3
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1. Қазақстанның Ресей бодандығын қабылдауы мәселесінің тарихнамасы
2. Қазақ даласының отарлануы туралы деректер
3. Дәстүрлі шаруашылықтағы өзгерістер
4. Отарлаудың
өнеркәсіп пен саудаға, сонымен бірге тың бастамаларға
тигізген әсері
5. Урбанизация үрдістері. Қаржы жүйесінің пайда болуы
6. Жаңа әлеуметтік топтардың қалыптасуы
7. Қазақ даласына орыс шаруаларының қоныстануы және оның
салдарлары
Қорытынды
4
КІРІСПЕ
Тарих ғылымының түсіндіруінше,
отар және отарлау саясаты – саяси
және экономикалық дербестігінен айырылып, шетел
мемлекеттеріне тәуелді
болу және арнаулы тәртіпті басшылыққа ала отырып, жергілікті халықты қанау.
Тарихта қашан да билеуші мемлекеттер бұндай елдер мен аумақтарда отарлау
саясатын жүргізіп келді. Қазақ совет энциклопедиясында отарлауға «Отарлау
саясаты – әскери, саяси және экономикалық кіріптарлыққа ұшырату арқылы
экономикалық жағынан әлсіз елдер мен территориялар халықтарын құлға
айналдыру және қанау саясаты» деген анықтама берілген. Таптық ұстанымға
негізделсе де, бұл анықтама отарлаудың мәнін дұрыс ашқан, өйткені кез келген
отарлаушы елдің өзіне бағынған аймақты тәуелді ететіні даусыз.
Отарлау саясатының барлық сатысында белгілі
бір мемлекет басшылық
рөл атқарды. Осындай рөлді патшалы Ресей де иеленді. Оның отарлау саясаты,
негізінен, Оңтүстік-Шығыс және Шығыс бағытта жүргізілді. Орталық Азия мен
Кавказ отарға айналдырылды. ХVІІІ ғасырдың 30-40-жылдарында орыс
өнеркәсібі жаңа шикізат көздеріне, қолөнері мен мануфактура бұйымдарын
өткізетін шығыс рыногына зәру болды. Орыс үкіметі өзінің шығыс
шекараларын шаруашылық жағынан игерудің және Шығыстағы саяси ықпалын
нығайтудың бірден-бір дұрыс жолы Қазақстан мен Орталық Азия халықтарына
Ресей азаматтығын беру деп есептеді. І Петрдің кезінде империяның шығыстық
саясаты еуропалық рационалистік дүниетанымы мен теорияларға негізделіп
қалыптастырылды. Империялық санаға Византия
мен Рим империясының
«мұрагері» – Ресей басқа халықтардың тағдырына «құдайлық» негізде де,
«табиғи құқықпен» де ықпал етіп, билік етуі тиіс деген ұстаным мықтап
ендірілді. Ортағасырлық ресми доктринаға толық сәйкес алғанда,
мемлекеттің
күш-қуаты және билік етуші монархтың даңқы оған бағынышты аумақтың
мөлшерімен және бодандарының санымен анықталатын, ал соңғыларын алу
ұрыс алаңындағы жеңістің де, дипломатиялық күрестің де күрделі айла-
шарғыларының табиғи нәтижесі болып табылады. Осы түсінікті негізге алған І
Петр, Астрахан жорығында тілмаш міндетін атқарған А.И. Тевкелевке: «...бағзы
заманнан естіліп келген және сол кезде беймәлім
деуге болатын қырғыз-қазақ
ордаларын» «миллионға дейін шығын жұмсалса да... бар жан-тәнін салып,
түптеп келгенде, бір-ақ парақ қағазбен Ресей империясының қарамағында
болуға міндеттейтін болсын», – деп ұсыныс айтады. Осындай тапсырманың
орындалуына Қазақ хандығында қалыптасқан жағдай да тиімді болды.
Қазақ
қоғамының ішкі күрделі даму жағдайларында, жоңғарлар мен Еділ
қалмақтарының,
башқұрттардың,
Жайық
және
Сібір
казактарының
қоршауында, шын мәнінде, экономикалық оқшаулау, ұлы империяның тұрақты
қысым көрсетуі жағдайында бола отырып, қазақ жүздерінің билеушілері Ресей
империясы сияқтылардан одақтас іздеуге мәжбүр болды.
Ақыры Кіші жүз ханы Әбілқайыр өзіне қарасты халқының атынан 1731
жылы Ресей империясы бодандығын қабылдау туралы актіге қол қойды. ХVІІІ
ғсырдың бірінші жартысынан қазақ елін патша өкіметінің өзіне бағындыруы,
5
алдымен, казак отарлауы түрінде басталып,
ХІХ ғасырда әкімшілік-саяси, ал
cол ғасырдың екінші жартысында шаруалар және рухани отарлау арқылы
жалғасын тапты. Оның салдары уақыт өткен сайын айқын көрінді. Алайда
патшалық Ресей отарлаудың салдарын біржақты прогрессивті түрде дәріптеді.
«Жабайы бұратаналарға империя білім, ғылым, мәдениет,
заманауи тұрмыс-
тіршілігін әкелді» деген тәрізді тұжырымдарды орнатты. Кеңестік кезеңде
сталиндік тарих ғылымында Қазақстанның Ресей бодандығын қабылдауының
және отар елге айналуының салдарлары туралы қызу пікірталастар орын алды.
Ғалымдардың көпшілігі Ресейдің Қазақстанға тигізген әсері тек қана жағымсыз
деген пікір ұстанды. Отар елдің жағдайының нашарлап, халқы санының
азайғандығына дейін дәйек келтірді. Осыған орай ғылымда “абсолютті ыза”
тұжырымдамасы қалыптасты. Тоталитарлық жүйенің ұстанымына мұндай пікір
сәйкес келе алмады. Кеңес үкіметінің арнайы құрылған комиссиясы мәселенің
“анағұрлым аз ыза” жағын көрсетуді жөн көріп, қаулы шығарды. Қазақстанды
отарлаудың қазақ халқы үшін тиімсіз тұстарынан
гөрі жағымды жақтарының
басым екендігі туралы тұжырым жасалды. Мәселенің мұндай қойылымы ХХ
ғасырдың екінші жартысында түбірінен өзгеріске ұшырады. Кеңестік тарих
ғылымында «Қазақстан Ресейге өз еркімен қосылды» деген тұжырым біржола
орнығып, отарлаудың салдары прогрессивті етіп көрсетілді. Тәуелсіздік
жылдары отарлау салдарының әрқилылығы анықталды. Қазақ халқы үшін
тиімді және қасірет әкелген тұстары шынайы зерттеле бастады. Бұл үдеріс өз
жалғасын тауып, қазіргі кезеңде жаңа замандағы Отан тарихы жаңа көзқарастар
тұрғысында жазылуда.
Достарыңызбен бөлісу: