Пікір жазғандар: тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Х. М. Әбжанов



Pdf көрінісі
бет5/12
Дата29.09.2023
өлшемі0,54 Mb.
#111787
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
treatise18790

 
 
Тақырыптың мазмұнын бекіту үшін қойылатын сұрақтар: 
 
1. Ресей империясы бодандығын қабылдау тарихы тарихнамасының 
кезеңдері және олардың сипаттамасы. 
2. Қазақтардың бодандықты қабылдауы туралы еуроцентристік және 
шовинистік көзқарастар және олардың мәні.
3. ХХ ғасырдың бас кезіндегі ұлт зиялыларының ой-пікірлері. 
4. Кеңестік кезеңдегі «Ресейге өз еркімен қосылу» және оның салдары 
туралы зерттеулер. 
5. Тәуелсіз Қазақстан кезеңінде мәселенің жаңа ұстанымдар негізінде 
зерттелуі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 


19 
3.
Ресей бодандығы кезеңіндегі Қазақстан тарихы деректері
Қазақстанның Ресей бодандығын қабылдау тарихын деректерсіз 
көрсету мүмкін емес. Мәселенің деректік негізіне, ең алдымен, XVІІІ ғасырдан 
бастап Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдегі құжаттар, материалдар, сондай-ақ 
ғылыми және тарихи зерттеулер жатады. Дәлірек айтатын болсақ, олар: патша 
өкіметінің және оның жергілікті басқару ұйымдарының есептері, баяндаулары, 
баспада жарық көрген «Ресей империясы заңдарының толық жинағы», «Ресей 
империясы заңдарының жинағы», «Далалық облыстардағы қырғыздар туралы 
заңдар топтамасы», тағы сол сияқты құжаттар, мұрағат материалдары, 
революцияға дейінгі кезеңде жарияланған зерттеушілердің еңбектері және тағы 
басқалар. Оларды заттай, жазбаша, ауызша тарих айту деп үш үлкен топқа 
бөлуге болады. Жазба деректердің өздері бірнеше топқа жіктеледі. Олардың 
бірқатары «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында «История 
Казахстана в русских источниках. ХVІ-ХХ веков» деген атаумен 9 том болып 
жарияланды. Бұлардан өзге ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы тарихи оқиғалар мен 
үдерістерге қатысты деректер кеңестік кезеңде «Материалы по истории 
Казахского ханства» атты жинақтаушы атпен жарық көрді. Құжаттар мен 
материалдардың айтарлықтай бөлігі Қазақстан және Ресейдің архивтерінде 
сақталған, олардың біразы ғылыми айналымға түсірілген. Деректердің 
бірқатары Ресей империясының ХІХ-ХХ ғасырлардың бас кезіндегі мерзімді 
басылым беттеріннен орын алған. Бірқатар статистикалық материалдар өз 
кезегінде жарияланып отырылған. Сондықтан да оларды жүйелеп көрсету 
қажет. Деректердің алғашқы тобына патшалық Ресейдің қазақ даласын 
отарлауға қатысты заңдары мен заң актілері жатқызылады. ХІХ – ХХ 
ғасырлардың басындағы заңдардың негізгілері: Ресей империясының Заңдар 
жинағы (Свод законов Российской империи) мен Үкіметтің заңдар және 
жарлықтар жинағы (Собрание узаконений и распоряжений правительства) 
түрінде жарық көрді. Ресей империясының Заңдар жинағына 1917 жылға 
дейінгі барлық заңдар енгізілген. Жинақтарда Ресей империясының өлкені 
басқаруға қатысты 1822 жылғы «Сібір қазақтары туралы жарғы», 1844 жылғы 
«Орынбор қазақтарын басқару туралы ереже», 1867-1868 жылдардағы Уақытша 
ережелер», 1886, 1891 жылы 25 наурызда қабылдаған «Ақмола, Семей, Жетісу, 
Орал және Торғай облыстарын басқару туралы» ережені атап көрсетуге болады. 
 
Деректердің осы тобы Ресей империясының Қазына жерлеріне қоныс 
аудару ережелері Қоныс аудару басқармасының қызметіне қатысты ережелерін, 
Қоныс аудару ісіне қатысты заңдар мен өкімдері, қазақ даласының әрбір 
облысында құрылған қоныс аудару басқармаларының құжаттары қамтиды. Осы 
тұста айта кетерлік жайт, қазақ жерлерін отарлауға қатысты заңдар мен заң 
актілерінің бірқатары жарияланғанымен көпшілігі Ресей Федерациясы, 
Өзбекстан мұрағат қорларында сақталған. Ал қоныс аудару басқармаларының 
тарихынан хабар беретін құжаттардың басым көпшілігі мұрағаттарда 
жинақталған. Отандық тарих ғылмында оларды зерттеп, ғылыми айналымға 
түсіру мәселесі әлі де өзекті болып табылады. 
Деректердің екінші тобына қазақ даласында түрлі сипаттағы қызмет 


20 
атқарған лауазымды адамдардың, шенеуніктердің, зерттеушілердің және т.б. 
жазбалары, хабарламалары, еңбектері жатады. Бұл еңбектер ХVІІІ ғасыр – ХХ 
ғасырдың бас кезіндегі қазақ даласында болған саяси, әлеуметтік-шаруашылық 
сипаттағы өзгерістер туралы құнды мәліметтер береді. Осы орайда «История 
Казахстана в русских источниках. ХVІ-ХХ веков» деген атаумен 9 том болып 
жарияланған бұрын-соңды мәлім болмаған деректердің отарлаудың салдарын 
айқындаудағы маңызы зор. Ресей бодандығындағы Қазақ елі туралы мол 
мәлімет беретін орыс деректерінің алғашқы томының атауы – «Посольские 
материалы русского государства (ХV-ХVІІ вв.)», яғни «Орыс мемлекетінің 
елшілік материалдары (ХV-ХVІІ ғасырлар)». Екінші том «Русские летописи и 
официальные материалы ХVІ – первой трети ХVІІІ вв. О народах Казахстана». 
Орыс деректерінің дәстүрлі нарративтік жанрына тән сипаттағы ХVІІІ 
ғасырдың алғашқы ширегіндеі орыс-қазақ қатынастарына байланысты бұрын 
жарық көрмеген Сібір жылнамалары аталмыш жинақтан жүйелі түрде орын 
алған. Бұл жылнамаларда шіркеулік-христиандық және орыстық идеологияның 
лебізі айқын сезілгенімен, деректерден ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы Қазақ 
хандығының көршілес елдермен байланыстары туралы қайталанбас мәліметтер 
алуға болады. 
Деректер топтамасының ІІІ томы «Журналы и служебные записки 
дипломата А.И. Тевкелева по истории и этнографии Казахстана (1731-1759 гг.)», 
яғни «Елші А.И. Тевкелевтің Қазақстан тарихы және этнографиясы бойынша 
журналдары мен жазбалары» деп айдарланған. Бұл жинақтың маңызы өте зор, 
себебі мұнда қазақ жүздерінің Ресей бодандығын қабылдауына, қазақ-орыс, 
қазақ-жоңғар қатынастарына, отаршылдық қамытын кие бастаған халықтың 
тарихы мен тұрмыс-тіршілігіне тікелей қатысты А.И. Тевкелевтің жазбалары 
тұңғыш рет дереккөздері ретінде жинақталып, бір жүйеге түсіріліп, 
хронологиялық тұрғыда берілген. 
Орыс деректерінің бірқатары «Первые историко-этнографические 
описания казахских земель. ХVІІІ век» деген атаумен жинақ ретінде берілген. 
Олар ІV, V, VІ томдарда көрініс тапқан. Бұл деректер мен зерттеулер патшалық 
Ресейдің арнайы тапсырмасымен дүниеге келген еңбектер болып саналады. 
Орыс деректерінің VІІ томы да Ресей бодандығындағы қазақ халқының тарихы 
мен мәдениетін, шаруашылығын мен тұрмыс-салтын зерттеген еңбектерін 
қамтыған.
Орыс деректерінің VІІІ томы екі бөлімнен құрастырылып, «О 
почетнейших и влиятельнейших ордынцах» деп аталады. 1827 жылдың 12 
қарашасынан 1917 жылдың 9 тамызы аралығындағы қазақ даласының құрметті 
және ықпалды тұлғаларының Сібір және Орынбор ведостволары бойынша 
мұрағат қорларынан алынған тізімдері және оларға берілген мінездемелер 
археографиялық өңдеуден өткізіліп, жинақ ретінде жарияланған. Бұл құжаттар 
тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметін дәйектей түсетін жәдігерлер ғана емес, 
сонымен қатар олардың күні бүгінге дейін кейбір тұстары пікірталас тудырып 
немесе әлі де болса ашылмай отырған бейнесін көрсетуде, нақтылай түсуде 
маңызы зор. Жинақтағы құжаттар Құнанбай Өскенбайұлы, Ғұбайдолла 


21 
Уәлиханұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Мұхаммедғали Тәукеұлы, Наурызбай 
Қазыбайұлы тәрізді сұлтандар мен сазгер, ақындардың сырт пішіндері туралы 
да мол мәліметтер келтіріліген. 1842 жылы Сібір қазақтарының Шекаралық 
басқармасы 
округтік 
приказдарға 
текті 
сұлтандардың, 
билердің, 
старшындардың және құрметті қазақтардың тізімін жасау жайында бұйрық 
берген. Бұған қоса мұндай тізімнің әр жылдың басында беріліп тұруын талап 
еткен. Атаулы тізім алдымен сегіз, одан соң тоғыз белгі бойынша толтырылуға, 
дәлірек айтатын болсақ, есімі, әкесінің аты, тегі, руы, таңбасы немесе мөрі, 
қоныстары, отбасы, жағдайы, табиғи ақыл-ойы, қабілеті және білімі, мінезі 
және ерекше қасиеттері, ордадағыларға ықпалы, патша үкіметіне берілу 
дәрежесі, сіңірген еңбегі, марапаттары, сотқа тартылуы немесе істі болуы, 
әдепсіз, жағымсыз әрекеттері көрсетілуге тиіс болған. Дегенмен де, қазақ 
халқының салт-дәстүрі мен тұрмыс-тіршілігінен, наным-сенімінен алыс, 
әртүрлі халықтардың өкілдері – құжатты құрастырушылар: округтік 
приказдардың заседателдері, Орынбор шекаралақ комиссиясының шенеуніктері, 
орынборлық шептік бақылаушылар, билеуші сұлтандар жанындағы хат 
жүргізушілер, тілмаштар, т.б. көрсетілген шеңберден шығып, жазбаларын 
өздерінің білім, мәдениет және өмірлік тәжірибелерінеің деңгейлеріне сәйкес 
кейде субъективті, енді бірде объективті түрде толтырып отырды. Мәселен, 
Құнанбай Өскенбайұлы бірде ақылды, көреген, дарынды, империя заңдарын 
жатқа білетін тұлға ретінде көрсетілсе, бірде қатыгез, тәкаппар, әділетсіз адам 
түрінде сипатталған. Сол сияқты Мұса Шормановқа тізімдердің бірінде 
тәкаппар, айлакер, кекшіл, мансапқор адам, тағы басқа біреуінде білімді, 
ақылды, шыншыл, әділетті адам ретінде мінездеме берілген. Мұның өзі 
мынадай пайымдауларға итермелейді: біріншіден, құжат құрастырушылар 
патша үкіметінің мүддесінде, бұратаналарды өздерінен жоғары етіп көрсетпеу 
мақсатында қасақана қазақтан шыққан тұлғалардың кемшіліктерін баса 
көрсетуге баса назар аударған. Екіншіден, сұлтандар мен билердің халық 
алдындағы беделін оларды бір-біріне қарсы қою арқылы төмендету пиғылы 
болды. Үшіншіден, тізімдерді жасау жыл сайын қайталана бергендіктен олар 
кейбір уақыттарда жаңартылмады. Десек те, өз кезегінде дайындалған 
тізімдердің дерек ретінде тарих жазуда үшін маңызы зор. 
Құжаттар жинағынан формулярлық және қызмет тізімдері айтарлық орын 
алған. Формулярлық тізім аса маңызды құжат түрі ретінде Ресей империясында 
І Петр патшаның тұсында пайда болды. Тізім қызметкерлерді марапаттау және 
қызметін жоғарлатқан немесе демалысқа жіберген жағдайда арнайы 
дайындалған. Ал қазақ даласында мұндай тізімдерді құрастыру хандық билік 
жойылғаннан кейінгі уақыттарда, яғни ХІХ ғасырдың бірінші жартысында 
тәжірибеге ендіріле бастаған. Сібір ведомтвосында тізімге мұндай тізімге 
Шекара басқармасының кеңесшілері, аға сұлтандар, округтік приказдардың 
заседателдері, болыстық басқарушылар жатқызылды. Ал Орынбор өлкесінде 
тізімге қазақ әкімдерінің төменгі буыны, яғни жергілікті биліктегі қызметкерлер 
енгізілді.1867-1868 жылдардағы Уақытша ережелерден соң формулярлық және 
қызмет тізімдеріне отарлық әкімшіліктерде, өзге де уездік буыннан жоғары 


22 
мекемелерде қызмет еткен дала элитасы енгізілетін болған. Тізімдер жыл сайын 
алфавиттік ретте дайындалғандықтан олар белгілі бір тұлға бойынша толық 
ақпарат бере алмайды. Сондықтан да VІІІ томды құрастырушылар басылымға 
құжаттар ақпараттарының толығырақ нұсқаларын алған. 
Төңкеріске дейінгі Қазақстан аумағын басқарудың ерекшеліктері 
ескеріліп, жинақ екі томға және үш бөлімге бөлініп жарияланған. «Сібір 
ведомствосы» білімінің құжаттары бірінші томға, «Орынбор» ведомствосы» 
және «Дала облыстары» құжаттары екінші томға жинақталған. Бөлімдер 
ішіндегі құжаттар мерзімдемелік сабақтастықта орналастырылған. Қазақстан 
Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты қорларынан барлығы 385 құжат 
жинақа енгізіліп, жарық көрді. 
Орыс деректерінің ІХ томына «Народные предания об исторических 
событиях и выдающихся людях казахской степи (ХІХ-ХХ вв.)» деген атау 
берілген. Аталмыш томға қазақ халқының ауызша тарих айту материалдары 
енгізілген. Мазмұны бойынша олар әртүрлі, жариялануы жағынан басым 
көпшілігі ХІХ ғасырдың басы және ХХ ғасырдың бірінші ширегі аралығын 
қамтиды. Шежірелік, топонимикалық және жеке тұлғалық, т.с.с. тарихи аңыздар 
мен әңгімелер жүйелі әрі ғылыми, мерзімдемелік тұрғыда тарихи деректер 
түрінде берілген. Бұл деректерде Ресей бодандығындағы қазақ халқының 
әлеуметтік-экономикалық және саяси-мәдени өмірінен ақпарат беретін 
мәліметтер сақталған. Материалдардың арасында сирек кездесетін мәліметтер, 
кез келген зерттеушінің қолына түсе бермейтіндері де бар. 
Жүйелеп 
айтатын 
болсақ, 
біріншіден, 
бұл 
деректер 
Ресей 
бодандығындағы қазақ тарихын зерттеуде аса маңызды болып табылады, 
өйткені құжаттар және зерттеулер отар аймақтың шаруашылық өмірі, 
әлеуметтік құрылымы, мәдени дамуы, салт-дәстүрі, наным-сенімі туралы мол 
әрі қайталанбас мәліметтер береді. Екіншіден, қазақ жүздерінің Ресей 
бодандығын қабылдау үдерісін шынайы зерттеуге септігін тигізеді. Үшіншіден, 
Қазақ елінің тарихи тұлғалары, қызметі мен адами қасиеттері туралы құжаттар 
олардың тарихи портреттерін сомдауға, қоғамдағы орны мен рөлін айқындауға, 
объективті түрде қарастыруға жол ашады. 
Деректердің келесі тобына ХІХ ғасырдың екінші жартысы және ХХ 
ғасырдың бас кезінде патшалық Ресей мен Қазақстанның мерзімді басылым 
материалдары жатады. Ресей империясының «Европейский вестник», 
«Тургайские областные ведомости», «Вопросы колонизации», «Дала 
уалаятының газеті», «Түркістан уалаятының газеті», «Қазақ», «Айқап», т.б. 
газеттер мен журналдардың беттерінде жарияланған материалдар өздерінің 
қайталанбастығымен ерекшеленеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет