Пікір жазғандар: тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х. М. Әбжанов



Pdf көрінісі
бет9/12
Дата29.09.2023
өлшемі0,54 Mb.
#111787
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
 
Өлкеге капиталистік қатынастардың енуі, ел шаруашылығында қалалар 
рөлінің күшеюі, сауданың дамуы, жәрмеңкелердің қанат жаюы, акционерлік 
қоғамдардың құрылуы сатып алу мен сатудың құралы ақшаның мәртебесін 
көтерді. Тауар-ақша қатынастарының нығаюына орай ақшаның рөлі арта түсті. 
Соның салдарынан Қазақстанда банк мекемелері құрылды. Солардың 
алғашқысы 1871 жылы Қызылжардағы қоғамдық банк болды. Оның негізгі 
капиталы 40000 сомды құрады. 1875 жылы Ташкентте мемлекеттік банк 
бөлімшесі құрылды. Кейінірек мұндай бөлімшелер Оралда, Семейде, Верныйда 
ашылып, даладағы сауда мен өнеркәсіп орындарының дамуына елеулі ықпал 
етті. Патшалық империяның ірі банк мекемелері бөлімшелерінің ашылуына 
қазақ елі мен Ресей экономикалық орталықтарымен байланыстырған жаңа темір 
жол желілерінің іске қосылуы себебін тигізді. Бөлімшелерін көбірек таратқан 
банктің бірі – Сібір сауда банкі болды. Осы банктің 56 бөлімшесінің 6-сы қазақ 
даласындағы қалалар – Омбыда, Семейде, Ақмолада, Верныйда, Қостанайда, 
Павлодарда жұмыс істеді. Банк бөлімшелерінің құрылуы далада бұрын-соңды 
орын алмаған несиенің таралуына жол ашты. Несиенің мәні мынадан көрінді
банк бөлімшелері далалық облыстардың байырғы халқына шаруашылық және 
отбасылық көкейкесті қажеттерін қанағаттандыру мақсатында қаражат бөліп 
отырды. Дегенмен, банк ісінің жай-күйі, капиталының толысуы бірден ұтымды 
нәтижелерге жеткізе қоймады. Тұрғындар арасында ақша жүйесінің таралуына 
айырбас сауда кедергі келтірді. Сондықтан да ақша қатынастарының айырбас 
сауданы ығыстырып шығаруына тура келді. Оның үстіне кең далада ақша 
белгілерінің мәнін барлық аймақтарда бірдей ұғыну орын ала алмады. Егер 
капиталистік сауда әдістері кеңірек таралған өлкенің солтүстік және шығыс 
аудандарында ақшаның құнын ұғыну жылдам өріс алса, империяның отарлау 
жүйесіне кейінірек бағындырылған оңтүстік аймақта бұл үрдіс баяу жүрді. 
Оның үстіне профессор Е. Смирнов атап көрсеткендей, нақты ақшаның 
енгізілуі және жаңа жүйе бойынша есеп айырысу аймақты патшалық Ресей 
жаулап алғаннан кейін ғана ене бастаған және Оңтүстік Қазақстанда жергілікті 
ақша «теңге» Қоқанның металл теңгелерімен бірге еркін айналыста жүрген 
[66]. 
Қазақ ауылында ақша қорын жасаудың негізгі көзі мал болды. Мал неғұрлым 
көп сатылса, соғұрлым ақша қоры молайды. Бай шаруалар жәрмеңкелерде 
малды топтап өткізіп, өздерінің әл-ауқатын жақсартып отырды. Алайда малдың 
бағасы жылма-жыл ауытқып отырған. Мысалы, 1860 жылы Сырдария 
облысында қой 2 сом 25 тиын, ал 1887 жылы 3 сомнан 4 сомға, 1889 жылы 40 
сомнан 50 сомға дейін өсіп, сиыр – 18-25 сом, қой – 5-6 сом 50 тиын, 3 жасқа 
жетпегені – 3-5 сом, жылқы – 20-40 сом, 1892 жылы өгіз – 15-20 сом, сиыр –7-
12, қой – 1 сом 50 тиыннан 2 сом 50 тиынға, жылқы – 5-13 сомға сатылған. Ал 
ауыл арасында бір жасар «ісек» қой ақшаның нақты құны ретінде қолданылған. 
Көп мөлшерде мал сатудың арқасында көшпелі бай шаруашылықтар мол 
қаражатқа батып отырған. Ақша қаражатының болуы бай, ауқатты шаруаларды 


40 
қала банктерімен іскерлік қатынастар орнатуға, өсімқорлармен қызу несие - 
ақша байланыстарын жасауға, жергілікті банктерде есеп-шоттар ашуға қолайлы 
мүмкіндік берді. Осындай әрекеттер арқылы бірте-бірте нарықтық қатынастарға 
тартылып, делдал алыпсатарларды жалдап, қалаларда жылжымайтын мүлік 
сатып алуға қол жеткізілді. Сонымен қатар олар банктерде салымшылар ретінде 
өз салымдарын көбейтіп, қаражаттарын еселеп отырды. 1899 жылы 1 
қаңтарындағы мәліметтер Жетісу облысында 20 кассаның жұмыс істеп, 
салымшылар саны 2912, салымдар сомасы 561,5 мың сом; Сырдария 
облысында сәйкесінше – 15, 5447, 895,1; Ақмола облысында – 13, 6576, 1361,5; 
Торғай облысында – 7, 422, 56, 2 болғандығын дәйектейді. 
Егер ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда қазақ байлары мыңғырған мал өргізіп, дала 
төсінде 8-10 мыңнан астам жылқы жайып, байлығымен бүкіл қоғамға мәлім 
болса, ХІХ ғасырда малдың бір бөлігін ақшаға айналдырып, керек-жарағына 
пайдаланып отырған. Көріп отырғанымыздай, малды тауар ретінде өсіріп, 
жәрмеңкелерде сатудың тиімді екендігіне қазақ байлары, әсіресе, нарықтық 
қатынастар кезеңінде көз жеткізген. Осы турасында «Туркестанские ведомости» 
басылымы былай деп жазған: «Бұрынғы кезде бізде, жергілікті халықта 4-5 мың 
сомы бар адам ең бай адам деп саналған, қазіргі уақытта мұндай байларды 
қалаларда ғана емес қыстақтарда да кездестіруге болады, ал қалаларда 300 мың 
сом нақты капиталы бар байлар кездеседі». 
Тауар-ақша қатынастары, сауда-саттық қазақ ауылында түрлі келеңсіз 
оқиғалармен қатар жүрді. Сауданың мән-жайын жетік білмеген халықты 
алаяқтар алдап, тонап кетіп отырған. Сауда жасау барысында кең пейілді, 
жомарт елге қарызға ақша беріп, оны кейін үлкен үстемемен қайтарып, 
белшелерінен пайдаға бататын, ал меймандос қазақтарды алдап соғып, 
отырғызып кететін. 
Сонымен урбандалу үрдісі, күнделікті шаруашылық өмірде рыноктық 
факторлардың рулық-патриархаттық дәстүрлерді ығыстырып шығаруы, банк- 
ақша қатынастары ықпалының таралуы қоғамның әлеуметтік-экономикалық 
құрылымына елеулі түзетулер енгізді. Мүліктік жіктеліс одан әрі тереңдей 
түсіп, бұқара халық арасынан қалалық рынокпен, жәрмеңкелермен, банктермен 
тұрақты байланысы бар әлеуметтік топтар бөлініп шықты. 
Өркениетті, болашағы зор тауар-ақша, нарықтық қатынастардың таралуы 
айырбас сауданы ығыстырып шығарумен қатар кейбір өрескел заң 
бұзушылықтың, тұрғындарды аяусыз тонаудың орын алуына жол берді. 
Сонымен қатар тауар-ақша жүйесі даланың байырғы тұрғындарының дәстүрлі 
өмір салтын өзгертті. Ол малы аз шаруаларды күйзелтіп, тақыр кедей етті. 
Соның нәтижесінде олар күн көріс көздерін іздеп қалаларға, станицаларға, орыс 
деревняларына, кәсіпшіліктерге кетуге мәжбүр болды. Мұның өзі ауылдан тыс 
жерлерде жаңа әлеуметтік топтардың пайда болуы үрдісін тездетті. Бұл қазақ 
ауылының әлеуметтік құрылымының өзгеріп, күрделі бола түсуіне алып келді. 
Озбыр отарлау саясатының нығаюы, қазақ жерлерінің патшалық 
империяның меншігі ретінде жариялануы жайылымдардың тарылып, дәстүрлі 
шаруашылықтың көші-қон бағыттарының қысқаруын, оның тығырыққа 


41 
тірелуін жеделдетті. 
Осындай жайттардың барлығы қазақ халқын еріксіз отарлық билікке 
қарсы күреске шығуға итермеледі. Даланың жер қойнауындағы табиғи 
байлықтың талан-таражға түсіп, бей-берекет тоналуы, шұрайлы жерлердің 
тартып алынуы, әлеуметтік жіктелістің тереңдеуі, сауда-саттық барысында 
тұрғындардың алдануы, патшалық билеушілердің озбырлығы халықтың ашу-
ызасын тудырды. Өз еліне, жеріне, суы мен нуына, табиғи байлығына ие болу, 
оны игеру, басқару тәрізді асқақ арман тәуелсіздік жолындағы жанкешті 
күрестің алаулаған отын жандыруға дәнекер болды. Мұның өзі ХІХ ғасыр 
соңындағы ең шоқтығы биік ұлттық идея еді. Тәуелсіз ел болу, өз бетінше еркін 
өмір сүру, мемлекетін жаңғырту халық көкейіндегі қол жеткізілуге тиіс мақсат-
міндеттің бірегейі болатын. Алайда бұл ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың 
басында орындалуға тиіс мұрат болып қала берді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет