарын құрды. 
1914 жылы Қазақстанның Шығысында мырыш және 1916 жылы қорғасын 
зауыты салына бастады. ХХ ғасырдың басында Кенді Алтайда алтын өндіру 
50%-ға қысқарды. Қоңыр көмір өндіру қолға алынды. Көрсетілген кезеңде 
көмір өндіру төрт еседен астам өсті. 
Тұз өндіру дами түсті. Тұз кәсіпшіліктері артелдерге, кәсіпорындарға немесе 
олардың қоғамдарына жалға берілді. Коряков кәсіпшіліктері 1908 жылы 
Павлодар көпесі Осипов басқарған тұз өнеркәсібі серіктестігіне 25 жыл 
мерзімге жалға берілді. 1909 жылы Коряков кәсіпшіліктерінде 3979 мың пұт тұз 
өндірілді, ал оларда 10092 жұмысшы істеді. Бұл жерден тұз Ертіс арқылы 
Павлодарға, одан әрі Батыс және Шығыс Сібірге Обь өзенінің бойындағы балық 
кәсіпшіліктеріне тасылды. 1909 жылы Басқұншақ кәсіпшіліктері 20 миллион 
пұттан астам тұз берді. Олар, негізінен, Астраханның балық кәсіпшіліктеріне, 
Саратовқа, Самарға, Сызранға, Нижний Новгорогдқа және басқа қалаларға 
апарылды. 
Атырау-Жем бойы мұнай ауданы да ағылшын капиталының қолында болып 
шықты. Ол мұнда өздерінің дербес акционерлік қоғамдарын құру жолымен де 
үлес қосып қатысып, орыс компаниялары арқылы енген болатын. 1911 жылғы 2 
сәуірде Доссор кәсіпшілігінде қуатты мұнай бұрғылары атқылады, мұның өзі 
Жемде ірі көлемде мұнай өндіруді бастап берді. Батыс Қазақстанның мұнай кен 
орындарын пайдалану үшін Батыс Урал мұнай қоғамы, Орталық Урал Каспий 
қоғамы, Солтүстік Каспий компаниясы тәрізді ағылшын қоғамдары құрылды. 
Мұнай кен орындарын өңдеуде негізгі капиталы 36 миллион сом болатын 8 
акционерлік қоғам жұмыс істеді. 
Патша өкіметінің жеңілдіктері, арзан жұмыс күші, бәсекелестіктің жоқтығы 
мұнай өндіруде шетел капиталистеріне өте тиімді жағдай жасады. Соның 
арқасында өлке байлығы емін-еркін өндірілді. 
Осылайша қазақтың тау-кен өнеркәсібі орыс және шетел капиталының 
көмегімен пайда болды. Сондықтан да өндірілген өнім өлкеден тыс жерлерге, 
тіпті ХХ ғасыр басында шетелге тасып әкетілді. Табиғи байлықтың пайдасы 
мен мол қаражат көздері шетел және орыс капиталының қоржынын толтырды. 
Өз жер қойнауының байлығынан жұрдай болған халық отарлық езгінің 
ауқымында өзгелерге тәуелді бола түсті. Ал оның әлеуметтік шаруашылық 
жағдайы төмен болды. 
Ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін кәсіпшіліктер тау-кен өнеркәсібіне 
қарағанда өлкенің экономикалық дамуына тиімді ықпал етті. Мұндай 
кәсіпшіліктердің өздері жүн жуатын, мал майын қорытатын, ішек-қарын 
тазартатын Ресейдің еуропалық бөлгіне және шетелге шығарылатын шикізатты 
өңдейтіндер түрінде дараланды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімін 


31 
жергілікті жерде тұтыну үшін өнім дайындайтын былғары, май шайқайтын, 
спирт-арақ зауыттары, темекі фабрикалары, т. б. кәсіпшіліктер ретінде бөлініп 
шықты. 
Өлке олбыстарындағы жүн жуатын шағын кәсіпшіліктер Ресейдің 
еуропалық бөлігіндегі мәуіті фабрикаларын таза қой жүнімен қамтамасыз етті. 
Бұл фабрикалардың иелері осы кәсіпшіліктерді өз қолдарында ұстап отырды. 
Жүнге 
сұраныс 
бірінші 
дүниежүзілік 
соғыс 
жылдарында 
артты. 
«Шахворостовтың сауда үйі» серіктестігіне қарасты 1910 жылы салынған 
Қарғалы шұға фабрикасында қой және түйе жүнінен солдаттарға арналған 
шинель шұғасы өндірілді. 
Ет кәсіпорындарының өндірісі бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында 
едәуір кеңейіп, әсіресе консерві зауыттарының өнімдеріне сұраныс көбейді. 
Былғары дайындайтын, шарап және сыра ашытатын кәсіпшіліктермен қатар 
құрылысқа қажетті материалдар, яғни кірпіш, цемент шығаратын кәсіпорындар 
өлкедегі соны кәсіпшіліктер ретінде саналды. Ұн тартатын диірмендер көбейді. 
Бір ғана Семейде 1911 жылы 22 диірмен жұмыс істеді. Мұнда 1908 жылы 
«Семей ұн тартатын бу диірмендерінің акционерлік қоғамы» құрылды. Ұн мен 
майдың негізгі бөлігі жергілікті жерлерде өз тұтынушыларын тапса, қалған 
бөлігі Ресейге және шетелдерге жіберілді. 
Өңдеу өнеркәсібі көбінесе ұсақ, шағын кәсіпорындары түрінде дамыды. 
Солардың арасындағы ең ірілері болып Верный қаласына жақын орналасқан 
Қарғалы шұға фабрикасы, Көкшетау уезіндегі етті консервілеу, Петропавлдегі 
консерві, Шымкенттегі сантонин зауыттары, Оралдағы, Семейдегі бу диірмені 
және жай диірмендер табылады. Өлкенің өңдеуші өнеркәсібінде жұмыс істейтін 
жұмысшылардың жалпы саны 20 мың адам болған. Тұз өндіру Басқұншақ, 
Елтоң, Ойыл, Кирянов және т.б. кәсіпшіліктерде жүзеге асырылды. Олардағы 
жұмысшылар саны 1916-1917 жылдары 5 мың адамды құраған. Балық аулау 
және өңдеу кәсіпшіліктері Каспий, Арал, теңіздері, Орал, Сырдария, Іле, Шу, 
Бұқтырма өзендері, Зайсан және Балқаш көлдері жағалауларында пайда болды. 
Бұл кәсіпорындарда 15 мыңға жуық жұмысшы жұмыс істеді. 1913 жылы 
Қазақстан бойынша ауланған балық 34,5 мың пұтқа жетті. Бұл Ресейде ауланған 
барлық балықтың 11 пайызы еді. 
Зауыттар мен фабрикалардың өлкеде өндірілген мал өнімдерінің молаюы 
патшалық Ресейдің Қазақстанды арзан тауарларын өткізудің рыноктық 
аймағына айналдыруға, тұрғындар сұранысының артуына орай отар аймақты 
метрополиямен байланыстыратын темір жолдарды салу көзделді. Өлкенің 
табиғи ресурстарын игеру, отарлау саясатын терең жүргізуге Транссібір 
магистралінің септігі тиді. 
Қазақстанның оңтүстігін Ресеймен жалғастырған Орынбор-Ташкен темір 
жол құрылысы 1897 жылы аяқталып, өлкенің экономикалық жағдайына игі 
ықпал етті. Ең алдымен тасылатын тауарлар көлемі ұлғайды. Мәселен, ХХ 
ғасырдың басында Петропавл, Омбы, Есілкөл станицаларынан 37215 бас мал 
Петербургке және 144 бас мал Мәскеуге жіберілді. 
Өлкеде салынған темір жол желісі Қазақстанды Ресейдің орталық 


32 
аудандарының капиталистік өнеркәсібінің шикізаттық шылауына, өнім өткізу 
рыногына айналдырудың негізгі құралы болды. Өлкені тонауға, отарлық езгіні 
күшейтуге септесті. Мұны өлкедегі темір жолдардың жүк айналымының 
мәліметтері айқын сипаттайды, ол 1913 жылы 1114 мың тонна, олардың 
әкетілгені – 602 мың, әкелінгені – 512 мың тонна болған. Темір жолдар арқылы 
Қазақстаннан Ресейдің ішкі аудандарына көп мөлшерде ауыл шаруашылығы 
өнімдері мен шикізат Рязань – Урал жолының Покровск – Урал учаскесі арқылы 
және Сібір жолының Омбы – Петропавл учаскесі арқылы астық, ет, тоң май, 
тері, жүн, мал; Орынбор – Ташкент жолымен оларға қоса Орта Азия 
мақтасының басым бөлігі, сондай-ақ кептірілген және жас жемістер, т.б. тасып 
әкетілген. Ресейдің өнеркәсіпті аудандарынан Қазақстанға егіншілік 
машиналары мен құралдары, ағаш, құрылыс материалдары, темір, болат, 
шойын, көмір, мұнай, фабрика бұйымдары, шай, қант, және басқа тауарлар 
әкелінді. 
Қазақстанда темір жолдардың салынуы оның әлеуметтік-экономикалық 
өміріндегі елеулі өзгерістерге әкеп соқты. Темір жол желілеріне іргелес жатқан 
аудандарда дәнді дақылдар мен мақта өсіру, шөп шабу, балық және тұз 
кәсіпшіліктері дамыды. Қазақ ауылына тауар-ақша қатынастарының енуі және 
томаға-тұйық натуралды шаруашылықтың ыдырауы күшейді. Бір жағынан, 
шетке кәсіп іздеп кету, екінші жағынан, жалдамалы еңбекті қолдану дамыды. 
Жолдардың салынуы орыс шаруаларының қоныстануын тездетті. Темір жол 
торабында орналасқан қалалар халқының саны көбейді, олардың әлеуметтік-
экономикалық дамуы қарқынды бола түсті. Темір жолдар Ресейдің орталығын 
бұратана шет аймақпен берік байланыстырып, сол арқылы бүкіл империя 
бойынша біртұтас экономикалық кеңістік жасады. Өлкеде темір жол 
тармағының 
салынуы, 
өнеркәсіп 
орындарының 
ашылуы 
жұмысшы 
мамандардың 
қалыптасуын 
тездетті. 
Жұмысшылардың 
саны 
зауыт, 
фабрикалардың өндіріс көлеміне, техникамен жабдықталуына, қазақ 
ауылындағы таптық жіктелістің тереңдеуіне, т.б. үрдістерге байланысты өзгеріп 
отырды. 
Темір жолда көрсетілген уақытта 30 мыңға жуық адам еңбек етті. Олардың 
үлес салмағы 20%-дан аспады. Егер ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың 
басында жұмысшы мамандардың қалыптасу үрдісінің қарқыны күшейіп, жалпы 
жұмысшылар саны 90 мың адамға жетсе, солардың небәрі 1,4%-ызын байырғы 
тұрғындардың өкілдері құрады. Тау-кен өнеркісібінде және мұнай өндіру ісінде 
қазақ жұмысшылары басымдылық танытса, өңдеуші кәсіпорындарда олардың 
үлес салмағы айтарлықтай төмен болды. 
Өлкеде кәсіпкерлер қызметінің үстінен қарайтын бақылаудың және 
фабрикалық инспекцияның болмауы салдарынан Ресей империясының 
индустриалды дамыған аймақтарымен салыстырғанда жұмысшылардың 
жағдайы нашар күйде қалды. Әсіресе қазақ жұмысшыларының жағдайы өте 
ауыр болды. Ашық дискриминация мен ұлыдержавалық шовинизм жалақы мен 
еңбек, тұрмыс жағдайларында, әлеуметтік сақтандыруда, медициналық көмек 
көрсетуде айқын көрінді. Ауыр еңбек жағдайлары, төменгі еңбек ақы, көптеген 


33 
айып пұлдар, алдау, еңбек хақысын жеу, өнеркәсіп орны басшыларының шектен 
шығуы, т. б. жергілікті жұмысшыларды өздерінің экономикалық және саяси 
жағдайын жақсатру үшін күреске итермеледі. Оның үстіне қазақ жұмысшылары 
өздерінің табиғи байлықтарының талан-таражға түскенін әрдайым көздерімен 
көріп отырды. Сондықтан да қалай да озбыр отарлау саясатына қарсы бірлесіп 
күресу қажеттілігін түсінді. Бұл ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасыр басында бүкіл 
халықтық тәуелсіздік жолындағы күреске ұласты. Мұның өзін өз заманындағы 
ең басты құндылық ұлттық идеяның бір көрінісі деп санауға болады. Мұндай 
күрес өнеркәсіпте те, ауылда да жаппай көрініс тапты. Өнеркәсіптегі 
жұмысшылардың ең үлкен ереуілі бірінші орыс төңкерісі кезінде, яғни 1905-
1907 жылдар аралығында Успен кенішінде болды. Оған 300-ден астам 
жұмысшы қатысты, олардың 265-і қазақтар еді. Қазақ халқының патша 
өкіметінің отарлық саясатына қарсы күресі ереуілдер, бас көтерулері, 
көтерілістері жеңіліс тауып жатса да, тәуелсіздік жолындағы жанкештік идея 
ешқашан өз мәнін жоғалтпады. 
ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында айырбас және ақша 
арқылы жүргізілген сауда қанат жая түсті. Қазақ даласының шикізат өнімдерін, 
Орта Азия өнеркісібі бұйымдарының бір бөлігі орыс өндірісінің өнімдеріне 
айырбастау айырбас сауданың басты объектісіне айналды. Айырбас сауданың 
дәстүрлі орталықтары болған Орынбор, Троицк, Петропавл, Верный, Семей 
базарларының айналымы 1850 жылдары бірнеше миллион сомды құрады. ХІХ 
ғасырдың 50-60-жылдары айырбас сауданың Ақмола, Павлодар, Қарқаралы, 
Баянауыл, Қазалы, Жаркент тәрізді жаңа орталықтары пайда болды. Сауда 
аталған қалалардың өзінде емес қала маңында, яғни олардан 1-2 шақырым 
жерлерде жүргізілді. Көшпелілір малдарын өздерінің сұраныстары талап еткен 
мәуіті, барқыт, сиса, жүн бұйымдары, темір, мыс ыдыстары, қант, шай, ұн және 
т.б. тауарларға айырбастады. Айырбас сауда жылдың барлық мезгілдерінде 
ұйымдастырыла берді. Тіпті қысты күндерінде сауда-саттықты жалғастыру 
үшін даладан арнайы келетіндер болған. Мәселен, қарашаның ортасында Ертіс 
өзенінде мұз қатқан кезде қазақтар даладан түйемен келіп, ұнды өзінің 
өнімдеріне айырбастап алатын. Сауда мәмілелерінің қалған бөлігі қалалық 
Николаев жәрмеңкесінде жалғастырылатын болған. Бұл жәрмеңкенің тауар-
ақша айналымы ХІХ ғасырдың 60-жылдарында 250 мың сомға жеткен. Көріп 
отырғанымыздай, 
Орталық 
Қазақстанның 
алғашқы 
экономикалық 
орталықтарында жәрмеңкелерде сауда көлемі үлкен болмады, дегенмен, 
олардың арасында бәсекелестік орын алды. Аталмыш кезеңде ішкі сауда 
айтарлықтай дамыды. Мысалы, Қазалы қаласы осы кезде «Орыс Түркістаны» 
деп аталып, үлкен сауда экономикалық орталыққа айналды. Қазалы арқылы 
Ресейге 3561300 сомның тауарлары әкетілді. Жаркент қаласындағы сауда кең 
қанат жайып, орасан зор табыстарға кенелді. Қала базарында қазақтар 4165 бас 
жылқы, 34264 бас қой мен ешкі сатып, жалпы көлемі 186152 сомға жететін 
пайда түсірді. Ішкі сауда Торғай, Ырғыз қалаларында да қарқынды дамыды. 
Қазақтар қала рынокторында астық, мал сатумен айналысып, оның көлемі 
жыл сайын үнемі өсіп отырды. Мәселен, бір ғана Сырдария облысы бойынша 


34 
1886 жылы 206, 8, 1893 жылы – 615, 6, 1895 жылы – 1645, 0 бас мал сатылған.
Байырғы халықтың ауқатты бай өкілдері төрт түлік малды көптеп өргізіп, 
оның бір бөлігін жыл сайын ішкі саудаға түсіруді дәстүрге айналдыра бастады. 
Сатқан немесе айырбастаған, малдан мол қаражат түсірген байлардың 
әлеуметтік-тұрмыс жағдайлары жақсарып, кейбіреулері ірі кәсіпкерлерге 
айналды. Кәсіпкерлердің арасынан байлығымен далаға танымал болғандары да 
кездесті. Кәсіпкерлік ауқатты шаруаларды ірі мал иесі әрі мол қаражат көздері 
бар іскер адамдар болуға қызықтырды. Мұның өзі қазақ қоғамы үшін 
өркениетті құбылыстардың бірінен саналды. Алайда малды көптеп өсіруге 
жайылымдардың, көші-қон бағыттарының тарылуы, табиғат жағдайлары, 
қайталанып тұратын жұт тәрізді табиғи апаттар кері әсерін тигізді. Дегенмен, 
тауар-ақша 
қатынастарының 
томаға-тұйық 
мал 
шаруашылығынан 
артықшылығы уақыт өткен сайын байқалды. Сондықтан да халық және оның 
іскер топтары бұрынғыдай бірқалыпты көшпелі өмір салтына қарағанда 
нарықтық қатынастарға тартылудың тиімді екендігіне көз жеткізді.

Ішкі сауда көбінесе ақшалай түрде жүріп, біріншіден, саудагерлерден 
алынған қаражат қазынаны едәуір байытса, екіншіден, сауда-саттық шалғай 
далалық аудандарды қамти түсті. Ішкі сауданың дамуына жолдардың 
жайсыздығы кедергі келтірді. Соған қарамастан саудагерлер тауарларын 
бұрынғысынша арбамен және түйемен тасыды. 
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда ішкі саудамен қатар көрші 
және басқа да шетелдермен сыртқы сауда өзінің шарықтау шегіне жетті. 
Сыртқы сауданың кеңейтілуі отарлы өлкеге мол мүмкіндіктер әкелді. Алдымен 
ол қазақ даласының транзиттік рөлін күшейтсе, одан кейінгі кезекте 
саудагерлердің ынтасын арттырды. Қазақстан Қытай, Ресей, Моңғолиямен 
сауда-саттық арқылы елдер арасында достық, іскерлік байланыстарын орнатты. 
Көрші мемлекеттермен сауда қатынастары отар аймақтың экономикасына игі 
ықпал етті. Әсіресе Қытаймен арадағы сауда-саттық дәстүрлі керуен жолдарын 
жандандырып қана қоймай, тауар айналымын кеңейтті. 1895 жылы қытай 
тауарлары едәуір көп мөлшерде әкелінді. Мәселен, 560206 сомды құрайтын 
қытай тауарлары әкелінсе, 607554 сомның тауарлары Қытайға апарылған. 
Жаркент кеден учаскесі бастығының мәліметтері 1893 жылдың 15 мамыры мен 
15 маусымы аралығында Қарқара жәрмеңкесі арқылы Батыс Қытайға 171 
саудагер барып, 435433 сомның тауарларын сатқандығын дәйектейді. 
Қазақстанға көбінесе Қытайдан шай тасылды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан экономикасының дамуына 
елеулі ықпал еткен және оның айқындаушы факторларының бірі жәрмеңкелер 
болды. Жәрмеңкелік сауда тұрақты түрде жүрді әрі үнемі өркендеуші сипат 
алды. Оның бірізді дамуына мынадай жағдайлар кері әсерін тигізді. Бірінші, 
жәрмеңкелерді сауда жасаушылармен байланыстыратын қатынас жолдарының 
нашар күйде болуына және жеткілікті дамымауына қарамастан үнемі болып 
тұрды. Екіншіден, жәрмеңке саудасының талаптары жергілікті тұрғындарға 
таныс еді. Үшіншіден, дәстүрлі шаруашылықпен айналысатын халық үшін 
жәрмеңкелер тиімді сауданың түріне айналды. Төртіншіден, көшпелі 


35 
тұрғындардың күнделікті тұрмысқа қажетті тауарларды сатып алуда 
жәрмеңкелер өте тиімді болды. Көрсетілген кезеңде Қоянды, Ойыл, 
Тайыншакөл, Қарқара, Жаркент, Шар және т.б. ірі жәрмеңкелердің дақпырты 
бүкіл далаға жайылды. Жазғы және күзгі жәрмеңкелер Ақмола, Семей, Жетісу 
облыстарында кеңінен тарады. Ірі жәрмеңкелер маусымнан шілдеге, кейде 
қыркүйектен қазанға дейін жұмыс істеді. Мәселен, Қоянды жәрмеңкесі 1848 
жылы құрылды. Ол Қарқаралыдан 52 шақырым жерге орналасып, екі 
шақырымға дейін алапты алып жатты. Жәрмеңкеде мемлекеттік банктің 
бөлімшесі, пошта, телеграф қызмет етті. Ал Қарқара жәрмеңкесі 1893 жылы 
құрылып, Жетісу олбысындағы Қарқара өзенінің бойында жұмыс істеді. 
Жәрмеңкелерде мал, мал өнімдері, өңделген мал өнімдері, ағаш ыдыстар, ұн, 
шай, қант, балауыз, сабан, фарфор, темір бұйымдары, орта азиялық шапандар, 
кілемдер, жібек және мақта-маталар, ер-тұрман әбзелдері, кептірілген жемістер, 
т. б. тауарлар сатылды. Дегенмен, тауардың негізгі түрі болып мал саналды. 
1871 жылы сату үшін 5 мың жылқы, 30 мың ірі қара, 78 мың қой Тайыншакөл 
жәрмеңкесіне айдап әкелінген. 1891 жылы мал сатудан Шар жәрмеңкесінде – 
151940, Семей уезіне қарасты Екатерина жәрмеңкесінде – 91090, Нарын-
Сергиополь жәрмеңкесінде 28000 сом пайда түсірілген.
Айта кетерлік жайт, жәрмеңкелердің жұмыс істеу уақыты дәстүрлі 
шаруашылыққа, дәлірек айтсақ, малдың күй-қоңына байланысты жүрді. Мал 
қыстаудан кейін тез оңалып, қоңданып үлгерсе, соғұрлым жәрмеңкелер өз 
жұмысын ертерек бастап кететін болған. Жәрмеңкелердің өздерінің орналасқан 
жерлерін, қызмет жағдайларын өзгертуге тиым салынды, осы орайда олар 
нақты анықтама беріп отыруға тиіс болды. Өйткені олар көшпелі тұрғындар 
үшін жұмыс істейді деп саналды. Сондықтан да жергілікті патша әкімшілігі 
жәрмеңкелердің қызметін қатаң бақылап отырды. Қазақ даласындағы 
жәрмеңкелердің өлкенің әлеуметтік-экономикалық және мәдени өміріндегі 
орны мен рөлі ауыз толтырып айтарлықтай болды. Олар сауда-саттық орны ғана 
емес халықтар арасындағы тығыз қарым-қатынастың, мәдениет пен өнердің 
орталығы іспеттес сипат алды. Десек те, жәрмеңкелер көшпелі тұрғындардың 
фабрика-зауыт өнеркәсібі өнімдері мен бұйымдарына қажетін өтеді. Күрес, 
бәйге, гимнастикалық жаттығулар, ақындар айтысы тәрізді өнерді халыққа 
насихаттаушы орын ретінде көпшілікке танылды. Жәрмеңкелерде даланың 
дүлдүл ақындары мен бұлбұл әншілері, күйшілері, саудагерлері, он саусағынан 
өнер тамған зергерлер бас қосып, оларды ән мен жырға бөледі. Ақан сері, 
Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Майра Уәлиқызы, Әмре Қашаубайұлы, өнерлерімен 
тыңдаушыларын тәнті етті.
Сөйтіп, ХІХ ғасырдың екінші жартысында жәрмеңкелер Қазақстанды 
рыноктық қатынастар жүйесіне барған сайын тарта түсті. Сонымен қатар бүкіл 
сауда құрылымын елеулі түрде өзгертіп, оның жетілдірілуіне ықпал етті. Соның 
нәтижесінде даланың экономикалық өмірінің бұрынғысынан гөрі жандануына 
елеулі ықпал етіп, айтарлықтай рөл атқарды. 
Сауданың қазақ қоғамы үшін тиімді екендігін сол заманның алдыңғы 
қатарлы, озық ойлы адамдары көре білді. Солардың бірі ұлы Абай еді. Абай 


36 
Қазақстан экономикасының гүлденуі үшін сауданы одан әрі дамыту қажет деп 
санады. Ол көптеген елдерді аралап, сауда жасаған өзбек саудагерлері туралы 
үлкен құрметпен айтты. Олардан қазақтар да, негізінен, малға айырбастап, 
көптеген тауарлар сатып алатын. Абай сауданы халықтар арасындағы қарым-
қатынас құралы, қоғамның өндіргіш күштері дамуының ынтагері деп 
қарастырды, сондықтан да оны дамытудың белсенді насихатшысы болды. 
Өлкеде өнеркәсіп пен сауданың дамуы қазақ қоғамында сол заманға лайық 
жаңашылдық туғызды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет